Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖАЛПЫ БӨЛІМ. Ұсынып отырған жобаның шегінде жаңа домна цехын істеу жұмыстары орындалады




 

 

Ұсынып отырған жобаның шегінде жаңа домна цехын істеу жұмыстары орындалады. Қазіргі кезде домна өндірісінде қолданылатын көптеген мөлшерде типтік жобалар, құрылмалық шешімдер және үлгіленген жабдықтар мен механизмдер құрылмалары бар. Осындай жабдықтардың жұмысы бойынша едәуір практикалық материал жинақталған. Бұл цехты жобалағанда оларды технологияның негізіне алуға және қортындыланған статикалық мәліметтері олардың тиімділігін бағалауға пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаланып отырған цех үшін жабдықтарды іріктеп алу алдағы ұзақ келешекке сай жүзеге асырылған, оған әр түрлі жабдықтар вариантының салыстырмалы сараптамасы негіз болған.

Домна цехы жылдық өнімділігі 8 млн.тонна қайта өңделінетін шойынға есептелінген.

Қазіргі жаңа домна цехтары, өндірістің технологиялық байланысты, бірдей құрылымда болады: цехтың басты технологиялық жобдығына домна пеші жатады, онымен бірге қалған басқа жабдықтар жұмыс істейді. Әдетте домна цехында бірнеше домна пеші болады, олардың әрқайсысы дербес көмекші құрылғылар мен механизмдермен (газ тазалау, шихтаны жеткізіп беріп тұру, үрлемені даярлау және т.б.) жабдықталынады. Алайда бұл жабдықтардың орналасуымен өзара байланысына, олардың орналасу жоспары деп аталынатын, жалпы домна цехының тиімділігіне және үнемділігіне сай болатын, бір қатар басты талаптар қойылады. Бұл талаптарға мыналар жатады:

1. Теміржол тараптарының үйлесуі және олардың дамуы цех ішіндегі жүктің айналымының тиімді болуын қамтамасыз етуге, жүк ағындарының қарама қарсы болмауын жоюға, балқама өнімдерін жинап алу үшін ожауларды тез беріп тұруға ыңғайлы болу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиісті.Сонымен қатар теміржол торабы оларды басқа дамақсатқа (пештерді жөндеу, апат жағдайларында) пайдалану мүмкіндігін беруге тисті.

2. Цех құрлыстарының, цехтың ауданының, коммуникациялардың және олардың қосымша құрылыстарының (жолдар, эстакадалар, көліктер және т.б.) аралықтары мүмкіншілігінше аз болғаны және өнеркәсіп обиектілеріндегі құрылыс нормаларына сай болғаны дұрыс.

3. Цехтың басқа цехтармен байланысы икемді және тиімді болуға тиісті.

4. Цехтың келешекте одан ары дамуына кедергі болмауға тиісті.

Цехты жобалаған кезде пайдалану саласына жататын талаптарды есепке алу дұрыс болады.

1. Агрегаттар ұзақ уақыт тоқтаусыз, бір агрегатты жөндегенде басқалары үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін, жұмыс істейтіндей болып орналауға тиісті.

2. Сұйық балқыма өнімдерін тасымалдау аз маневр жасап жүргізілуге тиісті, астаулар, тракттар қысқа болуға тиісті.

3. Көліктің жақындау габариттері қауіпсіздік шарттарын қанағаттандырарлық болуға тиісті.

4. Автоматизация және байланыс құралдарының барлық аппаратуралары,пешті апаттық жағдайда тоқтататын құралдар (снорт және т.б.), тұрмыс орындар газдалған және шаңдалған учаскелерден, сонымен қатар қауіптілігін жоғары учаскелерден алыстау жерге орналасуға тиісті.

5. Теміржол тораптарын пештердің бойық сызығының бойында орналас-тыру қажет; ең кіші айналу (бұрылу) радиусы 120 м, жолдар арасындағы қашықтық 4,5 м-ден кем болмау керек, алайда колонналар пайда болғанда бұл мөлшерге колоннаның ені қосылуға тиісті; шығатын жолдардың еңістігі 25°-тан аспау керек. Шойын таситын және шлак таситын жолдардың еңістігі мен көте-рілу бұрышы тиісінше 10° және 15°-тан артық болуға рұқсат берілмейді.

Қазіргі кезде бұл талптардың барлығына салынып жатқан орташа пештер (3200 м3-ге дейін) және үлкен (5500 м3-ге дейін) көлемді, аралша орналасқан пештер сай келеді.

Цехтың құрамына мыналар кіреді:

1. Салынып жатқан пештердің қызмет көрсететін жабдықтарының (колошник құрылғысымен бірге домна пештерінің өздері, құйғыш ауласы, ауа қыздырғыш блогі, газ жүйелерімен бірге шаң ұстағыштар, бункер эстакадалар, шихтаның скиптік тиеулері, домна пештері мен ауа қыздырғыштарының басқару пункттары) орталық түйіндері;

2. Құйғыш машиналары;

3. Суыған шойын қоймасы;

4. Ожаулар жөндеуінің депосы;

5. Оттөзімді массалары дайындау учаскесі;

6. Кокс орынына беретін ауыстырғыштарды (мазутты) беріп тұратын қондарғы;

7. Шлак ожауларын әк ерітіндісімен бүркетін қондырғы;

8. Шлак өңдейтін участогі;

9. Ожаулар паркі;

10. Домна цехының электростанциясы;

11. Цехтың насостық (сорғылар) станциясы;

12. Басқа обиектер (түтін сорғыш, мех.шеберханасы, ӘТК және басқалар).

Жобаланатын пештің, цехтың өте маңызды ерекшелігі типті пештердің ұқсас (төрт пештіңде пайдалы көлемдері V=3200 м3) және оларда істейтін жабдықтар кешендерінің де бірыңғай болғаны дұрыс.

Пештердің пайдалы көлемдерін осылайша алу цехты икемді етеді, жабдықтарды ауыстыру оңайға түседі, жөндеу жұмыстарының мерзімі қысқарады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 85; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты