КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тиегіш құрылғысы
Домна пешінің тиегіш құрылғысы материалдарды домна пешіне тиеуді және таратып салуды атқарады. Қазіргі тиегіш аппаратының құрылмасы (10-суретте) көрсетілген.
10-сурет Екі конусты тиеуіш аппаратының құрылмасы.
Механикалық түрде шихта тиеудің алғашқы (ХІХғ 50 жылдары) аспабына Парри-Воронкасы және конус болады. Бұл құрылғы өзінің өте ыңғайлы және өте данышпандық шешім болып шықты. Одан кейін оны Мак-Ки жетілдіріп воронканы белгілі бір бұрышқа айналатын етіп жасады, енді осы аппарат біздің күге дейін жетті. Өткен 150 жыл ішінде құрылмалығына көптеген өзгерістер негізілді, бірақ оның жұмыс істеу ұстанымы әлі өзгерген жоқ. Тиегіш құрылғыға қымтамасыз ету жағынан келесі талаптар қойылады: шихталық материалдады колошниктің қимасы бойына таратып салу қажеттілігі; газды жоғалтпау үшін герметикалығы; пеш тоқтағанда ауаның пеш ішіне сорылуын болдырмауы құрылманың газдың және тиелінген материалдың абразивтік әсерін жақсы төтеп беруі; термиялық ауытқүлар шұғыл өзгергенде беріктігін сақтауы; тиегіш аппарат пен колошник астындағы кеңістікте газ жарылғанда соққының жүктемесіне шыдауы; оның жеке детальдарын және түйіндерін тез ауыстыру мүмкіндігі. Ол қабылдауыш воронкадан-2, айналмалы воронкадан-1 тұратын шихта таратқыштан және кіші конустан-3, үлкен конустың тостағанынан (воронкасынан)-5 және үлкен конустан-6 тұрады. Газ жапқыш деп аталынатын, конустар аралық кеңістік қаптамамен-4 герметикалы жабық болады. Материалдарды қабылдауыш воронкасына беріп тұру, материалдарды жеткізіп беретін скиптармен жүзеге асарылады, материал одан кейін кіші конусқа, ал ол төмен түскенде үлкен конустың воронкасына түседі. Кіші конус бірнеше рет төмен түскенде үлкен конус, кіші конус жабық тұрғанда, шихтаны пеш ішіне түсіреді. Типтік тиегіш аппараттарды жетілдіру талаптары жасалынды, оның бірнеше құрылмалық түрлері бар, үлкен конустың диаметрін және тиеуіш аппараттың массасын өсіреді. Пештің көлемі, Vo, м3 1033 1513 1719 2000 2700 3200 5000 Үлкен конустың диаметрі, do, мм 4200 4800 5000 5400 6200 7000 8100 Тиеуіш аппараттың самағы, т 59,8 72,7 76,9 94,3 141,0 182,2 221,5 Осыған байланысты тиеуіш аппаратты құрылмасында екі бағы даму алды – қазіргі екі конусты аппаратты жетілдіру барысында тиеуіш аппараттың жаңа құрылмалары жасалынды. Осы бағытқа жататындарына иыналар жатқызылыды: - воронкасы айналмалы тиеуіш аппараттар; - материалдарды таратып салғанда тиеуіш құрығысының диаметрін өзгерту үшін колошнигінің жылжымалы брөні бары (ФРГ, Франциф, Бельгия, Люксембург, Жапония); - көлемдері 4000 м3 және одан үлкен пештерге орнатылған Исикавед-зина фирмасының газ тығыздағыш клапандармен жабдықталынған екі конусты аппараты; - шихталық материалдарды орталықтан тицтін құрылғы (ФРГ); - үш конусты тиеуіш аппараттар (СССР); - төртконусты тиеуіш аппараттар (Жапониядағы көлемі 3016 және 4197 м3 пештерде); - таратып тиейтін құрылғысы пеш кеңістігінде орналасқан тиеуіш аппараттар (1958ж СССР); - 1972ж «Поль-Вюрт» (Люсембург) фирмасы жасаған тиеуіш құрылғы; - Айналып тұратын астаудың немесе қалақтың орынына центрден тепкіш шихта таратқышы бар «Гипросталь» институтының құрылмасы; - ВНИИ метмаш (V=5000 м3 пешіндегі) тиеуіш аппараты; - Укргипромездің қуаты өте зор пештеріне арналған тиеуіш құрылғылар құрымасы. Бұл құрылғы «Криворожсталь» дың металлургиялық зауытының пештерінде жұмыс істейді. Жобадағы пешке «Поль-Вюрт» фирмасының конуссыз тиегіш құрылғысы (КТҚ) орнатылады. Ол жылжымалы қабылдауыш воронкадан, екі бункерден және айналмалы астаудан тұрады (11-сурет).
1 – жылжымалы қабылдауыш воранка; 2 – бункер; 3 – газ тығыздағыш клапан; 4 – шихталық жапқыш; 5 – айналмалы астау.
11-сурет Поль Вюрт фирмасының конуссыз тиеуіш құрылғысы.
Құрылғы үстіңгі және астыңғы газ тығындағыш кдапандармен және шихталық жапқышпен жабдықталған. Қабылдауш воронка кезекпен материалдарды олардың ішіне тиеу үшін бункердің үстіне тоқтайды. Бункер шихтамен толғаннан кейін үстіңгі газ тығыздағыш клапан жабылады да астыңғы газ тығыздағыш клапан мен шихталық жапқыш ашылады. Сонымен материал айналмалы астауға төгіледі. Осы уақыт аралығында қабылдауыш воронка жылжып барып екінші бункеді тиейді, сөйтіп цикл қайталанады. Айналмалы астау горизонтал осінің бойымен айнала алады және астаушаның еңкіштік бұрышын өзгерте алады, ол агрегатты пайдаланда қосымша артықшылықтар береді. Мұндай тиеуіш құрылғылар көрігінің диаметрі 9,5 м (ФРГ) пештерінде орнатылған. Пайдалану барысында шихтаны тиеудің тоқтап қалуы 60%-ға азайды, кокстың шығыны төмендеді және пештің өнімділігі артты.
|