Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Цехтың бас жоспары




 

 

Домна цехтарының планына қойылатын басты талаптар бүкіл негізгі құрылыстардың, агрегаттардың, машиналардың, құрылғылардың және тасмалдау жолдарының тиімді орналасуы. Домна цехын жинастыру күделі және шетін мәселе.

Цехты алғашқы сатысында құрастыру жеке құрылыстарды цехтың планына орналастырумен шектелінеді, сонбықтан цехты кононовать ету мәселесі цехтың жоспарының мәселесі ретінде түсіну қабылданған.

Цехтың планы үнемді, цехтың ауданы және құрылыстарының габариттері-минимал, құрылыстарының аралығы нормаға сай, ал үйлесетіндері-қарапайым болуға тиісті. Құрылыстарды бірлестіру цех планының артық-шылығы болып саналады.

Домна цехының пландарының екі типі болады.

Типтік жоспарлар бойынша салынған құрылыстардың маңызды техникалық және эканомикалық артықшылығы бар. Типтік жобалар құрылма мен жабдықтарды біпыңғайлылауға, зауытта және өндірістік құрылыс кәсіпорындарында жасалынатын құрлыс детальдарының типтік өлшемдерінің қысқартуға мүмкіндік береді.

Зауыттар шығаратын жалпы құрылмаларды, детальдарды және жабдықтарды үйлестіру (бір ізге салу) олардың сапасын жақсартуға, өзіндік құнын төмендетуге және өндіріс ауқымен өсіруге қолайлы жағдай туғызады.

Көлемі V=930м3 домна пешінің типтік жобасын тұнғыш рет 1930ж. ГИПРОМЕЗ жасаған болатын. Осы жобаның негізімен, шамалы ғана ауытқуы бар, бір қатар зауыттарды 14 пеш салынған болатын. 1936ж. 1300 м 3 домна пешінің жобасы жарыққа шықты, бұл жылдары 1033 м3 пеште пайда болады. Бұл пештердің қаптамасын пісіру арқылы жасады. Бірыңғайлы жабдықтардың негізінде 1957ж. келемі 1386 м3 домна пешінің жобасы жасылынды. Ол типтік пеш емес еді, бірақ осының негізінде 8 пеш салынған болатын.

Жаңа жабдықтар жинағын енгізуге байланысты 1386 м3 домна пешінің жобасы қайта қаралды да көлемі 1513 м3 және 1719 м3 пештерді салғанда, көлемі 1386 м3 пештің жабдықтарын пайдаланды, осыған орай ол типтік пеш ретінде саналатын болды.

Домна цехының алғашқы типтік жобалары пештердің блоктық орналасуымен сипатталынды. Пештің блоктық орналау жобасы №1 суретте көрсетілген.

 

 

 

1 – домна пештері; 2 – ауа қыздырғыштар; 3 – түтін мұржасы; 4 – құю алаңы; 5 – еңкіш көпір; 6 – кендік бункерлер; 7 – кокстық бункерлер; 8 – шаң ұстағыштар; 9 – шойынды жинауға арналған темір жол торабы; 10 – шаңды жинауға арналған темір жол торабы; 11 – шлакты жинауға арналған темір жол торабы; 12 – кокс ұсақтарын жинауға арналған темір жол торабы; 13 – шаруашылық жолдар; 14 – жүргінші жолдар.

 

1-сурет Пештің блок түрінде орналасқан домна цехының планы.

 

 

1 – түтін мұржалары; 2 – ауа қыздырғыштар; 3 – домна пештері; 4 – құю аулалары; 5 – шаң ұстағыштар; 6, 8, 10 – тиісінше колошник шаңын, шойынды, шлакты және кокс ұсақтарын жинауға арналған темір жолдар; 7 - өтетін жолдар; 11 – еңкіш көпір; 12 – кендік бункерлер; 13 – кокстық бункерлер; 14 – шаруашылық жолдар.

 

2-сурет Пештің аралша орналасқан домна цехының планы.

 

 

 

1 – пешті және ауа қыздарғыштарын басқаратын ғимарат; 2 – ауа қыздырғыштар; 3 – түтін мұржасы; 4 – шаруашылық жолдар; 5, 13 – шойынды жинап алатын темір жолы; 6 – шаң ұстағыш; 7, 12 - өтетін жолдар; 8, 14 – шлакты түйіршіктеуге арналған қондырғылар; 9 – түйіршіктелген шлақтарды сусыздандыруға (сорғытуға) арналған бункерлер;

 

3-сурет Пештері аралша орналасқан домна цехның планы (4 ұңғылы, материалдарды колошникке конвейерлі беретін және шлакты ожаусыз жинайтын жомна пештері).

Мұндай жоспарды цех жинақты болады, бірақ балқыманың сұйық өнімдерін жинау қиындайды (барлық домна пештерінде өнімдерді шығарып алудың нақтылы келіскен кестесі болуға керек), артық құю алаңы шойын мен шлак ұңғысына қызмет жасауды қиындатады, цех шегіндегі шойын және шлак таситын жолдардың арасында байланыс қатынасы болмайды.

Пештерінің пайдалы көлемі 1300 м3 домна цехының екінші типтік жобасын 1936ж. ГИПРОМЕЗ жасады. Бұл жобада әр пештің өзінің дербес құю ауласы болатын болды. Сондықтан пештердің бұлай орналасуын арал тәртібінде деп атайды. Мұндай жағдайда темір жол көлігінің жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасалынады, домна пешін пайдалану және жөндеу жұмыстарын жаса барысында зызмет көрсету жағдайлары жақсарады. Жолдар екі жағынан бірдей қосылған, бұл әр домна пешінің бір-біріне тәуелсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Құю ауласының жұмыстарын істеуге тұйық жол қарастырылған. Домна пештерінің барлығы бір сызық бойына орналасады, ал ауа қыздырғыш блогі, құю алаңы және шойын мен шлак ожауларын қоятын жолдар осы ось бойына бұрышпен орналасады. Мұндай жоспарлау қазіргі жомна цехтарына тәне келеді (№2 және №3 суретті қара).

Шойын мен шлактың жүк ағыны жеке жүргізілетін цехтардың жұмістеу қабілеті ең жоғары болады.

Ұсынылып отырған жобада домна пештерінің цехтың осінің бойында арал тәртібімен орналасуы және шойын мен шлак ағынының жеке-жеке жүруі қарастырылған. Әр пеш үшін домна пешінің осіне (цехтың осіне) қарай 45° жүк қойылатын жолдар орналасқан. Жүк қойылатын жолдардың барлығы тұйық жол болып келеді де жомна пешінің осінің екі жағына орналасқан шойын мен шлактың транзит (өтетін=жүретін ) жолына шығады.

Жүк (ожау және т.б.) қойылатын жолдар мен астаулардың ұзындығын және шойын ұңғысының орын деңгейін қысқарту үшін, жүк қойылатын жолдардың санын арттырады, ал ол шойын мен шлактың ағынын ажыратумен қатар жүреді.

Осы жобаға сай домна пештерінде дөңгелек (ең алдыңғы ретінде) құю ауласы қарастырылған, ал шойын 4 шойын ұңғысы арқылы екі жағына құйылады. Құю ауласының екі жағынан екі-екіден шойын таситын және шлак таситын екі жүк қойылатын жолдар болады.

Шихталық материалдар жүк тиеу станциясынан ковейрлермен бункерлік эстакадаларға беріледі, ал одан олар цехтың осіне параллел орналастырылған жолдар бойымен темір жол және конвейерлермен жеткізіліп беріліп тұрады.

Одан басқа, осы жобада құю ауласына қажетті материалдар мен жабдықтар жеткізіліп беріліп тұратын шаруашылық жолының боуы қарастырылған.

Түскен шлактың барлығы өңдеу үшін шлак өңдеу учаскесіне тасымалданады, ол домна цехының сыртында, шлак үйіндісінің жолының үстінде орналасады.

Агрегаттардың кәдімгідей жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін және құрылыс нормаларының талаптарын орындау үшін домна пештерінің орталық тораптарының аралығы, осы жобаға сай, 350 м құрайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 143; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты