Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Газ өтетін құбырлар және газды тазалау




 

Газ жүретін құбырлар болаттың Ст.3 маркасынан, қалыңдығы 16 – 20 мм етіп істелінеді. Газ өтетін құбырлар қырына қойылған бір қатар шамот кірпішімен иніштелінген.

Домна газының құбырлары пештен шаң ұстағышқа дейін, газ құбырының ең жоғары нүктесіне үш данна да орнатылған, диаметрі 800 мм атмосфералық қақпақтармен жабдықталған.

Домна газының газ ағынын отын орнына пайдалануға болады. 1 тонна кокс жанғанда 5000 м3 газ түзіледі. Жану жылулығы шамамен 3700 кДж/м3 құрайды. Оны домналық ауа қыздырғыштарын, кокс және қыздырғыш пештерін, қазандық қондырғыларын, тұтандырғыш көріктерді жағуға пайдалану болады.

Домна пештерінің төрт-төртен жоғары көтерілетін газ жүретін құбырлары болады, одан кейін газ өтетін құбырлар жұптанып екі тік газ жүретін құбырға қосылады. Газ жүретін тік құбырлар горизантал жинағыш коллекторға ойып орнатылады, одан бір ең кіші газ жүретін құбыр шаң ұстағыштың стақанына дейін келіп жетеді (19-сурет)

 

 

1 – домна пеші; 2 – тиегіш аппараттың тендестіргіш клапандары; 3, 4 – тиісінде тікеден-тік және еңеіші газ өтетін құбырлар; 5 – шаң ұстағыш; 6, 9, 13 – газ өтетін құбырлар; 7 – жоғары қысымды скруббер; 8 – құбыр-шашыратқыш; 10 – дроссель құрылғысы; 11 – жартылай таза газ құбыры, 12 – электр сүзгілер.

 

19-сурет Домна пешінің газ тазалау құрылысының кешені.

 

 

Домна пешінен газбен бірге едәуір мөлшерде шихталық материалдардың майда фракциялары шығады. Газдағы шаң жану жылулығын төмендетеді, осындай газды отын ретінде пайдаланатын агрегаттардың бітеліп қалуына және тозуына әкеліп соқтырады.

Шаңның теріс әсерін жою үшін газды пайдаланар бұрын алдын ала арнайы құрылғыда тазартады. Тазартудың үш сатысын ажыратады: ірі, шала және нәзік тазарту.

Ірі тазартуда шаңның мөлшері алғашқы 15 – 30 г/м3-гі ден 1 – 3 г/м3-ге дейін төмендейді. Ол цилиндр формалы, диаметтрі 12 м-ге дейін жететін, қапталдары конус тәрізді, ішкі жоғары қалыңдығы 113 мм шамот кірпішімен иніштелінген тік резервуар.Шаң ұстағыштардың өлшемдері:

Шаң ұстағыштың жалпы биіктігі, мм 26430

Цилиндрінің диаметрі, мм 12000

Үстіңгі коеустың биіктігі, мм 7803

Астыңғы констың биіктігі, мм 6895

Шаң ұстағыштың көлемі, м3 2015

Қаптамасы қалыңдығы 12 мм 12 белдеуден тұрады, ал 4-ші және 9-шы белдеулердің қалыңдығы 14 мм-ге дейін жетеді. Шаң ұстағыштардың барлығы ОГ2С болатынан жасалынған.

Жартылай (шала) тазартуды сулы (ылғал) тәсілмен скруббер аппараттарында жүргізеді. Скрубберде тазартқанда газдағы шаңның мөлшері 0,1 – 0,8 г/м3-дейін төмендейді. Скруббер-бұл диаметрі 6 – 8 м, биіктігі 30 м-ге дейін жететін тікеден-тік цилиндр. Газ астынан беріліп, сумен шайылады.

Газды нәзік тазарту келесі агрегаттарды пайдалану арқылы жұргізіледі: газ бен суды араластыру үшін механикалық энергияны пайдаланатын дезинтегратарларда, мата қаптарында сүзу, электр сүзгілерде және ең соңында дроссель құрылғыларында. Мұндай тазартуда газдағы шаңның мөлшері 0,005 – 0,01 г/м3-дейін төмендейді. Ұсынылып отырған жобада, колошниктегі газ қысымын жоғарылатуға мүмкіндік беретін, дроссель тобын пайдаланамыз.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 221; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты