Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шойын және шлак ұңғысы




 

 

Шойын ұңғысы табанның деңгейінен 1700мм биіктікке орналасады. Шойын ұңғысының саны - 4 дана, ал шлактың ұңғы – 1. Олар қос-қосымен бірі-біріне 80 және 100°-та орналасады. Шойынды ағызып алу бекітілген кесте бойынша белгілі бір бірізділікте жүргізіледі. Шойын ұңғысының құрылғысы 7-суретте көрсетілген.

 

 

1 – оттөзімді қоспа; 2 – оттөзімді иніш; 3 – рама; 4 – мұздатқыш.

 

7-сурет Шойын ұңғысы.

Шойынды ағызып алу үшін оттөзімді қосындыда диаметрі 40 – 60 мм тесіп тесіледі де шойын ұңғының каналының бойымен барып шойынға арналған астауға түседі. Шойынды ағызып алу аяқталғаннан кейін тесік қайтадан оттөзімді қосындымен бекітіледі.

Шлак ұңғысы шойын ұңғысының деңгейінен 1400 – 1900 мм биіктікке орналасады. Көлемі 3200 м3 және одан жоғары, төрт шойын ұңғысымен жабдықталған пештерде, шлактың едәуір мөлшрі шойынмен бірге ағызылады. Сондықтан ұсынылып отырған пеште (V=3200 м3) 4 шойын және 1 шлак ұңғысы қарастырылады.

Шлак ұңғысы шлактық аспаппен жабдықталынған (8-сурет).

 

 

1,2 – су беріп тұруға және ол ағып кетуге арналған құбырлар; 3,4 - тірегіштер; 5 – тойтармалар; 6 – фланец; 7 – амбразура; 8,9 – тоңазытқыштар; 10 – фурма.

 

8-сурет Шлактық ұңғының арматурасы.

 

 

Шлакұңғысы телескопты қосылыстағы бірнеше бөліктерден тұрады: штампталған мыс немесе құйма, қуыс сумен салқындатылатын, шлакты ағызатын, диаметрі 50 – 65 мм фурмадан-10 қуыс, мыстан құйылған, салқындатылатын тоңазытқыштан-9, шойын тоңазытқыштан-8 және ішіне салқандату үшін шығыршық түтіктер құйылған амбразура-7.

Аспап көрік қабырғасындағы тесікке орнатылады. Шойын амбразура, көріктің қаптамасына тойтармалармен-5 бекітілген фланецке-6 кіргізіледі. Аспаптың деталдары остік ауытқудан, пештің ішіндегі қысымнан туатын, тіреуіштермен-4 бекемделінеді. Салқынбатылуға берілетін су құбыр-1 бойымен беріліп, құбыр-2 бойымен шығарылып кетеді. Аралық мұздатқыштың тіреуші-3 те сумен салқындатылады. Шлак аспабының ішкі дағы оттөзімді қосындымен толтырылады. Ол тоңазытқыштар мен амбразураны сұйық шлактың әсерінен қорғайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 115; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты