Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Осалқы қызметтердің өмірлік циклының кезеңдерін басқару




Қызметтердің өмірлік циклы – бұл қызметтердің нарықта болу уақыты.

ТӨЦ тұжырымдамасы тауар түріне (ет тартқыш), типіне (тоқпен істейтін еттартқыш) қатысты, сондай-ақ сауда маркасына («Braun» электрлі еттартқыш) қарай қолданылуы мүмкін.

Тауар типі, әдетте, тауар түрі мен сауда маркасына қарағанда дәстүрлі өмірлік циклiн нақтырақ орындайды.

ТӨЦ кезеңдері қажеттілік пен сұраныс шамасы, халықтың өмір сүру деңгейі (ол жоғары болған сайын тауар ауыстыру тенденциясы да жоғары), ҒТП-тің даму қарқыны, нарық коньюнктурасы сияқты факторларға байланысты сараланады. ТӨЦ туралы мынадай тұжырымдар анықталған:

ТӨЦ-тiң әр кезеңінде экономикалық және бәсекелік орта өзгеріп отырады:

оның әр кезеңi үшін басымды стратегиялық мақсаттар анықталады;

ТӨЦ-тің әр кезеңiнде шығындар мен пайда құрылымы әрқалай;

маркетингтік бағдарлама ТӨЦ-тің әр кезеңiне бағытталуы қажет.

Маркетингтiң міндеті – нарықтағы тауардың өмір ұзақтығын ұтымды түрде ұзарту. Алайда ҒТП-тiң дамуы тауардың жылдам «ескiруіне» әкеледi. Пайда көлемі, инвестиция, маркетинг шығындары, бәсекеге қабілеттілік деңгейі, тауар бағасы, тұтынушылар мінез-құлқы ТӨЦ-тiң кезеңдерiне байланысты өзгерiп отырады.

Тауардың өмірлік циклінің құрамындағы ерекше кезеңі — өндіріс процесінен өткен дайын өнімнің нарыққа жеткенге дейінгі уақыты. Нарық айналымындағы жағдай тәрізді мұнда да тауар өндіруші аталған мерзімнің қысқа болғанын қалап, арі тауар билігі әзірге өз қолында тұрған соң оны нарыққа жылдамырақ жөнелтуге күш салатын болады.

Тауардың нарыққа шығуы немесе оның нарыққа ену кезеңі. Бұл кезеңнiң мақсаты – тауарды өткiзетiн нарықты қалыптастыру. Енгiзу кезеңiнде технология жаңа дами бастайды, нарық әлi анықтала қоймаған, өндiрiс қуаттылығы толық iске қосылмаған, ал тауар аз партиялармен шығарылғандықтан, фирма шығындары өте жоғары болады.

Сатудың өсу қарқыны тауардың жаңа болуымен және тұтынушы сұранысына байланысты. Әдетте, жаңа тауардан гөрі тауарды жаңғыртып, жетілдіру өткізу көлемiн тез ұлғайтады.

Нарықтағы жаңа тауар жетістігінің негізі болып оның технологиялық сипаты, дизайны, тұтынушылық қасиеті саналады. Ал сатып алушымен байланыс тауардың тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетуге мүмкiндiк бередi. Нарыққа жаңа тауармен шыққан фирма осындай тауар шығаратын бәсекелестер болмаса, нарықта айрықша орын алады. Фирма тұтынушы нарығының таңдауына байланысты жаңа тауарға жоғары баға қоя алады. ТӨЦ-тiң енгiзу кезеңiнде баға саясатының мүмкіншілігін тиімді пайдалану керек. Алайда, фирма нарыққа ену мақсатымен тауарға жалпы нарықтағы төмен бағаны қолдануы мүмкін. Бұл кезде тауардан пайда түспегендiктен немесе оның өте аз болуынан фирма залалға ұшырауы мүмкiн. Тауардың алғашқы тұтынушыларына нарықтағы жаңа тауарға ұмтылатын жаңашыл тұтынушылар жатады.

Өсу кезеңі. Бұл кезеңде тауардың жаңғыртып, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы бiлiп, сатып ала бастағандықтан оның өткiзу көлемi жылдам өсе бастайды. Өндіріс толық қуатпен жұмыс iстейдi. Тауарды iрi сериясымен шығаратын кәсiпорындарда өндiрiс қуаты жетiспей қалуы мүмкiн. Жаңа тауар үлкен көлемде сатыла бастайды, бiрақ нарықта оның бәсекелестерi туындайды. Тауар сапасы өте жоғары болғандықтан сату көлемі де, пайда да тез өсе бастайды. Жалпы нарықтағы осы тауардың тұтыну көлемінің өсуіне байланысты ТӨЦ-тің өсу кезеңiнiң соңында пайда деңгейi өзiнiң ең жоғары шегiне жетедi

Тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы сұраныс төмендейді. Кемелдену сатысы мерзiмi бойынша ТӨЦ-тiң ең ұзақ кезеңi болып саналады. Бұл кезеңде нарық шектен тыс сегменттелген және өндіріс қуаттылығы толық қолданылады. Тауар ірі партиялармен шығарылып, оның ассортиментін кеңейту және тереңдету шығындары жоғары болады. Фирма сұранысты қанағаттандыру мақсатында тауарларды үлкен көлемде шығара бастайды. Тауардың сапасы өте жақсы болып, дәстүрлі тауарлар қатарына қосылады.

Тауарды табысы орташа тұтынушылар сатып ала бастайды. Нарықтың осы тауармен толығуына байланысты оның өткізу мөлшері тұрақтанады. Көптеген фирмалар сұранысы бар нарыққа енгілерi келедi.

.

Тауарды өткізудің құлдырау кезеңі. Технологиялық процесс әсерінен жаңа және айтарлықтай жетілген тауарлар пайда бола бастайды.

Бұл кезеңде өндіріс қуаты біршама толық қолданылмайды, сұраныс пен пайда тұрақты түрде төмендейді. Нарықтық ортадағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер тауарлардың ескіре бастауына байланысты, сатып алушылардың талғамы мен қалауының өзгеруіне орай бағаның төмендеуiне алып келедi. Фирмалар бәсекелік күрестен шыға бастайды. Тұтынушылар саны азаюы есебінен бәсекелестер саны да қысқарады. Тауар ассортименті оның жақсы сатылатын түрлерінен тұрады және жеке дүкендерде шоғырланады. Өткiзу арналарының тек кейбір бөлігі ғана қолданылады. Маркетингтік іс-шаралар мен жарнамаға аз ғана шығындар кетеді. Ақпаратты жарнамада тауар бағасының арзандай бастағанын атап көрсетедi.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 88; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты