КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ызметтерді ұсынудың негізгі әдістері және қызмет көрсету формаларыСервис дегеніміз қажеттілікті немесе мұқтаждықты қанағаттандыра алатындардың барлығы және ол назар аударту , сатып алу , қолдану және тұтыну мақсатында рынокқа ұсынылады. Сервис болып бірінші жақ екінші жаққа ұсыныла алатын кез келген шара немесе іс-әркет, ол сезілмейді және ешкімнің иелігіне өтпейді. Оның ұсынылуы материалды өніммен байланысты болуы мүмкін.Сервистік қызметті ұсынудың әдістері деп жалпытеориялық сипаттау, таным принциптері, тарихи эволюция заңдылықтарының жүйелерін және қоғамдық өндірістегі, әлеуметтік құрылым мен мәдени тәжірибедегі орнын түсінуге болады.Тұрмыс - өмір салты, күнделікті өмір. Тұрмыс қызметі – адамдарға күнделікті мұқтаждарына қызмет көрсетумен айналысатын мекемелер. Сервис ағылшын тілінен аударылғанда өндіріс және тұрмыс саласында ұйымдастырылған қызмет.Ұсыныстың 5 санаты бар, олардың ішінде қызметтер көп немесе аз бөлігін құрайды. Төменде ұсыныстар қызмет көрсетудің үлесі көбею тәртібімен орналасқан: - ерекше сезінетін тауар, мысалы, тіс пастасы; - сезінетін тауарға қосымша қызметтерді қосу, мысалы, компьютерді сатумен қоса оған техникалық қызмет көрсету; - гибрид, ұсыныс тауар және қызметтерден бірдей дәрежеде тұрады, мысалы, мейрамхана және демалыс; - негізгі қызметке қосымша тауарлармен қызметтер көрсетіледі, мысалы, әуежолаушыларға ұшу кезінде тамақ, сусындар; - таза қызмет, мысалы, массаж, психотерапия. Қазіргі күндерде мейрамханалар қолданатын қызмет көрсетудің үш әдісі бар. – Қызмет көрсетудің ағылшын әдісі: дербес қызмет көрсету кезіндеде, қонақтардың шағын компаниясы болғандада, ұжымдық шаралар кезіндеде қолданылады. Ағылшын әдісі даяшының қосымша столды міндетті түрде қолдануын қарастырады, ол столда келесі әрекеттер жасалады: келермендер тарелкасына тамақты сыбағалы салу, салаттарды дайындау, коктейлдерді және басқа аралас сусындарды дайындау. Даяшының қосымша столында қыздыруға арналған электр плитасы болады, ол оған тамақ салынған ыдысты қояды, содан соң қонақтар тарелкаларына сыбағалы бөліп салады. Сыбағалау келесі тәртіпте орындалады: ет немесе балық; тұздық; картоп; көкөніс гарнир; көркемдеуші жасыл шөп. Сыбағалау кезінде тарелкаға келесі ретпен орналастырады: көк шөп, картоп, көкөніс гарнир, негізгі компонент, тұздық. Сыбаға салынған тарелканы даяшы қонаққа оның оң жағынан түрегеп тұрып береді. - Ағылшын әдісі мейрамханалық қызмет көрсетудің ең көрнекілі және қымбат тұратын түрі деп есептеледі. – Қызмет көрсетудің француз әдісі: тамақ тұтастай және толығымен ас үйде дайындалады, ет сыбағаларға кесіліп табаққа салынады және барлық гарнирлер. Осындай күйде табақ қонақтар отырған дастарханға әкелінеді, жәнеде үлкен қасық пен шанышқы көмегімен, әрбір қонақтың жеке тарелкасына ет пен гарнир сыбағасы салынады. Қызмет көрсетудің бұл түрі банкеттер мен кештерде ыңғайлы. Бұл жағдайларда даяшылар ақ қолғабтар киеді. – Қызмет көрсетудің орысша әдісі: қызмет көрсетудің бұл әдісі толығымен дайындалған қонақтар дастарханына алдын-ала барлық суық тағамдардың, салаттардың, сусындардың орналастырылуын қарастырады. Және де дастархандағы тағамдар мен сусындар дастархан басындағы қонақтардың бәрінің қолы жереліктей етіп орналастырылады. Келермендер өздері өздеріне қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда бір-біріне тағамдарды, салаттарды, т.б. алып береді. Қызмет көрсетудің барлық үш әдісі біздің Алматы қаламызда қолданылады, әсіресе – қызмет көрсетудің орыс әдісі. Қызмет көрсетудің формалары Тұтынушыларға қызмет көрсету формалары: тұтынушыларға қызмет көрсетудің түрлерімен және әр түрлілігімен ерекшеленетін қабылдаулар. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы қызмет көрсетудің формалары мен түрлері тағам қабылдау орындары мен тағамды тұтынушыларға жеткізу және қызмет көрсетушілердің қатысуына байланысты әр түрге бөлінеді. Қызмет көрсету кәсіпорындарында қызмет көрсетудің негізгі формаларына: · Ашық типті кәсіпорындарда өнімдерді тарату(мейрамханалар, барлар, асханалар, кафе және дәмханалар), сондай-ақ дайын өнім өндіретін кәсіпорындардағы асханалар мен оқыту орындарындағы асханалар; · Жолаушыларға қызмет көрсету түрлері; · Аспаздық өнімдерді аспаздық дүкендер арқылы тарату; · Даяшының немесе барменнің үйде қызмет көрсетуі жатады. Қызмет көрсету кәсіпорындарында қызмет көрсетудің келесі түрлері қолданылады: · Өзіне өзі қызмет көрсету; Қызмет көрсетуді тездету үшін дәл осы әдіс қолданылады. Тұтынушылар өз еркілерімен сусындарды, салқын тағамдарды және ұн кондитерлік өнімдерін алады. Ал ыстық тағамдарды тартушылар жіберер алдында порциялап қоды. · Барменнің немесе даяшының қызмет көрсетуі; Қызмет көрсетудің бұл түрі ыңғайлылықпен жайлылықты қамтамасыз ететін орындарда, яғни мейрамханаларда, барларда, кафелерде қолданылады. Мұдай кәсіпорындар тұтынушыларды тамақтандырып қана қоймай олардың демалуларынада жағдай жасайды. · Комбинирленген әдіс; Қызмет корсетудің бұл түрінде жоғарыда көрсетілген екі әдісте қолданылады. Мысалы, күндіз кәсіпорын тұтынушылардың өзіне өзі қызмет көрсетуі әдісімен жұмыс істесе кешке даяшылардың қызмет көрсетуі әдісімен жұмыс істейді.
|