Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КІРІСПЕ. Қоғамның қазіргі даму барысындағы қара металлургияның ролі өте зор




 

 

Қоғамның қазіргі даму барысындағы қара металлургияның ролі өте зор. Адам баласының техникалық цивилизациясы (мәдени дамуы) көбінесе әр түрлі материалдарды, соның ішінде ең алдымен құрылымдық, ең басты қара металдар болып саналатын, материалдарды игеру және өндіру негізінде дамуы. Біраз уақыт небәрі 7-ақ металл (алтын, күміс, мыс, қорғасын, сынап, темір) болған деп есептелінген.

Қазіргі уақытта ғылымға 80-нен астам металл белгілі, олардың көпшілігі техникада пайдаланылады.

Дүние жүзілік практикалық-іс жүзінде металдарды қара (темір және оның қорытпалары) және барлық қалғандарын қара емес немесе түсті металдар деп бөлу тарихи қалыптасқан. Осыған орай металлургия қара және түсті деп екіге жиі бөлінеді. Қазіргі кезде қара металдар үлесіне дүние жүзінде өндірілетін металл өнімдерінің шамамен 95%-ы жатады.

ХІХ ғасырдың орта кезінде ғылымға «темір дәуірі» деген термин енгізілген болатын. Осы уақыттан темірді кеңінен пайдалану басталды. Басқа құрылымдық материалдарға қарағанда темір және оның қорытпалары келесі сипаттамаларымен теңдессіз: беріктігі, арзан, біршама оңай өңделуі, өндіруі, бай шикізат көздері, жоғары мөлшері, қайта пайдалануға жарамдылығы.

Соңғы 20 жылда металдарды дүние жүзілік тұтыну және дүние жүзілік металдар қоры екі есе өсті, сөйтіп тиісінше шамамен 800 млн.тонна және шамамен 8 млрд.тонна құрады. (Адам баласының барлық тарихы бойынша, кейбір мәліметтерге қарағанда, 12 млрд.тоннадан артық темір өндірілген). Бұл оның табиғатта көп таралуына (4,4%) байланысты болуы мүмкін.

Металдарды өндіріп алу тәсілдері және оны пайдалану дүние жүзілік техникалық прогресті қамтып көрсетеді. Өндіріп алу және тұтыну жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне әсерін береді Оның өсуі ЖІӨ-нің өсуіне, ал оның төмендеуі, тиісінше, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) төмендеуіне әкеліп соқтырады.

1980-1995 жылдары әлемдік болат өндірісінде біраз төмендеу байқалды, мысалы 1988 жылы дүние жүзілік болат өндіру 789 млн.тонна, ал 1992 жылы ол 723 млн.тонна дейін қысқарады. Қазіргі кезде металға деген сұраныстың жоғарылауына байланысты металл өнімдерінің қайта өсуі байқалып келеді. Әсіресе қазір өнімнің прогрессивті жоғары технологиясы түрлеріне сұраныс өте жоғары: жайма покат, сорттық прокат, ақ қаңылтыр, мырышталынған металл.

Өндірістің технологиясын мейлінше жетілдіру қазірдің өзінде өндірістің «кен-прокат» интеграциялануына әкеліп жеткізді.

Бүгінгі күнде болат өндірудің екі сатылы тәсілі жаппай қоданылады (кеннен, аралық өнім ретінде, шойын алады, ал одан кейін оны болатқа қайта өңдейді). Әзірше бұл тәсіл ең үнемді және өнімді тәсілдің бірі ғана болып қалады Шойынның 90-95%-ға дейін болатқа қайта өңделінеді, сондықтан барлық елдердегі металл өндірушілердің шойын өндіретін көлемі қорытып алынатын болаттың көлемінің ~75%-н құрайды. Осыған байлансты домна өндірісінің темір өндірудегі ролі алдағы орында болады.

Домна өндірісінің маңыздылығы тек экономикалық түсінікте ғана емес. Домна үдерісі металлургиялық үдерістің ең бір көне, ерекше және оксидтерден темірді бөліп алуға болатын, өйткені басқа үдерістер бұл дәрежеде оны әзірше істей алмайтын, жалғыз ғана түрі.

Бұл үдерістің өте жоғары тиімділігіне жеткен, көптеген мөлшерде технологиялар жасалынған, оның одан ары дамуы мен жетілдірілуіне айтарлықтай потенциал беретін, көп көлемде эксперименталдық және теориялық жете зерттеулер жұмыстары жинақталынған.

Жаңа домна цехын жобалаған кезде алдағы технологиялық тәжірибе және соңғы технологиялық деңгейге байланысты оның экономикалық тиімділігі жоғары болады деп күтеді, ал бұл өзіндік құны өте төмен шойын алуға қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі домна пештері біршама оңай басқарылатын агрегаттарға жатады, шойынның жоғары сапасын және мөлшерін қамтамасыз етеді. Одан басқа, домна пешінде металдың күкіртсізденуіне қолайлы, жоғары сападағы болат, прокат өндірісіне жағдай жасалынды.

Қазіргі кезде жаңа домна пеші сыйымдылығы өте үлкен агрегат болып саналады. Мысалы, әлемде пайдалы көлемі 5000 м3-ден жоғары пештер бар және олар ойдағыдай жұмыс істейді. Арселор Митталдың домна цехындағы пештердің пайдалы көлемі 3848 м3 дейін жетеді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған. Домна пешіндегі үдерістерді үдету үшін қарқындатқыштар, толық флюстенген материал, жоғары температурадағы үрлеме және т.б. пайдаланылады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 207; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты