Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мейдзи-син революциясы 4 страница




28-билет.ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ. басындағы Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстарды атай отырып,олардың типологиясын айқындаңыз.(дәстүрлі,өтпелі,ұлттық-буржуазиялық)

Тарихи тұрғыдан алып қарасақ,ұлттық мәселе капитализммен бірге буржуазиялық ұлттардың қалыптасу кезеңінде пайда болды.Буржуазиялық ұлттардың пайда болуына байланысты қауымдық,діни,әулеттік айырмашылықтар өз мәнін жоғалта бастады.20 ғасырдағы ұлтшылдық Еуропадағы мемлекеттік құрылыстың басты элементіне айналды.Ұлтшылдық біріңғай мемлекеттер аясындағы этностардың барлық бөліктерінің шоғырланған белгісі болды.

Азия мен Африканың көпшілік елдерінде ұлттық пролетариат ұлттық буржуазиядан бұрын шетелдік кәсіпорындарда қалыптаса бастады.Отарларда ұлттық буржуазия әлсіз,бағынышты жағдайда болды.Ұлттық буржуазияны-көпестер,шеберханалардың,шағын кәсіпорындардың иелері құрады.Оған көптеген қалалық ұсақ буржуазия жіктері қосылды.Ұлттық зиялы қауым өкілдері,офицерлер арасынан шыққандар,студент жастар,діни сословие мен феодалдар ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары болды.19 — 20 ғасырларда Ұлт-Азаттық Қозғалыснегізінен Азияда, Африка мен Латын Америкасында күшейді. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі державалардың экспансиясы бұрын-соңды болмаған құлаш жайып, отарлық жүйе пайда болды.Азия, Африка мен Латын Америкасы елдері монополистік капитал тарапынан ұлттық езгі мен қанаудың нысандарына айналды. Бұл елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалысметрополия мен езілген халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың ерекше шиеленісуінің көрінісі болды. Осы елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалыстың нәтижесінде 1945 — 73 ж. 1,5 млрд-тан астам адам отарлық және жартылай отарлық езгіден құтылып, 70-тен аса жаңа ұлттық мемлекет пайда болды 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Шығыс елдерінде көптеген дәстүрлі,өтпеті,ұлттық-буржуазиялық қозғалыстар:Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс,Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыс,Мысыр мен Мароккода болып өткен ұлт-азаттық қозғалыстар,Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс және т.б.Осының ішінен Мысыр мен Мароккода болған ұлт-азаттық қозғалыстарға тоқталайық.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ араб халықтарының наразылығы ұлғайып,отаршылдарға қарсы қозғалыстар басталған.Солардың бірі Мысырда және Мароккода болып өтті.Марокко таулы аудандары батыс елдерінде бағынбай жүрген.Соғыс бітісімен Испан үкіметі 60 мың әскер жинап,оларды өзіне қаратпақ болды.Риф тауларын мекендеген тайпалар қарсы көтерілді.Әл-Хаттаби бастаған жасақтар 1921 жылы Ануалда испандықтардың 20 мың әскерін ойсырата жеңіп шықты.Бұдан кейін Риф республикасы құрылып,Абд әл-Керим оның президенті болды.Алдында Франция Испания бақталаста болып,арабтарға қару-жарақ сататын.Бірақ 1924 жылы бұл екі ел бірігіп,300 мың әскери күшімен Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтарған.Алжир мен Тунис зиялылары тәуелсіздік мәселесін көтеріп,Париж конференциясына тілектерін жеткізген.Франция оған көнбеді.Кейін біраз жеңілдіктер енгізуге келісіп,ауқатты тұрғындарды жергілікті әкімшіліктерге қатыстыруға және сайлауға қатысуға құқық берді.Бірақ халық бұқарасының қозғалысы тынбады.Франция егер қозғалыс бәсеңдеген жағдайда реформалар енгізуге уәде берді.Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі оқиғалары Мысырда жүріп жатты.Буржуазиялық қайраткерлер Париж конференциясына үміт артып,Мысырға толық тәуелсіздік береді деп ойлаған еді.Бірақ ағылшындар уәдесін орындауды ұмытты.Буржуазиялық топтар-«Мысыр өкілдігі» партиясын құрып,қозғалысты басқарды.Партия,оның жетекшісі С.Зағлул ағылшын протекторатын жойып,тәуелсіздік үшін батыл қимылдады.1918 ж.8 наурызда Мысырда ереуілдер басталды.Халық қаһарынан сескенген Англия 1922 жылы ақпанда Мысырдың тәуелсіздігін мойындап,протектордан бас тартты.Сұлтан Фуад «мәлік» деген атақ алды.1923 жылы Конституция бекітіліп,Мысыр конституциялық монархияға айналды.Ағылшындар әскери базаларын сақтап,елдің ішкі және сыртқы саясатын қатаң бақылап отырды.Демек,Мысыр жартылай отар ретінде дамыды.Ақыры 1927 жылы Англия Мысырға біраз жеңілдік жасаған болып келісімге келуді ұсынған.Зағлүл орнын басқан М.Наххас-паша Англиямен одақтасуға көнбей қойды.Ел жартылай тәуелді жағдайда қала берді.

29-билет.Бірінші дүниежүзілік соғыстың метрополия пен отарлар арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуіне тигізген әсерін ашып көрсетіңіз.

Жалпы,бірінші дүниежүзілік соғысқа тоқталатын болсақ,Еуропа мен дүние жүзін иемдену үшін болған екі коалицияның-Антанта мен Үштік одақтың арасында болған бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениеті дағдарысының көрінісі болды.Соғыс басталғанға дейін,әсіресе соғыстың барысында соғысқа қатысушылардың мақсаттары мен міндеттері анық айқындалды.Германия-Англия мен Францияның есебінен жаңа отарларды басып алуды,Франция мен Ресейді әлсіретуді және Еуропада үстемдік орнатуды көздеді.Германия капиталистері Балтық және Азов теңіздері жағалауларын,Қырым,Кавказ,Дон мен Днепр өзендерінің төңіректерін жаулап алуды армандады.

· Австро-Венгрия Балқанда өз ықпал ету саласын кеңейтуді жоспарлады.

· Англия-Германияның әлсіреуін,оның отарларының бір бөлігін басып алуды,Осман империясын бөлшектеуді мұрат етті.

· Франция-Германияның әлсіреуін,Эльзас пен Лотарингиясы қайтаруды,Германияның Саор және Рейн облыстарының бөлігін қосып алуды көздеді.

· Ресей-Балқанда,Босфор мен Дарданелл бұғаздарында үстемдік орнатуды,Германия мен Австро-Венгрияның әлсіреуін көкседі.

Өзінің шеңберіне отыз сегіз мемлекетті тартып,соғыс жаппай жүниежүзілік соғысқа айналды.Мақсаттары мен міндеттері,сипаты жағынанм 1914-1918 жылдары болған Бірінші дүниежүзілік соғыс әділетсіз,басқыншылық,адамгершілікке қарсы соғыс болды.Соғысқа қатысушы елдер өз жоспарларын құрды.Бірақ,соғысушы елдердің әскери-стратегиялық жоспарлары ұзаққа созылған көпжылдық соғыс барысында мәнді өзгерістерге ұшырады,сондықтан өздерінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне жете алмады.

Азиядағы соғыс қимылдарына тоқталатын болсақ,Азиядағы соғыс қимылдары Антантаның әскери артықшылықтарын көрсетті.1918 жылдың күзінде Қосөзен аймағындағы ағылшын әскерлері екпінді шабуылын бастап,Калат-Шерат түбіндегі түріктердің 6-армиясын талқандап,Мосул қаласын алды.1918 жылы қыркүйекте ағылшын әскердеріСирия-Палестина майданындағы күшті шабуылын бастады.Ағылшын атты әскер бөлімдері 20 қыркүйек күні Назарет қаласынн басып алды.1918 жылы 1 қазан күні Дамаск,26 қазанда Алепо қалалары ағылшындардың қолына көшті.Осылайша Ирактағы,Палестинадағы,Арабиядағы және Сириядағы түрік әскерлері толық жеңілгендігін мойындап,тізе бүкті.

Қиыр Шығыстағы соғыс әрекеттері ұзаққа созыла қойған жоқ.Бұл аймақта Жапония империализмінің үстемдігі басым болатын.Антанта одағын жақтаған Жапония Қиыр Шысғыстағы,әсіресе Қытайдағы иеліктерін нығайтуға тырысты.1914 жылы 2 қыркүйекте 30 мың Жапония десанты Шаньдун түбегіне келіп түсті.Олар ағылшын десант әскерімен бірігіп 31 қазан күні Циндаоны басып алып,3,5 мыңнан астам неміс гарнизонын қамауға алды.Шаньдун жеріндегі соғыс әрекеттері екі айға созылып,7 қарашада аяқталды.Ең соңында,Жапония теңіз флоты ешбір шығынсыз Тынық мұхиттағы Германияның иелігі болған Маршалл,Каролинг және Мариан аралдарын басып алды.Сөйтіп,Антанта одақтарының біріккен үйлесімді қимылдарының нәтижесінде Германияның Африкадағы отарлары Англияның иелігіне айналды.

Соғыстың әкелген ауырлығын ауызбен айтып жеткізу оңай емес. Соғыс қару-жарақгарын шығаруды көбейту үшін арзан еңбек күші — әйелдер мен жеткіншектердің еңбегін пайдалану кең етек алды. Жүмыс күнін үзартты.Өндіріс салаларында әйелдер мен жастар ғана еңбек етті.Тапшылықты жеңілдеті үшін соғысушы елдер жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін енгізді.Шахталар, зауыттар, теміржоддармилитаризацияланды, яғни соғыс жағдайына көшірілді. Жүмыс істеуге еңбекшілерді мобилизациялап отырды. Олардың бір өндіріс орнынан екінші өндіріс орнына көшуге күқысыз болды.Кейбір елдерде 16-60 арасындағы еркектердің жалпы еңбек міндеткерлігі енгізілді.Соғыстың ауыртпалығы халықтың наразылығын күшейтіп,соғысушы елдердегі саяси-әлеуметтік дағдарысты күшейте түсті.Шерулер мен ереуілдер күннен-күнге өршіп кетті.,метрополия пен отарлар арасындағы қайшылықтар тереңдеп кетті. Дүниежүзілік соғыс қантөгіс соғыс болды. Соғыстарға катысқандар саны 70 млн. адамға жетті.10 млн адамнан өлі айырылды. 20 млн. адам жаралы болды. Міне соғыс қортындысы осындай. Мыңдаған кала мен ауыл жермен-жексен етілді. Теміржол, фабрика, зауыт істен шыкты. Соғыстың шығыны 170 млрд. алтын ақша, ал жалпы шығыны — 600 миллиардқа жеткен.

30-билет.Дәстүрлі араб қоғамы дағдарысының басталуын сипаттай келе,оның әлеуметтік құрылымның трансформациясын,осы үдерістің біркелкі еместігін түсіндіріңіз. Араб елдеріндегі дағдарыс қордаланған әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардан туындады. Жұмыссыздық өсіп, бағаның шарықтауы оған түрткі болды. Бұл елдердің үкіметтері әлеуметтік саясатты оң шеше алмады. Саяси-экономикалық өсім халықтың табиғи өсуінен артта қалып қойды.

 

Дәстүрлі араб қоғамы дағдарысы алғашында Тунисте басталып, одан Египетте жалғасқан толқу араб елдерін кезекпе кезек шарпыды. Бірінде үкіметке қарсылық-наразылық, шеру түрінде өтсе, келесілерінде – үздіксіз бас көтеруге, қарулы қақтығысқа, соғысқа ұласты. Билікке қарсылық Кувейт пен Сауд Арабиясының шығыс аудандарын да қамтыды. Бұл бас көтерулерде бәрінде ортақ – бұл елдерде ұлттық лидерлерінің саяси аренадан кету талабын қоюы.

 

Араб әлемін қамтыған жаппай әлеуметтік қарсылықтың туу себебінің терең қордаланған ішкі және сыртқы сипаты бар екені анық. Билікке қарсы бас көтерудің жалпы ұқсастықтары мен жалпы заңдылықтары ортақ болғанымен әрбір елдің діни, әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалына және өзіне тән тарихи даму үрдісіне сәйкес шешімін таппаған шиеленіскен проблемалары өзегін жарып сыртқа шықты.

Өкіметке қарсы жаппай бұқаралық сипат алған нарзылықтың ішкі себебі жоғарыда аталған араб елдерінде әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шиеленісуімен, халықтың кедей топтарының тұрмыс жағдайының нашарлауы, жастардың едәуір бөлігінің келешекке деген мақсат-мұратының күңгірттенуі, ең бастысы нақты билікке сенімінің жоғалуымен байланысты еді. Әрине, бұл арада ішкі және сыртқы күштер тікелей араласатын саяси ойынның негізге алатын субъектісі – аймақтағы діни қауымдар, кландық топтар мен ру-тайпалық бөлшектенуі, этникалық топқа жатуы (қарым-қатынас тілі мен мәдени мұрасы) екендігін де теріске шығаруға болмайды.

Аймақтық араб дағдарысына талдау жасағанда қандай элементтер шешуі рөл атқарды және саяси эволюция қандай сипат алуы мүмкін. Сонымен қатар, араб дауылы кездейсоқ па, оның экспортталуы, басқа елдерде ұқсас форма қайталануы мүмкін бе деген де өз ара байланысты заңды сұрақ туады [2].

Араб елдерінде революцияның тууына және оның тез арада қанат жаюына әр түрлі баға беріліп, түсіндірілді. Сарапшылар халықтың тұрмыс жағдайы төмен кедей елдерде билікке қарсы бас көтеруді әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіргенімен, даму деңгейі жоғары, қалыпты даму жағдайындағы Бахрейн, Тунис, Ливия, Сауд Арабиясы, Кувейттегі наразылықты түсіндіруде қайшылықты көзқарас қалыптасты.

31-билет.Францияның Алжирдегі интервенциясын баяндаңыз. XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.

Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия.

 

18 ғасырда Алжир бірнеше иеліктерге ыдырап кетті. Соны пайдаланған Франция 1830 жылы Алжирді басып алды. Әмір Абду-л-Қадыр бастаған Алжир халқының отаршылдарға қарсы күресі 1881 жылға дейін созылды. 1-дүние жүзілік соғыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалысы қайтадан өріс алды. Елде кәсіптік, саяси ұйымдар құрылды.

 

2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары да елдің тәуелсіздігі үшін күрес тоқтамады. 1954 жылы наурызда Алжирде “Революциялық бірлік пен қимыл комитеті” құрылды. Ол сол жылдың ақырында “Алжир ұлт-азаттық майданы” (ҰАМ) болып жарияланып, 1 қарашада қарулы көтеріліс ұйымдастырды. ҰАМ-ды негізгі саяси, қоғамдық топтар, бұқара халық қолдады. Көтерілісті басу үшін Францияның 1 млн-ға жуық әскерлері елді мекендерді бақылауға алды.

 

8 жылға созылған соғыста 1,5 млн. адам қаза тапты, 2 млн. адам абақтыға қамалып, босқындар көбейді. Голль үкіметі 1959 жылы Алжирдің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болғанымен 1962 жылдың көктеміне дейін соғысты жалғастырып келді. Ақырында 1962 жылы 18 наурызда соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойып, референдум арқылы Алжирдің өзін-өзі билеу мәселесін шешу, екі ел арасындағы экономика, мәдени байланыстарын дамыту туралы уағдаласты. Сол жылғы шілденің басында өткен референдум нәтижесінде ҰАМ саяси бюросын бастаған Бен Белла көпшілік дауысқа ие болды. 1962 жылы 5 шілдеде Алжир — Халықтық демократиялық республика болып жарияланды.

 

32-билет.ХХ ғ. бірінші жартысындағы жаһандық отаршылдықты сипаттай отырып,Азия мен Африка елдерінің даму үдерістеріне баға беріңіз.

Отаршылдық - өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану және шаруашылық үшін игеру («ішкі отаршылдық»), сондай-ақ басқа елдерде қоныстар салу («сыртқы отаршылдық»). 15 ғасырдағы географиялық ұлы жаңалықтар кезінен еуропалықтар жер жүзінің басқа құрлықтарын отарлауды бастады. Әскери-сауда орталықтарын салу, жаңадан ашылған құрлықтарды игеру, бұрынғы дамыған елдермен сауда жүргізу қыза түсті. Испандықтар, португалдар, голландтықтар, ағылшындар, француздар, т.б. отаршылдық саясатын күшпен жүргізді. Олардың қоныстары мен бекіністері Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Австралияда, Африкада, Азияның шығысында, кейін Үндістанда, Индонезияда, Араб елдерінің шығысында пайда болды. Көптеген байырғы халықтарды қырып-жою, қалғандарын құлға айналдыру, резервацияларда ұстау, кемсіту кеңінен орын алды. Отаршылдық саясатын қолданған елдер жергілікті халықтарды тонау, қанау арқасында қатты байып, отарларды шикізат көздеріне, өздері шығарған тауарларды үйлестіру базаларына айналдырды. Отарланған елдердің ең құнарлы жерлерін келімсектер иемденіп, Америка, Африка, Азияның байырғы халықтарын, шөл, шөлейт далалар мен тауларға ығыстырды. 20 ғасырда болған аса ipi 2 соғыс: 1 және 2-дүниежүзілік соғыс отар елдерді қайта бөлісу салдарынан туындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін отарлық жүйе дағдарысқа ұшырап, ұлт- азаттық котерілістер күрт күшейді. Нәтижесінде Азия, Латын Америкасы, Африка құрлықтарындағы отар елдер тәуелсіздік алды. 1991 жылы КСРО-ның тарауымен бұрынғы Ресей отарлары да егемендікке қол жеткізді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Азия және Африка елдерінің дамуына тоқталайық.Иранның 20-ғасырдағы дамуы.Ағылшындардың үстемдігі Иран армиясындағы ұлттық офицерлер тобының наразылығын тудырды.Парсы дивизиясының басшысы полковник Реза-хан армияны шетел үстемдігінен құтқарып,оның тәуелсіздігін бекіту ең мағызды міндет деп санады.Реза-хан бастаған әскери тобы Тегеранға өтіп,мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырлды.Соғыс жылдарында едәуір күшейіп алған Иранның ұлттық буржуазиялық топтары күшті билікті аңсады.1925 жылдың 31 қазанында Иран мәжілісі Каджар әулетін биліктен кетіріп,саяси билікті жаңа патшаға тапсырды.Полковник Реза-шаһ Пехлеви әулеті билік жүргізіп,тәртіпті қатайтты.20-30 жылдардың барысында Реза-шах Иранды заманға сай алға жылжыту жолында едәуір буржуазиялық тұрғыдағы реформаларды іске асырды.Азаматтық қылмыс заң жобалары жарияланды,жер қоры есепке алынды,азаматтық соттар енгізілді.1941 жылы 16 қыркүйекте Реза-шах тағынан бас тартып,саяси қызметінен кетті.Иран тағына оның ұлы М.Р.Пехлеви отырды.1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға қарсы соғыс жариялап,антигитлерлік блоккк жақтас екенін білдірді.

Африка елдерінің дамуы.20-30 жылдарда Африка елдерінде шетелдер үстемдігі нығая түсті.Ағылшындар иеленген Батыс Африкадағы отарларда теміржолдар салынып,кейбір өндіріс орындары пайда болды.Шығыс Африкадағы отарларда да ірі плантациялар,жолдар,тау-кен өндірісі салынды.Ең құнарлы жерлер ақ нәсілділерге-фермерлерге тегін,болмаса 99 жылға дейін жалға берілді.Африка қоғамында көп укладты жағдай қалыптасты.Мұнда өте қарапайым ерте дәуірде кездесетін қатынастармен бірге капиталистік қоғамға тән тауар-ақша қатынастары орын тепті.Жұмысшы табы жермен кіндік тамырын үзбей келген.Бірақ бұл аймақтағы әлеуметтік өмір біртіңдеп дами түсті.Капиталистік қатынастар қоғамдық өмірді билеп-төстеп,неше түрлі жаңалықтар ене бастады.Салт-дәстүрі,ру-тайпалық қатынастары ыдырап,бұрын болмаған пролетариат пен буржуазия қалыптаса бастады.Жастар еуропалық мектептерге,орта оқу орындарына тартылды.Кейбір азаматтар Еуропадағы жоғары оқу орындарында оқып,зиялылар қатарын көбейтті.Солардың ішінен азды-көпті ұлттық сана-сезімді оятушылар,ағартушылар,ел қамын ойлайтын саясаткерлер пайда болды.

Үндістанның 20 ғасырда дамуы.20 ғасырда революциялық күштер шегінуге мәжбүр болды.Ағылшындарда 1927 жылға дейін тыныштық орнады.Отаршыл үкімет тәртіпті қатайта түсті.Князьдіктердегі шаруалар қозғалысын күшпен басуға шешім шығарды.Үндістер мен мұсылмандар арасын алшақтатуға көп мән берді.Олардың қолдауымен үнділік шовинизм тереңдей берді.Әлемдік экономикалық дағдарыс 1929 жылдан кейін елдің жағдайын қатты ақсатты.Бидай бағасы 2 есе,джут 2-3 есе төмендеп,шаруалар салық төлей алмай,мүлкін,жерін сатып қаңғырып кетуге мәжбүр болды.Дағдарыс кезіндегі халық наразылығы ұлт-азаттық қозғалыстың өршуіне әсер етті.Елде жұмысқа шықпау,митингілер,шерулер,харталдар ұлғайды.Тіпті кейбір аймақтарда қарулы көтерілістер де орын алып жатты.Шошынған ағылшын өкіметі шерулерге қатысқандарды топ-тобымен жазалауға кірісті.ҮҰК-ге тыйым салынып,оның жетекшілерін қамауға алды.1930 жылы 60 мың адам қамалып сотталған,олардың ішінде Ганди,Дж.Неру,С.Ч.Бос және басқалары болған.1930 жылдың жазында Саймон комиссиясы өз жобасын дайындаған.Келесі жылы наурызда Ганди-Ирвич пактіс бойынша Англия жағы абақтыдағы адамдарды босатуға,жазалауды тоқтатуға,ал ҮҰК ынтымақтаспау қимылдарын жүргізбеуге уағдаласты.Қанша қиын жағдайлар болғанымен,30-жылдардағы өзгерістер Үндістандағы саяси партияларға біраз билік әперді.Олар саяси өмірде кездесетін қиыншылықтарды реттеу тәсілдерін үйрене -отырып,кейін сол алған тәжірибелерін пайдалана білді.1937-1939 жылдары жерді жалға алу және салықтар туралы жаңа заңдар қабылданды.С.Ч.Бос ҮҰК-тен шығып «Форвард блок» партиясын құрды және оның қызметі Бенгалиямен байланысты болды.

33-билет.ХІХ-ХХ ғасырлар межесіндегі отарлық соғыстар ұлы державалар арасындағы қатынастар шиеленісуінің айғағы екендігін негіздеңіз.

19-20 ғасырлар арасында көптеген отарлық соғыстар ұлы державалар арасындағы қатынастардың шиеленісуіне алып келді.

Отаршылдық соғыс дегеніміз,яғни отарлап басып алу қозғалысы.Отарлық соғыстарға мысал келтірейік.Мысалы:1849 жылы Англияның Үндістанды отарлық жаулап алуы,1870 жылы Англияның Мысырды жаулап алуы,1878 жылы жылы Англиянын Кипрды жаулап алуы,1880 жылдары Англия,Германия мен Португалияның Оңтүстік Африка жерін бөліске салуы және т.б.Отарлау саясатының тарихын 17-18 ғасырдан бастайық.Бұл кезеңде Шығыс әлемі өзінің бағыныштыларының өмірін түпкілікті түрде өзгертпеген көптеген басқыншылар мен жаулап алушыларды көрді.Еуропалықтар Шығыс әлемін өздерінің мүдделеріне сәйкестендіріп қайта құруға әрекетттенді.Көптеген елдердің мұндай тегеурінге қарсы тұруға шамасы жетпеді.Қытай және Жапония сияқты кейбір елдер еуропалықтардың жөнсіз араласуынан өздерін сактауға ұмтыла отырып,сыртқы әлемнен қол үзді.Басқалары(Африка,Америка,Үндістан елдері) еуропалық отаршылдықтың құрбаны болды.Англияның Үндістанды отарлап басып алуына келетін болсақ,XVIII ғасыр бойы жүргізілген отарлық басқыншылықтың нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай Англия Үндістанды толық отарлауды аяқтады.Ағылшын,француз,голланд,Ост-Үнді компаниялары бастаған Шығыс елдерін отарлау әрекеттері көптеген мемлекеттер мен халықтарды тәуелсіздігінен айырып,отар елдерге,кейбірін жартылай отар елдерге айналдырды.Әрине,Шығыста еуропалық экспансияға қарсы тұратын және шетелдіктердің баса-көктеп кіруінен бас сауғалаған елдер сақталып қалды.Қытай,Жапония,Корея және Вьетнам үкіметтері өздерінің мемлекетін шетелдіктер үшін жабық деп жариялады.Бірақ Батыс отаршылдары бұл елдерге түрлі тәсілмен жанама жолдармен енуге ұмтылды.Қытай елі бұл кезде ішкі дағдарыстар салдарынан өте ауыр жағдайда еді.Қытай да «жабық есік саясатын» ұстанғанымен,елдің оңтүстігіндегі жалғыз ашық порт-Кантон арқылы ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Бенгалиядан әкелінген апиынды елге жезкізіп тұрды.Қытай өкіметінің қатаң тыйым салғанына қарамастан апиында күміске және бағалы экспорттық тауарларға айырбастау саудасы өте белсенді түрде жүрді.Экономикалық қанау арқылы еуропалықтар шығыс елдерінің көпшілігін олардың саяси дербестігін,әскери күштерін сақтай отырып-ақ,мысалы,кең-байтақ Осман империясы сиякты елдің сыртқы саудасын толығымен өз қолдарына қаратып алды. «Еркін сауда» принципі жолында Англия ХІХ ғасырдың бірінші жартысы бойында ондаған жарияланған,жарияланбаған соғыстар жүргізді.Осы «Шығыс мәселесі» жолында ол Франциямен және Ресеймен шиеленістерге барды.Бұл кезеңдегі Англия жүргізген ірі соғыстардың қатарында үнді ұлыстарын толық бағындыру әрекетін,Иран мен Ауғанстанға қарсы «Үндістанды қорғау» деген бетперде жамылған екіжүзді соғыстарды атап айтуға болады.Ағылшын капиталистері Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының»» да бастамашысы болды.Қытайды отарлауға ағылшындардан басқа Франция,АҚШ,Германия,Ресей де мүдделі болды.Қытай мен оған көрші жатқан елдерге отаршылдар әр түрлі келісімшарттарды еріксіз таңдады.Бұл әділетсіз шарттар отаршыл капиталистерді ерекше жеңілдіктер мен артықшылық құқықтарына ие етті.Еуропалық отаршылдардың әлсіз дамыған Шығыс елдеріне баса-көктеп енуі және олардың тонаушылық саясаты-жаңа замандағы шығыс мемлекеттерінің экономикалық,саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі болды.Шығыс елдерінің еуропалық елдермен салыстырғанда біржақты нашар дамуына әкеліп соқтырды.Отаршылдардың тонаушылық әрекеті Шығыс елдерінің дербес,заңды түрде табиғи дамуын күшпен тежеп,өндіргіш күштерін күйретті,ежелден қалыптасқан мәдениетін құлдыратты.Соның салдарынан Шығыс елдерінде капиталистік қатынастардың қалыптасуы бәсең түрде дамыды.Жапониядан басқа барлық Шығыс елдері метрополияның аграрлық-шикізат көзіне айналды.Отаршылдар Азия және Африка елдерінің артта қалған,нашар дамыған жағдайын өзгерткісі келмеді,олар халықты қанаудың ең ауыр әдістерін қолданып,саяси бытыраңқылықтарын барынша сақтауға тырысты.Осылайша Еуропа мемлекеттерінің отаршылдық экспансиясы жаңа дәуірде бұл елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша кедергі келтірді,шығыс халықтарының тарихи тағдырына кері әсерін тигізді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 458; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты