Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервистік қызметтердің пайда болуы мен дамуының әлеуметтік алғы шарттары




Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Кейіннен Сэйдің ізбасары француз экономисі Фрэдерик Бастиак (1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы болып табылыды. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен айырбастайтын әрбір топтардың ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын қоғам. 20 ғасырда қызмет көрсету түрлері кеңінен дами бастады, осыған қарай даму кезенін келесідей қарастырамыз:

1 кезеңде: мамандар пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтарын өндіруімен байланысты еместің барлығы қызметке жатқызылады.

2 кезеңде: қызметтің қандай да бір ерекшеліктерінде арнайы белгілері қарастырылады. Осы кезде қызмет келесідей анықтамаға ие болды : Материалдық емес сипатқа ие болатын нәтиже яғни қызмет түрі.

3 кезеңде: Қызметтің мәнін толық және нақты ашуға мүмкіндік береді және материалды талабы бар қызметтерді, қасиеттерін тереңірек салыстыру қажеттілігі туындады.

Сервистің қызмет көрсету ретінде қазіргі уақытта дамуы 3 себеппен байланысты:

1. Материалды өндіріс өнімінің күрделінуімен.

2. Бәсекелестік орта.

3. Фирманың өз пайдасын арттыру.

ХХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХІ ғасырдың басы сервистік қызметтің жетілдірілген түрде даму кезі болып табылады. Әсіресе, дамыған және дамушы мемлекеттерде сервистік қызметті дамытуға көңіл қойылып жатыр. Яғни, үлкен қалаларда ірі сауда үйлері, қонақ үйлер және ойын-сауық орындары жұмыс істеп жатыр. Мұндай жүйенің негізгі мақсаты адамдарға қызмет көрсете отырып, олардың сұранысын қанағаттандыру.

Сервистік қызмет көрсетудің төмендегідей тұрақты тенденциялары бар:

1. Өндірістік өнімдерді өзгертіп пайда болған қосымша талаптарды қанағаттандыру.

2. Ескірген өндірістік қондырғыларды ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты ауыстыру.

3. Тұтынушы мен өндіруші арасында өндірістік өнімдердің сапасына қойылатын талаптар бойынша тығыз қарым-қатынас орнату.

4. Табиғи ресурстармен бірге басқа да 2-сатылы ресурстарды қолдана отырып, жаңалықтар ашу.

Қазіргі кездегі сервиске төмендегідей жалпы нормалар кіреді:

1) Міндетті түрде ұсыныс беру

2) Сервистің икемділігі

3) Сервистің ыңғайлылығы

4) Орындылмау мүмкіндігі

Осыған байланысты сервистің технологиясы үшін төмендегідей техникалық шешімдер қабылданды

1. Қызмет көрсету барысындағы жаңа ақпараттар.

2. Қызмет көрсету сферасындағы бағалық саясат.

3. Кәсіпорындағы қызмет көрсетудің сәйкестігі.

1. Фирманың басшылығы тауарды қолдану, оның бағасы, ол туралы тұтынушыладың көзқарасы және бәсекелес кәсіпорындардағы қызмет көрсетудің сапасы туралы мәліметтермен таныс болуы керек.

2. Қызмет көрсету барысында қосымша сервис артық ақша алу үшін емес, тұтынушының сеніміне кіру үшін жасалу керек.

3. Кәсіпорындағы қызмет көрсету бекітілген стандарттардың талабына сай жүргізілуі керек. Сонымен қатар көрсетілген қызметке кәсіпорын жақтан кепілдік болуы керек.

Елдің экономикасында қоғамдық дамудың қызметтік ролі практикада және ғылымда 70 жыл бойы қалыптасып, қайта қарастырылған. Бұл қызмет аясының еңбегі өндірістік, ал оның функционалдық нәтижесі жалпы ішкі өнімнің және басқа да экономикалық қызметтерінің нәтижелік көрсеткіштерінде есептелінеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сервис аясының 2 /3 –і активті елдер саны болып табылады. Мысалы, АҚШ – та жалпы ішкі өнімнің қызмет құны 75% -ды, Англияда 64%-ды құрайды. Қызметтерді қарастыруда әр түрлі жіктеулер (классификациялар) мен топтастырулар қарастырылады.

Жалпы алғанда салада қызметті жақсарту тенденциясын айта кету қажет: бірінші қажетті қызметті қызметтен жоғары қызметке дейін, сонымен қатар таза қызмет көлемінің кеңеюі. Егер бұрын ауыл тұрғыны киім, аяқ киім тігумен эжәне жөндеумен, фотоателье және шаштараз жұмысымен шектелсе, онда қазір ауыл тұрғындары жөнеу және тұрмыс машиналары мен құралдарын жөндеу, химтазалау, құрылыс және ғимаратты жөндеу, жиһазға тапсырыс беру және т.б. бойынша қызметтерді тұтынады. Саланың дамуы тұрмыстық қоғамдастырудың кең үрдісімен, заттық өндіріс пен тұтынудың өсуімен, ауылдағы кәсіпорындар торын дамытудың жедетілген қарқынымен туған. Тұрмыстық қызметтер құрылымындағы сапалық өзгерістертерге экономикалық заңдардың әрекеті ықпал етеді, соның ішінде қажеттіліктерді жоғарлату заңы, ол көбінесе тұрмыстық қызметтердің прогрессивті түрлерін кеңейтудің және құрылымын ары қарай жетілдірудің қажеттілігін түсіндіреді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 283; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты