Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ауаны беру және оны қыздыру




 

 

Домна пешіне берілетін ауа міндетті түрде мүмкіншілігіне дейінгі жоғары температураға қыздарылады. Жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін жетерліктей мөлшерде қыздырылған ауа беру қажет. Қазіргі кезде домна пешіне оның 1м3 пайдалы көлеміне 1,8 - 2,2 м3/мин дейін ауаны үрлеуге блады. Мысалы, пайдалы көлемі 3200м3 пешке минутына 5760 – 7040 м3 ауа беріледі. Мұндай мөшердегі ауаны беріп тұру үшін, 0,4 – 0,5 МПа қысымда ауа беруді қамтамасыз ететін, өнімділігі жоғары ауа қыздырғыштарын қолданады.

Ауа үргіштермен беретін ауа пешке берілер алдында арнайы аппараттарда-ауа қыздырғыштарында 1100 - 1400°С-ге температураға дейін қыздырылады. Домналық ауа қыздырғыштар аппараттардың регенеративті типіне жатады.

Пештің көлемінің өсуіне қарай уақыт бірлігінде берілетін ауа мөлшері де арта түседі. Сондықтан оны сол температураға дейін қыздыру үшін ауа қыздырғыштарының қыздыратын беттің жинақ ауданын өсіру қажет болады, ал одан да жоғары температураға дейін қыздыру үшін оның пеш көлемінің 1 м3-не шаққан бетінің меншікті ауданын өсіру талабы қойылады.

Көлемі үлкен пештерде ауа қыздырғыштар ауаны 1400°С-ге дейін қыздыруға есептелінген. Әр пештегі ауа қыздырғыштар саны 4-ке тең болады, ал қызатын бетінің меншікті ауданы 100м23-пеш көлеміне дейін үлкейтілген, ал бетінің жинақ мөлшері 540000м2-ге дейін өскен. Ауаны қыздыруға арналған ауа қыздырғыштарының ішіне орналасқан жану камералары болады, ал соңы уақыттарда салынып жатқан пештер жану камералары сыртқа шығарылған ауа қыздырғыштарымен жабдықталынады, олар үрлемені өте жоғары температураларға дейін қыздырып алуға мүмкіндік береді. Ауа қыздырғыштары, 17-суретте көрсетілгендей, бір сызық бойына орналасады да агрегаттардың бір блогін түзгендей болады.

Жану камерасы ішіне орналасқан ауа қыздырғыштар үсті күмбез мәзміндес, цилиндр формалы болады, ауа қыздырғыштардың биіктігі 50 – 55 м-ге жетеді, сыртқы диаметрі 9 – 13 м-ді құрайды. Саңылаусыз = герметикалы. Шамот кірпішімен иніштелінеді.

Үстіңгі бөлігі мен күмбезі жоғары глиноземді және динас кірпішінен қаланып шығарылады. Жану камерасы ішкі кеңістіктің жалпы ауданының 15 – 20% алады, ал қалғаны ішкі көлемі сұғындырмамен толтырылады.

Ауаны 1200°С-ге температураға дейін қыздыруға арналған ауа қыздырғыштар құрылмалық жағынан өзгеше болады. Ұсынылып отырған ауа қыздырғышның үстіңгі 1/3 қаптамасының диаметрі 900 мм-ге артық (18-сурет).

 

 

1 – суық үрлеме құбыры; 2 – газ жанарғысы; 3 – түтін мұржасы; 4 – ауа қыздырғыштар; 5 – таза газ құбыры; 6 – ыстық үрлеме құбыры; 7 – сақина (айналма) тәрізді; 8 – араластырғыш құбыр; 9 – сақтандырғыш клапан; 10 – араластырғыш клапан; 11 – суық ауа клапаны; 12 – түтін ызботы; 13 – ыстық үрлеме клапаны.

 

17-сурет Ауа қыздарғыштарының орналасу сорабы.

 

 

1 – сұғындырма камерасы; 2 – сұғындырма; 4 – күмбез; 4 – жану камерасы.

 

18-сурет Жану камерасы сыртқа шығарылған ауа қыздырғыштың құрылғысы.

Жоғары температуралы аймақтары (күмбезі, жану камерасының ішкі қалауының қатарлары, қабырғасының үстіңгі қатарлары және сұғындырмасы) күмбезінің қалауының температурасын 1550°С-ге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін, жоғары температурада күйдірілген династан қаланған. Қабырғалармен мұғындырмасының орта бөлігі және жану камераның қабырғасының сырт қатарлары А-класындағы жоғары глиноземді және шамот кірпішінен, ал төменгі бөлігі Б-класындағы шамот кірпішінен қаланған.

Күмбездің оттөзімді иніші, сумен салқындатылып тұратын, А-класындағы шамот кірпішінен қаланған арнайы қабырғаға сүйенеді. Мұндай құрылма қызу барысында пеш пен күмбездің өлшемінің тәуелсіз өсу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жоғары температуралық аймқтағы қабырға қалауының, жану камерасының және сұғындырманың радиалдық өсу нәтижесінен туатын жүктемені асбест пен түйішіктелінген шлактың араласпасынан алынған есепке қабылдайды.

Жылу алмасу тиімді болу үшін және пайдалану сенімді болу үшін сұғындырманы дөңгелек тесіктері бар алты қырлы блоктардан қалайды. Осы жағдайда қызудың меншікті беті бұрынғы 24,9 м23 (ұящықтарының өлшемі 45х45 мм тік бұрышты формадағы сұғындырмада) қарағанда 32,7 м23-ге дейін көтеріледі. Ауа қыздырғыштың өлшемдерін өсірмей, оның жылулық қуатын өсіру, жану камерасын ауа қыздырғышының сыртына шығарғанда мүмкін болады.

Ауа қыздырғыштары циклді жұмыс істейді. Жұмыстың циклі сұғындырманы ыстық газдармен қыздырудан басталады. Қыздыру мерзімінде төменгі тесігі арқылы газ жанарғысымен домна және кокс газының араласпасы және де камерада-4 жануға қажетті ауа беріледі. Ыстық газдар камераның бойымен жоғары көтеріледі және түтін мұржасының тарту әсерімен сұғындарманың-2 каналдарымен төмен қарай түседі. Жану өнімдері сұғындырманың бойымен жүріп отырып сұғындырма кірпішіне жылулығын береді де оны қыздырады, ал осі 400°С дейін салқындап ауа қыздырғышынан түтін тесіктері арқылы түтінызботына, ал одан кейін түтін мұржасы арқылы атмосфераға шығып кетеді.

Бір мезгілде үш ауа қыздырғыш қызады, ал қызған төртіншісі арқылы домна пешіне ауа беріледі. Суық ауа сұғындырма-2 арқылы өтетін жолмен (суық үрлеме) күмбез-3 арқылы үрлеме құбырына, ал одан кейін домна пешіне барады.

Қыздыру периоды үш сағат шамасына созылады. Қыздыру аяқталғаннан кейін ауа қыздырғыш «үрлемеге» қойылады. Сөйтіп газ жанарғысы сөндіріледі, түтін тесіктері жабылады.

Регенеративті ауа қыздырғыштарының кемістігіне олардың «үрлемедегі» жұмысындағы үрлеме температуасының алғашқы және ақырғы периодындағы тұрақсыздығы жатады. Пешке келіп түсетін үрлеменің температурасын тұрақты етіп ұстау қажет. Әр түрлі температурадағы үрлемені пешке беру оның әдісттегі жағдайда жұмыс істеуінің бұзылуын тудырған болар еді. Ол үшін суық және ыстық үрлепенің құбырларын өзара қосады-8. Құбырда берілген температураны ұстап тұру үшін араластыратын суық ауаның мөлшерін автоматты түрде есептеп жіберіп тұратын клапан-10 (араластырғыш клапан) орнатылған. Ауа қыздырғыштардың жабдығының құрамына реттегіш және айырушы клапандары бар газ жанарғылары, суық және ыстық үрлеме, түтін және теңестіргіш, ауалық-жүксіздендіргіш, араластырғыш, сақтандарғыш және атмосфералық клапандар кіреді.

Әр бір ауа қыздырғышта бір-бірден реттегіш және айырушы клапаны бар газ жанарғысы, бір-бірден суық және ыстық үрлеме клапаны, екі түтін және теңестіргіш клапандар орнатылған. Клапанның қалғандары ауа құбырына жайғастарылған. Оларға жататындар:

1) айырушы-ауа құбырының бір бөлігін екіншісінен анда санда ажыратып тастап тұруға;

2) сақтандырғыш-ауа құбырларындағы қысым рұқсат етілген шамадан асып кеткенде ауа құбырына атмосферамен байланыстыру үшін;

3) кері-ағынның бір бағытта қозғалуын қамтамасыз ететін және оған кері жүргенде оның өтуіне жол бермейтін;

4) реттеуші-газ параметлері берілген шамадан ажыратылғанда құбырдың қимасын автоматты өзгертіп тұратын;

5) теңестіргіш-басты клапандары ашардың алдында жапқыштын екі жақындағы қысымды теңестіру үшін.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 511; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты