Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жобаланатын цехтың шикізат базасы




 

Жобаланатын домна цехы «АМТ»-ның шикізат жағдайын пайдаланып, толық флюстенген агломерат 8 млн.тонна қайта өңделінетін шойын өндіруді қарастырады. Флюстенген агломератты пайдаланудың артықшылығы домна пешін шикі әктас беруді мүлдем жоятындығында. Флюстенген материалдың (агломерат, кенбұршақ) дүние жүзінде кең қолданыс тапқанын ескерте кету керек. Флюстенген агломерат қолдану шлактың түзілу жағдайын жақсартады, домнада балқытудың техникалық-эканомикалық көрсеткіштерін арттырады.

Домналық балқыманың шикізаты ретінде флюстенген агломератты пайдаланғанда, оны даярлау үшін шихталық материалдарды пайдалану мәселесін қарастыру қажет.

Әр кәсіпорын нақталы бір шикізатқа тіркелінеді, сонымен осы шикізаттың ерекше өзгешілігінің негізінде металлургиялық циклдің технологиясы жасалынады (агломерация өндірісінің, домналық балқытудың, кокс өндірудің). Берілген тапсырма бойынша «АМТ»-ның шикізат базасын толық пайдаланамыз. Осыған байланысты «Арселор Миттал Теміртаудың» қолданатын шикізаттарының басты көздерін қарастырамыз.

Ең алдымен бүкіл шикізаттар комбинатта алдын ала домналық балқытуға даярланатынын айта кету керек, яғни кез келген шикізат қазып алынғыннан кейін тікелей домна пешіне түспейді. Шикі материалдар сондықтан мұқият ортақтандыру мен агломерациялаудан өтеді. Домна пешінің шикізаты мүмкіншілігінше саны аз компаненттерден тұратын етуге ұмтылу керек. Қазіргі жағдайларға қарай әр түрлі кенорындарының жинақталған шикізатынан домна цехын қорландырып тұратын бір ғана өнім-флюстенген (өздігінен балқығыш) агломератты-алады. Сондықтан домна цехының шикізат базасы ретінде аглофабрикаға шикізат материалдарын жеткізіп беріп тұратын кенорындарының жинағы белгіленеді.

Сөйтіп «АМТ» домна цехы өзінің домна пештерінің шихтасында аглофабрикаға келіп түскен темірлі-кен материалдарынан даярланған толық флютенген агломератты пайдаланады. Флютенген агломератты алу үшін аглофабрикаға материалдардың келесі түрлері түседі: ССГПО-ның (Соколов-Сарбай Тау-кен Өндірістік бірлестігі) және Ледединскийдің темірге бай байытпасы, Лисаковтың гравитациялық-магниттік байытпасы (ЛГМК), Атасу мен Кентөбе-Тоғайдың магнитті-гематиттік темір кендері, Жәйрем ТКБК-ның (ГОК-ының) марганецті және темірлі-марганецті кендері, металлургиялық өндірістің қолдықтары (кологиник шаңы, домна цехының елендісі, темір қағы және т.б.), сонымен қатар флюстер (Алексив және Балқаш доломиттері, Оңтүстік Топар және Павлодар әктастары).

Бұл материалдардан алынған агломерат домна пештерінің шихтасының негізгі бөлігі құрайды, сонымен қатар домна цехын да кенбұршақтар да (жұмаршақтар) (Ледедиский, ССГПО). «АМТ»-ның комбинатына келіп түсетін кендердің және басқа материалдардың химиялық құрамы №2 кестеде келтірілген.


Шикізат материалдарының химиялық құрамы

 

2 кесте

Материалдың аты Компоненттердің үлесі, % Ірілігі, мм
Fe FeO SiO2 CaO MgO MnO Al2O3 S P ПКЖ
1.Кендер мен байытпалар                      
ССГПО байытпасы 68,46 29,53 4,00 1,15 0,89 0,22 1,44 0,346 0,013 -2,25 0-0,1
Лебединск байытпасы 68,34 29,61 5,58 0,15 0,38 < 0,10 0,07 0,057 0,014 -2,79 0-0,1
Лисаков ГМК-сы 49,36 1,13 10,67 0,38 0,24 0,24 4,80 0,170 0,728 12,24 0-1
Атасу кені                      
Шахталық 44,95 11,45 18,30 5,89 0,73 1,01 1,75 0,582 0,027 9,18 0-80
Тайлық 43,27 0,88 29,43 0,35 0,14 0,90 3,24 0,141 0,380 4,03 0-80
Карьерлік 45,23 2,74 24,25 1,57 0,81 1,81 2,22 0,167 0,040 3,65 0-80
Қаражал маргенецті 28,43 2,65 29,15 1,10 0,43 17,65 3,54 0,103 0,041 6,90 0-10
Қытайы марганецті 28,44 0,85 33,09 0,44 0,32 17,70 3,18 0,048 0,032 6,01 0-10
Тоғай кені 55,56 15,67 11,74 1,81 0,50 0,22 1,92 0,771 0,064 1,82 0-80
Шойынтас кені 49,72 1,81 21,75 0,76 0,25 0,50 2,82 0,078 0,053 3,90 0,80
Жәйрем кені                      
Темір-марганецті 50,08 0,65 12,79 0,57 0,26 10,19 2,18 0,033 0,018 2,83 0-10
Марганецті 29,47 0,71 23,57 0,80 0,28 18,95 4,62 0,052 0,034 7,29 0-10
2.Темірлі қалдықтар                      
Темір қағы 72,92 65,05 0,83 0,38 0,26 0,56 0,36 0,035 0,024 -5,91 0-10
Әкпен майлы темір қағы 41,60 25,26 1,28 19,68 3,20 0,36 0,47 0,434 0,030 16,78 0-10
Колошник шаңы 33,67 8,39 6,62 1,26 0,46 2,69 0,31 0,383 0,060 32,50 0-3
Аглоеленді -51,35 10,27 10,25 12,21 1,90 0,94 2,68 0,091 0,180 0,23 0-5
Шлам УПШ 37,58 5,98 9,53 15,72 2,82 0,58 3,44 0,457 0,078 14,51 0-5
3.Флюстер                      
Оңтүстік Топар әктасы 0,60 - 0,99 54,07 0,71 - 0,30 - - 44,10 0-60
Павладар әктасы 0,65 - 1,20 53,99 0,47 - 0,25 - - 44,10 0-60
Алексивск доломиті 1,79 - 1,05 29,54 19,67 - 0,58 - - 45,00 0-60
Балхаш доломиті 0,99 - 1,41 31,43 20,29 - 0,28 - 0,050 45,00 0-60
Шахталық пештердің әгі - - 0,98 82,26 0,30 - 0,35 - - 13,24 10-60
КС-1000 пештің әк шаңы - - 2,32 73,68 0,45 - - 0,030 - 21,18 6-2
4.Отын                      
Кокс күлі 6,25 0,87 53,12 5,44 1,37 - 29,81 - 0,3448 - -
Көмір күлі 4,02 - 47,50 6,05 2,43 - 28,29 - - - -
5.Домна цехының шикізаттары                      
ССГПО кенбұршақтары -61,80 1,93 4,26 40,49 1,02 0,22 1,41 0,058 0,028 0,54 0-25
Лебединск кенбұршақтары 66,57 1,78 5,38 0,18 0,38 <0,10 0,32 0,013 0,012 -0,21 0-25

 

* - Колошник шаңында 32% көміртек бар.

** - Аглоөндірісіне түсетін ұсақ кокста, факциялығына қарай 12,5%-дан 16,0% күлі болады.

*** - Құнарсыз көмірлер. Кузбастың Краснобродек кесіндісінің көмірінде 7% күл және 10% ұшпа заттары болады.

 



Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 90; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты