Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Домна пешінің металл құрылмасы




 

Домна пеші сырт жағынан металл қаптамаға алынған. Ол бірнеше цилиндірлік және конус тәрізді белдеулерден тұрады.

Қаптаманы соққы тұтқырлығы, беріктігі, пластикалығы, термотұрақтылығы жоғары (16Г2АФ, 10Г2С1, 14Г2 және т.б.), қалыңдығы оларды қоданатын жердегі механикалық және температуралық кернеулермен анықталатын, кәдәмгі аз көміртекті немесе төмен легирленген болаттар жапырағынан жасап шығарады. Қаптаманың жоғары бөлігіндегі қалыңдығы 22 – 45 мм-ді, иықтар маңындағысы 30 – 50 мм-ді, табан мен көрік (ашық) аума-ғындағысы 30 – 50 мм-ді құрайды.

Домна пешінің қаптамасы пісіріліп жасалынады. Қаптамада, ауа (үрлеме) беруге, шлак және шойын ұңғыларының құылғыларының арматурасын орналастыру үшін, жасалынған ойықтарды металл жолақтарын салумен, амбразуралармен немесе құйылып шығарылған рамалармен күшейтеді.

Табанның, көріктің және иықтардың қаптамасы ірге тасқа тіреледі. Шахтаның қаптамасы тіреуіш сақинасы (маратор) арқылы колоннаға отырғызылады. Маратор сақинасы қалыңдығы 36мм болат жапырақтарынан жасалынады. Колоннаның (тіреу) төменгі бөлігі ірге тасқа бекітіледі. Сәл еңкейте қойылатын 4 колонна қарастырылған.

Көлемі 3000 м3 кейбір пештерде қаптама өзі көтеріп тұратын құрылмада, демек шахтаның, колошниктің және күмбездің қаптамасы пештің төменгі бөлігінің қаптамасына тірелінеді (маратарлық сақина жоқ). Мұндай жағдайда колошник құрылғысы арнайы жасалған колоннаға я болмаса құю ауласының ғимаратының шатырына отырғызылады.

Қандай құрылма болғанменен қаптаманы айналдыра пештің әр жеріндегі биіктігінде, пештің қызымет көрсету жұмыстарын жүргізетін бірнеше алаңшалар орнатылады. Алаңшалар бірі-бірімен баспалдақтармен және лифтпен байланысқан.

Домна пешінің аймақтар бойынша қаптамасының қалыңдығы №9 кестеде келтірілген. Бұл кестедегі мәліметтер үш пешке бірдей.

 

 

Домна пештерінің қаптамасының қалыңдығы

 

9 кесте

Пештің аймағы Қаптаманың қалыңдығы, мм
Табаны Көрік Иықтары Жібіткіш Шахта Колошник Күмбез Маратор сақинасы 30, 40, 50 30, 40 36-40

 

 

Домна пешінің металл қаптамасы домна пеші жұмыс кеңістігінде көтеріңкі қысымда істегенде өте маңызы жоғары геметикалықтысақтайды. Төменгі бөлігінде (табанының астында) кейде пештің қаптамасының, пештің геметикалығын сақтауға арналған металл түбі болады. Қаптаманың үстіңгі бөлігі тиегіш аппаратқа тірек болуды атқаратын, құйылып жасалынған болат фланецпен құрсауланады.

Пештің оттөзімді қалауы жылулықтың шығындарын (жоғалымдарын) азайтуға және пештің қаптамасын жылулық пен басқа да зиянды әсерлерден қорғауға арналынып жасалған. Пештің қаптамасы көптеген әсерлерге тап болады: температуралық кернеулерге, газдардың, шихтаның, балқыманың сұйық өнімдерінің қысымына, химиялық әсерге, төмен қарай жылжыған материалдың абразивтік және жоғары көтерілген, өзімен бірге көп мөлшерде шаң айдайтын газдың әсеріне (5-сурет).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 148; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты