КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мейдзи-син революциясы 3 страница22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз 20 ғ басында Осман империясынынң халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрған кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 ж шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған әрекетінен кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерлерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер революциясының басталуы еді. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 ж шілденің 24-інде, 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. 1909 ж жас түріктер ІІ Абдул Хамид сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. Революциядан кейін ОСман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді. ІДүниежүзілік соғыстан кейін ОСман империясы ыдырауға айналды. Одақтастар сұлтанатты сақтап, шетелдік регент арқылы басқарылады деп сенді. Ал, Мұстафа Кемаль тәуелсіз мемлекет құрғысы келді. Ол 1919 жылы Анатолияда Уақытша үкімет құрып, шетелдіктерге қарсы біріккен қарсылықты басқарды. Сұлтан 1920 ж Севр келісіміне қол қойғаннан кейін, Түркия халқы Кемальдың жағына өтті. Осыдан соң, Кемаль әскері Стамбулға беттегенде, Сұлтан Грекиядан көмек сұрағанымен, 18 айлық соыстан кейін 1922жылы гректер жеңілді. 1 қараша күні Ұлы халық жиналысы Мехмед VI сұлтанды тақтан тайдырды. 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасы жарияланып, оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль атанды. Осылайша, XIII ғасыр соңынан XX ғасыр басына дейінгі өмір сүрген, әлемдік тарихта ерекше орын алған ОСман империясы күйреді. 58. Түркия Республикасының құрылу тарихы мен Еуропа елдерінің ұстанған саясатын анықтаңыз. ІДүниежүзілік соғыстан кейін ОСман империясы ыдырауға айналды. Одақтастар сұлтанатты сақтап, шетелдік регент арқылы басқарылады деп сенді. Ал, Мұстафа Кемаль тәуелсіз мемлекет құрғысы келді. Ол 1919 жылы Анатолияда Уақытша үкімет құрып, шетелдіктерге қарсы біріккен қарсылықты басқарды. Сұлтан 1920 ж Севр келісіміне қол қойғаннан кейін, Түркия халқы Кемальдың жағына өтті. Осыдан соң, Кемаль әскері Стамбулға беттегенде, Сұлтан Грекиядан көмек сұрағанымен, 18 айлық соыстан кейін 1922жылы гректер жеңілді. 1 қараша күні Ұлы халық жиналысы Мехмед VI сұлтанды тақтан тайдырды. 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасы жарияланып, оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль атанды. Осылайша, XIII ғасыр соңынан XX ғасыр басына дейінгі өмір сүрген, әлемдік тарихта ерекше орын алған ОСман империясы күйреді. Ал, оның орнына құрылған Түркия Республикасы әлемдік тарихта жаңа қадамдарын жасай бастады. Мұстафа Кемаль билікке келісімен өзінің диктатурасын орнатып, қарсылас саяси партияларды заңсыз деп санады. Ол өз мемлекетін өркениетті елге айналдыруға тырысты. ЖАңа Түркия Республикасы 1923 жылда биліктің жаңа фомасында(президент, парламент, конституция) болды және де елдің астанасын Стамдулдан Анкараға өзгертті. Мұстафа Кемальдың Түркия республикасын құрудағы және оны нығайтудағы жүргізген іс шаралары үшін 1934 жылы Ұлы халық жиналысы оған «Ататүрк» атағын берді. 59. Мұстафа Кемаль Ататүріктің саяси қызметіне баға беріңіз. Мұстафа Кемал Ататүрк (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антантатарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы, демократиялық жәнезайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын. 23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз Түркияның ұлт-азаттық күресі алғышарттарының пісіп-жетілуі Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шаруашылық күйзелісімен тығыз байланысты. Түркияның сұлтандық үкіметі өз халқының қамын ойламай,Германия блогын жақтап, әділетсіз соғысқа килікті. Солдат киімін киген түрік жұмысшылары мен шаруалары азаттық күрестің қозғаушы күштеріне айналды. Германия империалистердің саяси және экономикалық үстемдігін жақтырмаған халық бұқарасы 1916-1917ж майдан шебін тастап,елге қашты.Қашқындар қару-жарағын ала кетті. Германия саясатына қарсылық түрік офицерлерінің қатарында да байқалды. Соғыста жеңілген Түркия Антанта тобының әскері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Англия,Франция және Италия мен Грекия әскерлері басып алған аймақтарында жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті. Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор және Дарданелл бұғаздарын,Батыс Анадолы аймақтарын басып алды. Соғыстың соңында Ресей тұтқынында болған 80мыңнан астам түрік солдаттары еліне қайтарылды. Олра Ресейдегі өзгерістерді әңгімелеп, халық бұқарасының наразылығын оятты. Антанта басқыншыларының зорлық-зомбылығы, Ресейдегі революциялық өзгерістер Түркия халқының наразылығын күшейте түсіп, елдің тәуелсіздігі үшін күрескежұмылдырды. Ұлт-азаттық күрес түрік халқы біртұтас аймақ-Анадолы түбегінде басталды. Бастапқы кезде бұл қозғалыс жеке-жеке вилайеттердің бостандығын ғана көздеген болса, біраздан соң жалпыұлттық сипаты бар қозғалысқа ұласты. Құқық қорғау ұйымдарын құру.1918-1923ж ұ-а қозғалыстың басшылығында «Құқық қорғау ұйымдары атты» буржуазиялық-патриоттық қоғамдар болды. Осы аттас ұйымдар Түркияның көптеген аудандарында құрылды. 1919ж жазында патриоттық ұйымдардың төрт орталығы байқалды. Бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпы ұлттық ұйым құру жұмыстарын 1919ж Анадолыға келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды. Ол 1905ж «Жас түріктер»ұйымдарымен жақындасып, Сирия тобындағы жас офицерлерді біріктіріп, Ватан саяси үйірмесін құрады.1911-1913ж Африкадағы және Балқан түбегіндегі соғыстарға қатысады. Ол отаршылдарға қарсы азаттық күрестің туын көтерген Шығыстағы алғашқы саяси қайраткерлердің бірі болды. 1918-1923ж Түркиядағы ұлт-азаттық күрес оның есімімен Кемалдық революция деп аталды.
1920ж Анкара қаласында Ұлы халық жиылысы шақырылып, Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығы жарияланды. Мұстафа Кемал бастаған жаңа үкімет құрылды. 24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты. Азия және Африка елдерінің жаңа кезеңдегі тарихыны капиталистік қатынастың пайда болуы және қалыптасуы кезеңі мен капитализмнің соңғы кезең империализмге өтуін қарастырады.Жаңа кезеңнің XVII ғ. ортасынан басталуы 1649 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясының Еуропада капитализмнің дамуына итермелегендігі және буржуазиялық еуропа державалары экспансиясының күшеюімен сипатталады. Жалпы буржуазиялық дәуірде тарих дүниежүзілік болды.Капитализмнің шарықтап дамуы кезеңінде Шығыс елдерінің отарлық езгіде болуы капитлистік ұлттардың шексіз баюына әкелді. Сонда да Осман империясы, Үндістан, Қытай сынды мемлекеттер капиталистік қатынастың алғышарттары туындай бастады. Бірақ кейбір түпкір аудандарда феодалдық қатынасқа дейінгі қалдықтар сақталынды. Шығыс, Оңтүстік және Орта Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка кеңістігінде тұрғындар көшпелі өмір сүрді. XXғ. басында әлемді территориялық бөліске салудың аяқталуы монополистік капитализмге дейінгі отарлық жүйенің империализмнің отарлық жүйесіне түпкілікті айналуымен сипатталады. Империализм отарлық жүйесінің басты және шешуші ерекшеліктері дүниежүзін жайлап, әлемдік капиталистік шаруашылықтың бөлінбес бөлігі болып саналды. Жартылай отар өздерінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы бойынша отардан ерекшелігі жоқ.Әлемнің көптеген елдерін отарға және жартылай отарға айналдырып, монополиялар қатаң қанаушылықтың жолдары арқылы тәуелді елдерді езгіге түсіріп, олардан пайда тапты. Отар елдерге капитал тарту әртүрлі түрде жүрді. Соның бірі империалистік держава банктерінің қарыздар беруі. Мысалы Үндістанда қарыздар туралы келіссөзге отарлық үкімет қол қойғанмен, халықтардан алынған салық есебінен төленді. ХХ ғ. басында отар елдер метрополия фабрикалық өнеркәсіптерінің өнімдерін өткізетін рыноктарға айналды. Сонымен қатар осы кезең жаңа теңқұқықсыз келіссөздеріне қол қойылумен де сипатталды.Азия және Африка елдерінің одан ары қарай капиталистік өнеркәсіптер үшін шикізат көзіне айналуы натуралды шаруашылық негізін үзді. Қанаушылар өздерінің отарларына қандай ауыл шаруашылық дақылдарын егу керектігін өздерінің қажеттілігі бойынша анықтап, жүргізді. Көптеген тәуелді елдер бір дақылды егуге жұмылыдрылып, қалғандарына зиян келтірді.Отар және тәуелді елдерге капиталды құюдың негізгі объектісі темір жолдарды және әскери-стратегиялық маңызы зор телеграф жүйелерін салу болды. Сондай-ақ отар және тәуелді елдерде шетел өндіріс өнеркәсіптері ашылды. Отаршылдарашықжәнежабықтүрдегішикізаткөздеріниеленді. Осындаймақсаттамонополияларбергенәртүрліконцессияларкеңінентарады. Мысалы: Қытайдадержаваларөздерініңүкіметін, соттары мен полициясынұстады. Мұнай, көмір, рудалар мен түрлітүчтіметалдар, фосфаттаршетелмонополиясыныңқолынаөтті. Мұнайкомпаниялары араб елдеріндегі, Ирандағы, индонезиядағыбастымұнайаудандарынбасыпалды. Шетелкомпаниялары тек ішкірыноктығанаемес, сондай-ақШығыселдерініңсыртқысаудасын да басыпалды. Сыртқысаудақатынасындаотаршылдар мен тәуелдіелдерарасындатеңдікжүйесіболмады. Дайынөнімдергеқойылғантөменгібағаотаршылдарғаайтарлықтайтабысәкелді. Отар жәнежартылай отар халықтарытоналды. Барлықкедендіксаясаттыотаршылдарбақылады. АмерикандықтарФиллиппинада, француздарВьетнамда, ағылшындарҮндістандажәнеЕгипеттеөздерініңкедендікжәнетеміржолтарифтеріненгізді. ХХ ғ. басынанбастап Азия және Африка елдерініңдамуындағынегізгімәселелердіңбіріолардыңбатысотаршылкапиталыныңдәстүрліқатынасыменөзараәрекеті. КейбірШығыселдерібатыселдерініңашықагрессиясынансескеніп, өздерініңтеңізжәнетеміржолдарын жаба отырып, шетелдіктерменсыртқысаудақатынасынорнатудан бас тартты. ХХ ғ. І жартысындаШығыселдерініңсаясипроцессіауырсипатқаиеболды. ХІХ ғ. аяғыжәне ХХ ғ. басы тек отарлықбасқыншылықпенғанаемес, соныменқатардержаваларарасындағышиеленістермен де сипатталды. Мысалы: испан-американ, ағылшын-бур жәнеорыс-жапоншиеленістері. Жалпы, Шығыселдерінің сана-сезіміқалыптасып, отаршылдарғақарсыұлт-азаттықкөтерілістер бой көтеребастады. ХХ ғ. ҚиырШығыстахалықтықкөтерілістердішетелимпериалистеріаяусызбасыптастапотырды. 25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз Дүние жүзі халықтарының ұлттық және әлеуметтік азаттық үшін күресі. ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі Революция Азия және Африка жеріндегі елдердің ұлттық – қозғалыстарына әкеп соқтырды. Батыс жағы алпауыт елдердің жүргізіп отырған империялық екі жүздік саясаттары. Азия және Африка елдерінде шайқап өтті. Азияның оңтүстігінде орналасқан елдердің көбі Англияның отары болды. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы – Үндістан ХХ ғасырдың басында ол артта қалған қоғам өмірінде касталар жүйесі мен феодалдық қатынастар үстемдік еткен елболатын. Алуан түрлі тілде сөйлейтін халықтар отаршылдардың қанауынан бас көтере алмады. ХХ ғасырдың басында Үндістанда Ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. 1885 жылы құрылған Үнді ұлттық конгресі әртүрлі революцияларды бақылап отырды. Байлықтың негізгі көзі мен саяси билік толығымен ағылшындар қолында болған. Саяси - әкімшілік жағынан ел, жалпы, екіге бөлінді ¾ бөлігінде Британдық Үндістан орналасса, қалған жерін 600-ге жуық князьдіктер иеленді. Ең ірілері Хайдарбад және Кашмир князьдіктері. Британдық Үндістанды – вице – король аталған генерал – губернатор басқарды. Оны Англия парламенті мен үкімет тағайындайтын. Елдегі ұлт-азаттық қозғалыстың пайда болуына негізінен Бенгалияны екіге бөлу әрекеттері себеп болды. 1905 жылы Үндістанда ереуілдер өршіп, қоғам және саяси ұйымдар мен партиялар өзін-өзі билеу туралы тілектерді алға тартып көтерілістің көсемдері Б.Г.Гжак, Б.Ч Хал, А.Гаш, Л.Л. Рай халықтарға әртүрлі ұрандар тастап көтерілуге шақырды мысалы: ағылшындардың таварларына алмауға байланысты мынандай ұрандар болды. Сввадеши /жеке іс, өзін-өзі қамтамасыз ету/Саварадж /жеке билік өзіңді-өзің биле/ т.б. 1906 жылы Мұсылман лигасы атты партия құрылып елдің ішіндегі саяси бүлінішіліктерге аралыса бастады. 1905 жылы Вице король либерал Минто болды. 1911 жылғы Реформа бойынша астана Делиге көшіріліп, Бенгалия мәселесі тоқтатылып елді біраз уақыт алдап баса тұрды. Соғыс кезінде Ұлыбритания Үндістанды аяусыз пайдаланды. Майдан шебінде үнділер қара жұмыс атқарды. Елдің қазба байлығы мен азық-түлік метрополияға үздіксіз тасылды, жұмысшылардың жұмыс күні 14 сағаттан асты. Азық-түлік тапшылығынан ашаршылқ жайлап елде 5-6 млн адам қырылды. Үнді ұлттық конгресі мен Мұсылман лигасы ағылшындардың отарлық саясатына қарсы шыға бастады. Соғыс кезінде ағылшын әйелі бастаған Анни Безонттон «Гомеруль» қозғалысы болды. Діни қозғалыстар болды. 1915 жылы Хинду Махасабха ұйымы құрылды. Соғыстан соң Бомбейде Гуджаратта Панжабта көтерілістер етек алды. 1916 жылы Лакану қаласында ҮҰК-і мен мл-ң жиындары болды. Оңтүстік Африка одағын ҮҰК-ң жетекшісі Мохандос Карамачанд Ганди келісімімен ел ішінде әртүрлі бас көтерулер болды.Ол өзінің қозғалысы сатьягарха ұрандары мен елді көтерді. Ол төменгі кастадағы адам құқықтарын қорғауды көздеді. 1919 жылы сәуірдің басында Гандидің бастамасымен Бомбей Ахмадабад, Мадрас, Конопур қалаларында бір кезде каратал (ереуілге шығу) ұйымдастырылды. 26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты. Азия және Африка елдерінің жаңа кезеңдегі тарихыны капиталистік қатынастың пайда болуы және қалыптасуы кезеңі мен капитализмнің соңғы кезең империализмге өтуін қарастырады.Жаңа кезеңнің XVII ғ. ортасынан басталуы 1649 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясының Еуропада капитализмнің дамуына итермелегендігі және буржуазиялық еуропа державалары экспансиясының күшеюімен сипатталады. Жалпы буржуазиялық дәуірде тарих дүниежүзілік болды.Капитализмнің шарықтап дамуы кезеңінде Шығыс елдерінің отарлық езгіде болуы капитлистік ұлттардың шексіз баюына әкелді. Сонда да Осман империясы, Үндістан, Қытай сынды мемлекеттер капиталистік қатынастың алғышарттары туындай бастады. Бірақ кейбір түпкір аудандарда феодалдық қатынасқа дейінгі қалдықтар сақталынды. Шығыс, Оңтүстік және Орта Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка кеңістігінде тұрғындар көшпелі өмір сүрді. XXғ. басында әлемді территориялық бөліске салудың аяқталуы монополистік капитализмге дейінгі отарлық жүйенің империализмнің отарлық жүйесіне түпкілікті айналуымен сипатталады. Империализм отарлық жүйесінің басты және шешуші ерекшеліктері дүниежүзін жайлап, әлемдік капиталистік шаруашылықтың бөлінбес бөлігі болып саналды. Жартылай отар өздерінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы бойынша отардан ерекшелігі жоқ.Әлемнің көптеген елдерін отарға және жартылай отарға айналдырып, монополиялар қатаң қанаушылықтың жолдары арқылы тәуелді елдерді езгіге түсіріп, олардан пайда тапты. Отар елдерге капитал тарту әртүрлі түрде жүрді. Соның бірі империалистік держава банктерінің қарыздар беруі. Мысалы Үндістанда қарыздар туралы келіссөзге отарлық үкімет қол қойғанмен, халықтардан алынған салық есебінен төленді. ХХ ғ. басында отар елдер метрополия фабрикалық өнеркәсіптерінің өнімдерін өткізетін рыноктарға айналды. Сонымен қатар осы кезең жаңа теңқұқықсыз келіссөздеріне қол қойылумен де сипатталды.Азия және Африка елдерінің одан ары қарай капиталистік өнеркәсіптер үшін шикізат көзіне айналуы натуралды шаруашылық негізін үзді. Қанаушылар өздерінің отарларына қандай ауыл шаруашылық дақылдарын егу керектігін өздерінің қажеттілігі бойынша анықтап, жүргізді. Көптеген тәуелді елдер бір дақылды егуге жұмылыдрылып, қалғандарына зиян келтірді. Отар және тәуелді елдерге капиталды құюдың негізгі объектісі темір жолдарды және әскери-стратегиялық маңызы зор телеграф жүйелерін салу болды. Сондай-ақ отар және тәуелді елдерде шетел өндіріс өнеркәсіптері ашылды. Отаршылдар ашық және жабық түрдегі шикізат көздерін иеленді. Осындай мақсатта монополиялар берген әртүрлі концессиялар кеңінен тарады. Мысалы: Қытайда державалар өздерінің үкіметін, соттары мен полициясын ұстады. Мұнай, көмір, рудалар мен түрлі түчті металдар, фосфаттар шетел монополиясының қолына өтті. Мұнай компаниялары араб елдеріндегі, Ирандағы, индонезиядағы басты мұнай аудандарын басып алды. Шетел компаниялары тек ішкі рынокты ғана емес, сондай-ақ Шығыс елдерінің сыртқы саудасын да басып алды. Сыртқы сауда қатынасында отаршылдар мен тәуелді елдер арасында теңдік жүйесі болмады. Дайын өнімдерге қойылған төменгі баға отаршылдарға айтарлықтай табыс әкелді. Отар және жартылай отар халықтары тоналды. 27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз Ұлттық идеяны қалыптастыру мәселелері бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан шығыс елдерінің асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.Ұлттық идеяның табиғатын түсіну үшін, алдымен «идея» мен «ұлт» түсініктерінің ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет. Идея сөзі грек тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бейне, яғни, мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғымдарын білдіретін, түрлі мағынада қолданылатын философиялық термин. Идея болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеяның негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен формалары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір (жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып жатады. Қоғамдағы әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге деген көзқарастары, идеалдары мен құндылықтар жүйесі бар. Бұлар жиналып келіп, адамның рухани жан дүниесін құрайды. Сонымен, идея – бар нәрсені емес, басқа ұғымдардан өзгеше әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. Идея өзі тарихи дамудың нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің көптеген қырларын айқындап толысқан ұғым. Ол бүкіл даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген. Ал, «ұлттық» термині ұлтқа тиесілі деген мағынаны білдіреді. «ұлт» ұғымына Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт» және «этнос» ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос ұлттың туып, қалыптасуына негіз болады . Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Жоғарыда айтылған «идея» мен «ұлт» терминдерін біріктіретін болсақ, онда ұлттық идея бұл ұлттың ойы, санада көрініс табатын мақсат-мұраттары десе де болады. Ол ұлттың өзіндік санасының жүйеленген көрінісі ретінде халықтың, этностың, ұлттың өмір сүру мәнін анықтап, ұлттың пайда болуы мен тарихын, оның тарихи миссиясын көрсетеді. Сонымен, ұлттық идея – этностық, діни, мәдени және өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының ұжымдық жады, мақсат-мұраттары мен армандарының, дүниетанымының, көзқарастары мен құндылықтарының кешенді жиынтығы. Ол осы ұлттың өзі туралы, қоршаған әлем мен тарихи үдерістегі орны мен миссиясы және тарихы, өткені мен болашағы жайлы жалпы көзқарастарды аңғартады. Сондықтан ұлттық идея ұлт пен ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей әсер етіп, халықтың бар күш-жігері мен іс-әрекетін ортақ игі мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырып, сол үшін әлеуметтің тұтастығын қамтамасыз етеді. Ұлттық идея, жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, Қазақстан халықтарының шоғырлануына бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағдарлардың, құндылықтар мен идеалдардың кешенін білдіргендіктен, өтпелі кезеңді бастан кешіріп, әлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін ауадай қажет. Алайда, ұлттық идея кез келген қақтығыс пен қарама қайшылық тудырмауы тиіс, яғни ұлттық идеяның мәні мен мазмұнын, ең алдымен, ыдыратушылық емес, керісінше біріктірушілік, топтастырушылық пен ұйыстырушылық қасиеттері құрайды. Тағы бір ескеретініміз, ұлттық идеяны жай ғана ойлап табу мүмкін емес және белгілі бір әлеуметтік, саяси және мәдени кеңістікте қалыптасқан әрі өрбіген ұлттық идея кездейсоқ құбылыс емес.Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық Шығыс мемлекеттер үшін маңызды болып отыр
|