КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Пештің табаны, көрігі, иықтары, шахтасы және колошнигі
Пеш құрылмасының бөліктерінің жеке-жеке болуы оттөзімді қалауға әр түрлі әсер береді. Табанның оттөзімді қалауы, үлкен мөлшерде гидростатикалық және температуралық кернеулерге түсіп, жоғары оттөзімділікті талап етеді. Пештің табаны көміртекті (сыртқы стақаны) және жоғары глиноземді (ішкі стақаны) материалдардан қаланады. Оның төменгі бөлігі көміртекті немесе графиттелінген блоктардан жасалынады. Көрік пен табанның құрылмасы №6 суретте көрсетілген. Қалауды қираудан сақтау үшін, қаптама мен қалаудың арасына арнайы жасалынған тік құрылмалы беті тегіс тоңазытқыштар жүйесі орнатылады.
1 – ірге тасы; 2 – түптік тоңазытқыштар; 3 – металл түп; 4 – графиттелінген блоктар; 5 – жоғары глиноземді кірпіш; 6 – көміртекті блоктар; 7 – көміртекті масса; 8 – шеттік мұздатқыш; 9, 10 – шамоттық кірпіш.
6-сурет Домна пешінің табанының және көрігінің құрылмасы.
Көрік табаннан бастап шлак ұңғысының деңгейіне дейін көміртекті блоктардан немесе өлшемді кірпіштерден, ал шлактық ұңғының деңгейінен иықтарға дейін шамотным кирпичем. Көріктің оттөзімді қалауы бүкіл периметрі бойынша екі қатар тік, тақта тәрізді, тегіс мұзбатқыштармен салқындатылады. Иықтар А класы шамот кірпішінен қаланады. Қалау тік, қырлы кірпіш құйылған тақта тәрізді мұздатқыштармен салқындатылады. Жұмсартқыш пен шахта тығыздығы жоғары жоғарыглиноземді блоктардан немесе шамот кірпішінен қаланады. Жұмасртқыш мұздатқыштармен салқындатылады. Шахтаның биіктігінің 2/3 бөлігі кронштейнді мұздатқыштармен салқындатылады. Пештің колошник бөлігі құйма болат тақталарынын жасалынады. Пештің колошник бөлігі салқындатылмайды. Оны қалауға Б кластағы оттөзімді шамот кірпіші қолданылады. Көрік ауғанын салқындатуға оның 1м3 пайдалы көлеміне есептелінген шығыны 1,5 – 1,6м3/сағ су қолданады. Жобада шахтаны, жібіткішті және иықтарды салқындату үшін суды буландырып салқындату қарастырылған, ол суды 70%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін химиялық тазартырған суды пайдаланады. Іргетабан мен түптің арасын ауамен салқындатуды қолданады. Бұл диаметрі 140 мм, қалыңдығы 180 мм келетін, ішімен өнімділігі 45мың м3/сағ желдеткішпен айдалынатын ауа жүріп тұратын құбыр.
|