Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Домна пешінің оттөзімді қалауы




 

Пештің әр бөлігіндегі оттөзімді қалауға әсерер ету түрлі, сондықтан иніштің материалын және пештің жеке бөліктерінің құрылмасын осы әсерлерді ала отырып таңдау қажет.

Жылулықтың, газдардың қысымы, шихтаның және балқыманың сұйық өнімдерінің әсерлері жоғарғы аймақтардан төмендеріне қарай арта түседі. Температураның жоғарылауына қарай оттөзімді материалдардың қосынды-лармен қанығуы кшейе түседі. Олар оның, тіпті балқығанға дейін (оттөзімдінің шлактануына дейін), оттөзімділігін төмендетеді.

Пештің қалауы әрдайым сұйық шойынмен шайылып тұрады, үлкен гидростатикалық қысымға түседі және температуралық кернеулерге тап болады. Олар қалауды беріксіздендіреді. Табанның тұрақтылығын жоғарылыту үшін қалауын саңылаулары өте кіші үлкен өлшемді кірпіштерден (блоктардан) жасайды.

Металл қабылдағыштың да қалауы қатайып келе жатқан шойынның сыналап ажырату әсеріне тап болады, шлакпен жуылып тұрады.

Көрік қалауының үстіңгі бөлігінің-фурмалық аймақтың-жұмыс істеу жағдайы оның металл қабылдағышта атқаратын жұмысынан өзгеше болады. Бұл аймақа ең жоғары температура даму алады, ал қалған жағдайларда қалау табан мен металл қабылдағышқа қарағанда одан жағдайда болмайды, ол қалауға әсер етеді. Бұл жерде материал өте оттөзімді болуға тиісті және шлак пен газдың еріткіш әсеріне жақсы қарсылауға тиісті.

Иықтар тікелей жану ошағының қасына орналасқан, жоғары температура дамиды, шойын мен шлактың ағыстарымен шайылып тұрады. Сөйтіп, термиялық кернеуден басқа газдардың, сұйық шлактың және шойынның химиялық әсеріне түсіп, өте қыйын жағдайда жұмыс істейді.

Шахтаның төменді бөлігіндегі қабырғасы өте күшті жылулық кернеуге және шлактың химиялық әсеріне түседі, шихтаның кесектерімен және жоғары көтерілген газ ағынындағы шаңның түйіршіктерімен аз үйкеліске түседі. Жоғары бөлігінде, керісінше, жылулық кернеу күшіті емес, химиялық әсер жоқ, ал материалдардың және газ ағынының абразивтік әсері күштілеу болып келеді.

Шахтаның орта және жоғары бөліктеріндегі оттөзімді қалаудың қирауы жіктері мен сызаттарында көміртек (||) оксидінің келесі реакциясының нәтижесінде түзілетін күйе көміртегінің отыру себебінде жүреді:

 

2CO®CО2+Cкүйе

 

Күйе көміртектің шөгуі оттөзімді кірпіштің құрылымының өзгеруін, сонымен қалаудың қалыңдауын тудырады. Күйе көміртектің өте көп шөгуі 500 - 600°С-дегі температураның аралығында жүреді.

Пештің әр түрлі бөліктерінде қалауды пайдалану тәртібіне қарай оттөзімді кірпішке қойылатын талаптар пайда болады. Мұның пештің төменгі бөліктерін қалап шығаруға маңызы зор, өйткені кірпіш қызу барысында механикалық беріктігін жоғальпауға және шлакта ерімеуге тиісті.

Көрік қалауының үстіңгі бөлігінің-фурмалық аймақтың-жұмыс істеу жағдайы оның металл қабылдағышта атқаратын жұмысынан өзгеше болады. Бұл аймақа ең жоғары температура даму алады, ал қалған жағдайларда қалау табан мен металл қабылдағышқа қарағанда одан жағдайда болмайды, ол қалауға әсер етеді. Бұл жерде материал өте оттөзімді болуға тиісті және шлак пен газдың еріткіш әсеріне жақсы қарсылауға тиісті.

Иықтар тікелей жану ошағының қасына орналасқан, жоғары температура дамиды, шойын мен шлактың ағыстарымен шайылып тұрады. Сөйтіп, термиялық кернеуден басқа газдардың, сұйық шлактың және шойынның химиялық әсеріне түсіп, өте қыйын жағдайда жұмыс істейді.

Шахтаның төменді бөлігіндегі қабырғасы өте күшті жылулық кернеуге және шлактың химиялық әсеріне түседі, шихтаның кесектерімен және жоғары көтерілген газ ағынындағы шаңның түйіршіктерімен аз үйкеліске түседі. Жоғары бөлігінде, керісінше, жылулық кернеу күшіті емес, химиялық әсер жоқ, ал материалдардың және газ ағынының абразивтік әсері күштілеу болып келеді.

Домна пешін иніштеуге шамот, жоғары глиноземді және көміртекті кірпіштерді қолданады. Жоғары глиноземді кірпіштерге құрамында 45%-дан кем емес глиноземі (Al2O3) бар оттөзімділер жатады. Кірпіштердің құрамы мен қасиеттері №10 кестеде келтірілген.

 

 

 

 

5-сурет Домна пештерінің оттөзімді қалауы.

 

 

Домна пешін қалауға орналған оттөзімді кірпіштердің құрамы мен қасиеттері

 

10 кесте

Көрсеткіш К І Р П І Ш
Шамоттық Жоғары глиноземді Көміртекті
А класы Б класы ДВ-1 ДВ-2 ДВ-5 ДВ-6
Химиялық құрам, % Al2O3+TiO2, төмен емес -
Fe2O3 артық емес 1,6 1,6 1,5 1,5 -
SiO2 53,5 36,5 -
RO+R2O, артық емес 4,4 4,4 - - -
C, артық емес - - - -
Күл, артық емес - - - -
Оттөзімділік, °С, төмен емес -
Салмақастында деформацияланудың басталуының температурасы, °С, (2ОН/см2), төмен емес                     -
1400°С-де қосымша шөгу, артық емес 0,2 0,3 0,2 0,2 -
Көрінетін тығыздық, % артық емес
Беріктіктің сыққандарғы шегі, кН/см2, төмен емес   4,0   5,5   5,0   6,0   2,5 – 3,0

 

 

Көміртекті оттөзімділер тотықтандырмайтын атмосферада жоғары температураға жақсы төтеп береді. Оның жылуөткізгіштігі шамоттікіне қарағанда жоғары. Шамот кірпіштері тік және сына формалы түрде келіп түседі. Тік кірпіштің өлшемдері – 230х150х75 және 345х150х120; 550х200х150 және 550х200х120 мм; көміртекті блоктардың өлшемдері – 3200х410х400 және 3200х550х550 мм, олар тікжәне қапталдары мен қырлары бір бұрышта қиылған да болып келеді (пештің табанын салу үшін) және 1500х415х400 немесе 1500х550х550 мм, қапталдары тік және қиылған (пештің көрін қалау үшін); графиттелінген көміртекті блоктардың өлшемі – 1600х400х400 мм.

Қалаудың жауапты жерлеріне БАЗ (ПАВ) заттар және желімдегім затар үстемелерімен пластификацияландырылған мертемдерді қолданады. Көміртекті оттөзімділердің арасындағы саңылауларды толтыру үшін құймалық кокс пен майлы тек тен (45% тек және 55% май) тұратын көміртекті пастаны қолданады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 113; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты