Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шойын мен шлак ұңғыларын жабуға арналған машина




 

 

Бұл машиналар қатарына зеңбіректер мен шлак тоқтатқыштарды жатады. Шойын ұңғысы зеңбірекпен ұңғының каналына берілетін оттөзімді қоспамен жабылады. Оттөзімді қоспа ұңғыны жапқанда оның каналын толтырады және ұңғының ауданындағы зақымдалған мезгілде беру қажет.

Қазіргі кездегі жаңа пештерде электр жетекті зеңбіректерді-электрлі зеңбіректі қолданады (14-сурет).

 

 

1 – лафет; 2 – қармайтын механизм; 3 – бұратын механизм; 4 – бұратын кронштейін; 5 – зеңбіректі басып ұстайтын механизм; 6 – ұңғылық қоспаны беріп тұратын механизм; 7 – тірек колонна (ұстын); 8 – арбаша; 9 – зеңбірек.

 

14-сурет Электрзеңбірек.

 

 

Электрзеңбіректеріне келесі талаптар қойылады: зеңбіректің жұмыс цилиндрінің көлемі ұңғылық қоспаны жетерліктей мөлшерде беруі қажет; поршеннің қысымы ұңғы қоспасының жылжуға көрсететін максимал кедергісінен асып және оның көріктің ішкі қабырғасына тарататынболуға тиісті; зеңбірек жұмыс орынында белгілі бір еңкіштік бұрышта орналасуға тиісті; зеңбіректің тұмсығы ұңғының құндаққа кірген кезде, құндақты сындырып кетпес үшін, ол тік сызық бойымен жылжуы қажет; зеңбіректі басқару дистанциялық болу керек.

Зеңбіректің цилиндры-9 ұңаылық қоспамен толтыру үшін, құлыптармен бекітіліп жабылатын екі люкі болады. Цилиндрдің ішінде екі бағытты тақтайшаның үстімен шток-бұрандаға отырғызылған поршен жүріп тұрады. Бұранданың штогына гайка кигізілген, гайка айналғанда ол ілгерілемелі қозғалыста жүреді де ұңғылық қоспаны ұңғының ішіне сығып шығарады. Беріліс механизмі поршенге 240 – 320т қысым береді.

Зеңбіректі басып ұстап тұратын құрылғы ұңғыны жабу кезінде ұстап тұрады, одан кейін оны ұңғыдан шығарып әкетеді.

Орнатылатын зеңбіректердің техникалық сипаттамалары:

Зеңбіректің моделі э-6-050 э-7-050 э-17-050

Жұмыстық цилиндрдің толық көлемі, м3 0,5 0,5 0,5

Жұмыстың цилиндрдің диаметрі, мм 650 650 650

Поршеннің жүріс жолы, мм 1505 1505 1505

Поршенге берілетін күш, т 235 235 235

Зеңбіректің тұмсығындың тесігінің

диаметрі, мм 150 150 150

Ұңғылқ қоспаның зеңбірек тұмсығынан

шығу жылдамдығы, м/с 0,19 0,19 0,19

Электр қозғалытқыштың қуаты, кВт:

престеу механизмінің 47 47 47

басып ұстайтын құрылғың 25 34 30

бұратын құрылғының 8 8 8

Салмағы, кг 30020 29730 30850

 

Шлак тоқтатқыш шлак ұңғысын жабуға арналған. Тоқтатқыштың жұмыс органы-шлак фурмасының тесігін жабатын, ол үшін оның фурмаға жақындағандағы жүрісінің траекториясы фурманың осіне дәл келетін-тығын.

Пештерде пневматикалық жетекті иінтіректі құрылмалы, дистанциялы басқарылатын шлак тоқтатқышы қолданылады. Жобаланып отырған пеште рамадан-3, топсалы параллеграм түзетін иінтректер жүйесіыен-4, тығынымен бірге тоқтатқыштың-2 оқтаушасынан, кері салмақтан-5, пневматикалық цилиндрден-9 және арқан берілісінен-7 тұрады (15-сурет).

 

 

 

1 – тығыны; 2 – оқтауша; 3 – рама; 4 – иінтіректер; 5 – кері салмақ; 6 – ось; 7 – арқандық беріліс; 8 – ілгешек; 9 – пневматикалық цилиндр; 10 – жіңішке сым арқан.

 

15-сурет Шлак тоқтатқыш.

 

 

Шлак тоқтатқыш шлак ұңғысының үстіне орналасады және рама жәрдемімен пештің металл құрылымына бекітіледі. Тығын және оқтауша сумен үздіксіз салқындап тұрады.

Шлак ұңғысын ашу үшін тоқтатқыштың тығынын фурмадан суырып алады, ол пневматикалық цилиндрмен жүзеге асырылады. Сөйтіп бұл құрылма (құралым) шлак ұңғысын оңай ашып, оңай жабады. Шлак ұңғысының фурмасын кейде фурмашық деп атайды.

Шойын ұңғысын ашу екі сатыдан тұрады: сверло-бұрғы, бур-бұрғы оттөзімді қоспамен толтырылған каналды бұрғылап тесуден және ұңғының тесігінің ішкі бетінде түзілген шойын қабықты.

Шойын ұңғысын бұрғылау машинасымен және пневматикалық балғамен ашады. Машина дистанциялы тәртіпте басқарылады және олардың жұмыс органдары (бұрғы және шанышқы) тік жүрісті және шойын ұңғысының иіншімен оттөзімді қоспасын бұздырмау үшін горизанталға қарай еңкіш келеді. Ұзын бұрғы электр қозғалтқышымен айналады. Пневмо балға сығымдалған ауаның көмегімен соғу ұстанымына негізделінген.

Қазіргі кезде шойын ұңғысын ашу үшін соғып-айналмалы әсерлі бұрғылау машмнасын қолданады. Бұрғылау машинасы 16-суретте көрсетілген. Жұмыс органы-күймешегі-7 ілулі тұратын-бұрғы-балға, ол катоктардың үстінде бағыттағыш рамада-2 жүріп тұрады. Рама шойын ұңғысының сырт жағына орналасып, өкшелік арқылы колоннаға (ұстынға) тірелген бұрылма кронштейнмен-3 қатаң жалғасқан. Тірек колоннасына монтаждалған бұру механизиі-10 машинаны ұңғыға қарай жақындатып әкелуге арналған және электр зеңбірегінің механизміне ұқсас жасалынған.

Шлак ұңғысын ашу үшін тоқтатқыштың тығынын фурмадан суырып алады, ол пневматикалық цилиндрмен жүзеге асырылады. Сөйтіп бұл құрылма (құралым) шлак ұңғысын оңай ашып, оңай жабады. Шлак ұңғысының фурмасын кейде фурмашық деп атайды.

Шойын ұңғысын ашу екі сатыдан тұрады: сверло-бұрғы, бур-бұрғы оттөзімді қоспамен толтырылған каналды бұрғылап тесуден және ұңғының тесігінің ішкі бетінде түзілген шойын қабықты.

Бұрғы-болғаны ұңғыға жеткізу үшін раманың соңына орналасқан және күймешемен шынжыр біріліспен байланысқан беру механизмі-1 арналған. Қармау механизмі-8 бұрғылау үдерісінде осьтік жүктемеде машинаны жібермей ұстап тұруға арналған. Машина ұңғыға жақындап келген механизмнің ілгегі-9 пештің қаптамасына пісірліп қойылған қапсырмаға ілінеді.

Машинаның бұрғы-балғасы айналма механизмен-6 және жеке электрқозғалтқышы бөлек істейтін немесе бірге істейтін және күймешенің корпусына орналасқан дербес соққы механизмен-5 тұрады. Ұңғы нормада жұмыс істегенде оны тек бұрғылау жолымен ашады. Соққылы механизмді бұрғы өте жоғары кедергіге түскен жағдайда ғана қосады. Ұңғының ұзындығы (тереңдігі) 1,5 – 2м-ге жетуі мүмкін, ал бұл механизмердің төзімділігін талап етеді. Ұңғы неғұрлым ұзын болса, соғұрлым жақсы болады деп саналады.

 


 

 

1 – алға беретін механизм; 2 – рама; 3 – бұратын кроштейн; 4 – колонна; 5 – соққы механизмі; 6 – айналдыру механизмі; 7 – күймеше; 8 – қармағыш механизмі; 9 – ілгек; 10 – бұратын механизм.

 

16-сурет Бұрғлау машинасы.

 

 



Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 205; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты