Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мейдзи-син революциясы 2 страница




XVII-XVIII ғ Осман империясының қаржы жағдайы дағдарысқа ұшырады. Қазынаға түсетін салықтардың азаюы, шаруалар жағдайының нашарлауы мемлекеттің ақша қорын азайтты. Осман империясының басқа елдерден алған қарыздары өсіп, бар ауыртпалық қалықтың мойнына түсті. Империя халқының феодалдық езгіге, түрік сұлтандарының билігіне қарсы күресі күшейді.

Түрік үкіметі империядағы ауыр дағдарысты жою үшін бірқатар реформалықәрекеттер жасауға тырысқанымен, халықтың жағдайы түзелген жоқ.

Түрік сұлтандары Еуропа жақчтантөнген қауіпті сезіп, тез арада реформалық әрекеттер жасауға кіріседі. Осман империясында алғашқы мануфактура пайда болды, теңіз флоты, әскери кемелер, қару жарақтар жетіле түсті. Түркия Англиямен, Франциямен, Голландиямен сауда келісімдерін жасасты, Стамбулға француз инженерлері, мүсіншілзері, суретшілері шақырылды. 1729 жылы алғашқы мемлекеттік баспахан пайда болды. Түркияда философия, логика, тарих, әдебиет, география, медицина бойынша кітаптар, сондай ақ еуропалық авторлардың жасаған сөздіктері мен аударма шығармалары басылып шығңа бастады. Сұлтан үкіметі мүлдем әлсіреп, еуропалықтарға тәуелділігі күшейе түсті. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы тез арада реформа жүргізу керек болды. Бұл міндетті жаңадан таққа отырған түрік сұлтан III Селим атқарды. Ең бірінші кезекте елдің әскери күш қуатын сақтап қалу үшін әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгіде даярлауға көшірді, флотты қайта құрды.

Жаңа тұрақты әскердің құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Олар өздерінің барлық жеңілдіктерінен айырылып қалудан қауіптенген еді.

Сөйтіп, янычарлар консервативтік топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлік жасайды. Көқтерлліліс еуропалық бөлікте басталып, одзан әрі Стамбулға тарады. Янычарлар көтерілісі салдарынан 1807 жылы III Селим тақтан кетіріліп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жаззаландзы. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсіздікпен аяқталды.

Осман империясында реформа жасау әрекеттерін жалғастыруды Румелиядағы билеуші Мұстафа паша Байрақтар қолға алды. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жана қас, консервативтік пиғылдағы IV Мұстафа орнынан түсіріліп, сұлтан тағыына жас II Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзі ұлы уәзір қызметіне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетіне кіріседі. Бірақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргізуде үшінші Селим жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, Олардың Порта мен ірі әкімдер арасында бейбіт одақ құруға тырысады. Сол үшін белгілі ауқатты бай феодалдарды астанаға шақырып, олардың үкімет адамдарымен бірге реформалық жоспарларды талқылап, «одақтық келісімді» бекітуге үгіттейді. Байрақтардың бұл жоспары іске асырылған жоқ. Янычарлар тағы да бүлік ұйымдастырып, Байрақтарды өлтіреді, оның барлық реформалық әрекеттері жойылады.

Бұл реформалардың жеңіліске ұшырау себептиері оның тек іскерді ғана еуропалық үлгіде қайта құқрумен шектеліп, Осман империясының феодалдық негізін сақтап қалуынан еді. Реформалардың, негізінен, прогрессиві маңызы болды. Бұл шаралар түбінде әскери жүйенің ыдырауына әкелуі тиіс болатын. Бірақ Селим және оның жақтастары Осман империясының қөол астына бағынған халықтарды бұрынғыша езгіде ұстағысы келді. Бағындырылған халықтардың саяси, экономикалық, мәдени, діни жағдайларыменсанаспады. Бұл қлт азаттық көтерілістердің күшейіп, империядан бөлінудің етек алуына мәкелді. Сонымен қатар анадолыдағы жергілікті түріктердің жағдайы да қиындай түсті. Түрік сұлтаны халық бұқарасының әл ауқатын жақсартуға дәрменсіз болды.

18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз

Сұлтан үкіметі мүлдем әлсіреп, еуропалықтарға тәуелділігі күшейе түсті. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы тез арада реформа жүргізу керек болды. Бұл міндетті жаңадан таққа отырған түрік сұлтан III Селим атқарды. Ең бірінші кезекте елдің әскери күш қуатын сақтап қалу үшін әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгіде даярлауға көшірді, флотты қайта құрды.

Жаңа тұрақты әскердің құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Олар өздерінің барлық жеңілдіктерінен айырылып қалудан қауіптенген еді.

Сөйтіп, янычарлар консервативтік топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлік жасайды. Көқтерлліліс еуропалық бөлікте басталып, одзан әрі Стамбулға тарады. Янычарлар көтерілісі салдарынан 1807 жылы III Селим тақтан кетіріліп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жаззаландзы. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсіздікпен аяқталды.

Осман империясында реформа жасау әрекеттерін жалғастыруды Румелиядағы билеуші Мұстафа паша Байрақтар қолға алды. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жана қас, консервативтік пиғылдағы IV Мұстафа орнынан түсіріліп, сұлтан тағыына жас II Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзі ұлы уәзір қызметіне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетіне кіріседі. Бірақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргізуде үшінші Селим жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, Олардың Порта мен ірі әкімдер арасында бейбіт одақ құруға тырысады. Сол үшін белгілі ауқатты бай феодалдарды астанаға шақырып, олардың үкімет адамдарымен бірге реформалық жоспарларды талқылап, «одақтық келісімді» бекітуге үгіттейді. Байрақтардың бұл жоспары іске асырылған жоқ. Янычарлар тағы да бүлік ұйымдастырып, Байрақтарды өлтіреді, оның барлық реформалық әрекеттері жойылады.

Бұл реформалардың жеңіліске ұшырау себептиері оның тек іскерді ғана еуропалық үлгіде қайта құқрумен шектеліп, Осман империясының феодалдық негізін сақтап қалуынан еді. Реформалардың, негізінен, прогрессиві маңызы болды. Бұл шаралар түбінде әскери жүйенің ыдырауына әкелуі тиіс болатын. Бірақ Селим және оның жақтастары Осман империясының қөол астына бағынған халықтарды бұрынғыша езгіде ұстағысы келді. Бағындырылған халықтардың саяси, экономикалық, мәдени, діни жағдайларыменсанаспады. Бұл қлт азаттық көтерілістердің күшейіп, империядан бөлінудің етек алуына мәкелді. Сонымен қатар анадолыдағы жергілікті түріктердің жағдайы да қиындай түсті. Түрік сұлтаны халық бұқарасының әл ауқатын жақсартуға дәрменсіз болды.

19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз

Танзимат реформаларына дейін мұсылман емес халықтар қосымша салықтар төлейтін және олар мемлекеттік қызметке алынбайтын. Еенді мұсылман емес, діні басқа халықтарды мұсылман түріктермен теңестіру ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ата баба дәстүрін аяққа таптаву деп түсінген мұсылман халықтарының ашу ызасын, наралызылығын тудырды. Ал қоғамда реформалық әс әревкеттлерді одан әрі тереңдетуді қоштаған либералдық топ саудагерлер, кәсіпкерлер, еуропалық біліммен тәрбиеленгенг қызметкерлер мен әскерилер болды. Олар 1865 жылы «Жаңа османдар» дейтін жасырын ұйым құрды. Оныәң жеткешісі белгілі жазушы Намык Кемал болды. 1876 жылы бұл ұйымның күшімен либералдар сұлтан Абдул Азизді тақтан түсіреді. Сөйтіп, сұлтандық билікке II Абдул Хамид келді. Ол 1876 жылы жселтоқсанда конституцияны, екі палаталы парламентті бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялады.

Конституция мемлекеттік тіл түрік тяілі, мемлекеттік дін ислам діні деп жариялады. Конституцияның талаптарын толық сақтаған жағдайда сұлтанның билігіне заңды шек қоюға мүмкіндік туды. Мұны II Абдул Хамид жақсы түсінді және ол өзінің қол аяғын шырмаған конституция шеңберінде ғана шектеліп қалғысы келген жоқ. Сондықтан ол өзіне қолайсыз конституцияны жоюға 1877 1878 жылдардағы орыс түрік соғысын сылтау ретінде пайдаланды. Осы соғыста Осман Империясының жеңілуін себеп санаған сұлтан «жаңа османдарға» қарсы шығып, парламентті таратуға, конституцияны жоюға кіріседі. 1878 жылы ақпанда сұлтан парламентті таратып, елді жеке өзі билейтінін жария етеді. Конституция сөз жүзінде сақталып қалғандай болды, бірақ оның бірде бір бабы іске аспады.

Мұсылман емес халықтарды мұсылмандармен теңестіруге берген уәде жайына қалды. Өкімет ұлттық қозғалыстарды басыпжаныштауға көшті. 1894 жылы сұлтан билігіне қарсы шыққан армяндардың бас көтеруін басуға Кіші Азияның шығыс бөлігіне жазалау отряды жіберілді. Жазалаушылыар аяусыз әрекет етіп, бүкіл бір аудан тұрғындарын қырып салады. II Абдул Хамид сұлтан билеген ткезең тарихта зюлим деп аталып кетеді. «Жаңа османдардың» Осман империясын қайта құру әрекеттері сәтсіз аяқталады.

«Жаңа османдар» қозғалысы Түркия тарихындағы маңызлды кезең болды. Халық ағарту ісін дамыту, феодалдық абсолбттік билікке шек қою және шетел капиталының елді қанауын тежеу үшін күресе отырып, олар түрік қоғамында саяси сананың қалыптасуына жол ашты. Сонымен қатар олар қалық бұқарасынан, олардың түпкілікті мүддесінен алыс тұрды. «Османизм» идеясын ұсына отырып, Осман империясының құрамындағы барлық халықтарды дініне,тіліне, ұлтына қарамай бір халық деп санауы « Жаңа османдарды» ұлт азаттық қозғалысқа қарсы қойды, олар түрік емес халықтардыің қолдауына ие болған жоқ.

20.Мидхат-паша қызметін сипаттай отырып, 1876 жылғы конституцияның мәнін ашыңыз.

Мидхат-паша ( Ахмет 18.10.1822, Стамбұл – 10.4.1883, (кей деректерде 8.5.1884), Таиф – түріктің мемлекет қайраткері. Дунай (1864 – 68) және Бағдад (1869 – 72) уәлаяттарында генерал-губернатор, ұлы уәзір (1872), 1876 – 77), т.б. маңызды әкімшілік қызметтер атқарған. Бағынышты елдерге түрік үстемдігін сақтай отырып, Осман империясының экономикасы, саяси және мәдени артта қалушылығын жою бағытында реформалар жүргізуге тырысты. Осман Империясы – дүниедегі ең үлкен, ең ұзақ жасаған, жоғарғы мәдениеттің негізін қалаған, ең күшті мемлекеттік құрылымдарға ие болған Түрік-Ислам мемлекеті. Түрік және Ислам тарихының ең көркейген кезеңі Османдықтар дәуірінде болған. Олар ұлттық және Ислами ой-пікірлердің керемет үйлесімі, саяси тұрақтылық пен социалды әділеттігінің арқасында, үш құрлықтың ортасында және Жерорта теңізі қойнауында адамзат тарихындағы низамы алемнің (әлемдік тәртіптің) ең керемет тәрізде жүзеге асырушылары болған. Индонезиядан Испанияға, Қырымнан Йеменге және Германиядан Африканың орталығына дейінгі жерлердегі мұсылман халықтарына қамқорлық жасаған. Османдықтар адамгершіліктік қағидаларына негізделген жаһандық дәулетін құрған. Білімге, өнерге, мәдениетке және адамзатқа ғасырлар бойы пайдалы қызмет еткен.

Мидхат-паша “Жаңа османдар” қозғалысына қатысып, бірінші түрік конституциясының (23 желтоқсан, 1876) жариялануына қол жеткізді. Бірақ 1877 ж. ақпанда Абд ул-Хамид ІІ сұлтанның бұйрығы бойынша Еуропаға жіберілді. 1881 ж. Абд ул-Азиз сұлтанның өліміне (1876) байланысты жалған айып тағылып тұтқындалды, Таифке (Арабия) жер аударылды. Сол жерде Абд ул Хамид ІІ жіберген кісі өлтірушілердің қолынан қаза тапты.

70-жылдағы саяси дағдарыс және 1876 жылғы конституция

XIX ғасырдағы Осман империясының дағдарыс байқалды. Империяның барлық жерінде халықтардың наразылығы өсті. Иммиграцияда жүрген «жаңа османдар» іс-әрекетіжанданды олар конституция енгізу мен реформалар жүргізілуін талап етті. «Жаңа османдар» идеяларын бірқатар либералдық көңіл күйдегі шенеуліктер мен офицерлер қолдады.

Бірақ олар қайтадан қуғын-сүргінге ұшырады. Билеуші топтарда сенімсіздік пен қобалжу туды. ¦лы уәзірлер жиі-жиі ауысып отырды.

Балқандағы ұлт –азаттық көтерілістер күшейе түсті.1875 жылы халық көтерілістері Герцеговина артынан Босния да Болгария да бұрқ ете түсті. Елдегі өсіп келе жатқан наразылықты өзінен бұрып жіберген ұмтылған үкімет мұсылмандық фонатизм отын тұтатып, крестияндарға қарсы айдап салды. Осындай қақтығыстар кезінде Француз және неміс елшілері өлтірілді. Бұл оқиғаны батыс елдері Осман империясына қысым жасау үшін пайдаланды. Олар сұлтаннан Балқан жерінде реформа жүргізуді талап етті.Сұлтан бұған келісті.

Батыс елдерінің жетегінде кету түрік қоғамында наразылық тудырды. Дінбасылар мен помещиктер сұлтандар сыртқы саясаттағы сәтсіздіктері үшін айыпты деп санады. 1876 жылдың мамыр айында Стамбулда саудагерлер қолөнершілер мұсылман елдерінің оқушылары, сопылар қатысқан, құрамында 40 мыңға тарта адам бар үлкен шеру болды. Халықтың жаппай көтерілуінен қауіптенген «жаңа османдар» дінбасылар және феодалдармен одақтасып, сарай төңкерісін жасады. Олар тамыз айында конституция қабылдауға II Әбділ-Хамитті таққа отырғызды.

1987 жылғы желтоқсанда конституция қабылданды. Ол осман империясының конституциялық монархия деп жарияланды. 2 палаталы парламент құрылды . Депутаттар палатасы сайлаушылардың жоғары мүліктік цензіне қарай сайланды. Сенат мүшелерін сұлтан өзі мәңгілікке тағайындады. Құрамында христиандар да бар империяның барлық бодандары османдар деп жарияланды және заң алдында барлығы тең деп есептелді. Мемлекеттік тіл түрік тілі деп жарияланды . Ал діні ислам діні деп жарияланды. Коституция сұлтанның барлық билігін сақтап қалды. Оның жеке басына қол сұғылмайтын болды.

Шектеулі сипатына қарамастан 1876 жылғы түрік конституциясы прогрессивті қүжат болды. Буржуазия еркіндік жариялануы мен парламенттің құрылуы феодалдық –абсолюттік құрылысқа үлкен соққы болып тиді.

1877 жылы көктемде орыс түрік соғысы басталған кезде сұлтан белгісіз мерзімде парламентті таратты. Конституцияны жақтаушылар тұтқынға алынып елден қуылды. «Жаңа осман» көсемдерін жазалау басталды. Конституция өмір сүруін тоқтатты.

21.ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз

Османлы Мемлекеті— 1299-1922 жылдар аралығында өмір сүрген ислам және түрік мемлекеті. 1299-1383 жылдары Османлы Бейлігі (түр. Osmanlı Beyliği), 1383-1516 жылдары Османлы Сұлтандығы және 1516-1922 жылдары Османлы Халифаты (түр. Osmanlı Halifeliği) деп аталды. Қазіргі түрік тілінде Османлы Империясы деген атау да бар.Империя XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа жайылып (Еуропа, Азия, Африка), оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқан.Бұл империя алты ғасыр бойы Шығыс және Батыс дүниелерінің қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы Империясы 42 эялеттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдавия және Трансильвания князьдіктері алым-салық төлеп отырды.

ХІХ ғ. Осман империясының Еуропадағы ықпалынан айрылуы. Сұлтан өкіметі билігінің сақталуы елдегі дағдарысты одан ары тереңдете түсті. Осман империясы өнеркәсібі артта қалған, қаржылық дағдарысы тереңдей түскен, Батыс елдеріне тәуелді ел болды. 1879 жылы Осман империясы өзінің батыс еуропа елдерінің алдында қарызын өтей алмайтындығын мойындады. Арнаулы комиссия елдің табыс бюджетін өз қолына алып қарызды төлеттіруге кірісті.Батыс державалары Осман империясының ішкі ісіне белсене араласа бастады. XIXғасырдың соңғы ширегінде империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния сияқты иеліктерінен айырылды. Балқан түбегінің түрік билігінде қалған сайын тұрғындары өін-өзі билеуге ие болды. Закавказьедегі Ресейдің шекарасы империяға ішкерілеп, түріктер тұрып жатқан жерге дейін жылжыды. Басқа да иеліктерден айырылуға тура келді: Франция, Алжир мен Тунисті, Англия Мысыр мен Қаћіраны түріктерден тартып алды. XIX ғасырдың соңына қарай Осман империясының солт. Кафрикалық иеліктері еуропалық мемлекеттердің билігіне көшті. Франция, Сирия мен Ливанда Англия Парсы шығанағы мен Қос өзен аймағында үстемдік етуге ұмтылды. Австрия-Венгрия әскерлері Босния мен Герцеговинаға енді.Англия, Франция және Австро-Венгрия егер Осман империясы толық күйрейтін болса, Ресей империясының ықпалы күшейіп, Славян мемлекеттерін және Қаратеңіз бұғаздарын өз бақылауына алады деп қауіптенді. Міне, XIXғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы «Шығыс мәселесінің» басты мәні осылайша дамыды.II Абдул Хамит енді Германия мен тығыз байланыс орнатуға бет бұрды. 1888 жылы билікке II Вильгельмнің келуі Германияны Осман империясы мен жақындатты . Герман императоры өзін «Мұсылмандардың қолдаушысымын» деп мәлімдеді. Неміс офицеріне Осман әскерін қайта құруға тапсырма берілді. Германияның Осман империмясының орныққандағының басты бір мысалы- немістердің Берлин- Стамбұл- Бағдат теміржолын салуы болды. Бұл әскери маңызы зор магистраль болашақта Бағдатты Парсы шығанағымен жалғастырады деп жоспарланды. Бұл Германияның өз әскерлерін Еуропадан Таяу Шығысқа әкелуіне мүмкіндік беретін еді. Сөйтіп, ондағы Англия мен Францияның отарлық иеліктеріне , Ресейге де қауіп төнетін еді. ХХ ғ. Осман мемлекеті және Еуропа мемлекеттері. XX ғасырдың басында Осман империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрген кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әсерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрік революцияның басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы шілденің 2-де 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатады. 1909 жылы жас түріктер II Абдул Хамит сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. 1908 жылғы жас түріктер револлюцияны Осман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді.Өкімет келген жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық биліктеріне көшу империяның шет аймақтарында ұлттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. ¦лттық қозғалыс жетекшілеріме тіл табыса алмаған жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны аннексиялады. 1911 жылы Ливиядағы түрік иеліктерін Италия басып алды. Түрікь үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет империяны сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Осман империясының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алды. Тек Стамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалды. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған жас түріктер империяның күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны артқа тұтқан Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа үштік одақ жағында араласты. І Дүниежүзілік соғыстан кейін Түркияның экономикалық жағадайының өзгеруі,оның халықаралық қатынастарының беделін көтерді. КСРО берген 8 млн доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында тоқыма кәсіпорындары салынды. 1932 ж Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды. 30 жж соңында Түркия Балкан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартты.ІІ Дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ-пен жақындаса түсті. 57. Осман империясының құлауы және ондағы Еуропа мемлекеттерінің ролі. 20 ғ басында Осман империясынынң халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрған кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 ж шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған әрекетінен кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерлерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер революциясының басталуы еді. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 ж шілденің 24-інде, 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. 1909 ж жас түріктер ІІ Абдул Хамид сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. Революциядан кейін ОСман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді. ІДүниежүзілік соғыстан кейін ОСман империясы ыдырауға айналды. Одақтастар сұлтанатты сақтап, шетелдік регент арқылы басқарылады деп сенді. Ал, Мұстафа Кемаль тәуелсіз мемлекет құрғысы келді. Ол 1919 жылы Анатолияда Уақытша үкімет құрып, шетелдіктерге қарсы біріккен қарсылықты басқарды. Сұлтан 1920 ж Севр келісіміне қол қойғаннан кейін, Түркия халқы Кемальдың жағына өтті. Осыдан соң, Кемаль әскері Стамбулға беттегенде, Сұлтан Грекиядан көмек сұрағанымен, 18 айлық соыстан кейін 1922жылы гректер жеңілді. 1 қараша күні Ұлы халық жиналысы Мехмед VI сұлтанды тақтан тайдырды. 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасы жарияланып, оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль атанды. Осылайша, XIII ғасыр соңынан XX ғасыр басына дейінгі өмір сүрген, әлемдік тарихта ерекше орын алған ОСман империясы күйреді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 262; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты