Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервис қазіргі заманғы қоғам дамуының императиві ретінде




Сервис саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды – тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандырады , оның бос уақытын көбейтеді, денсаулықты нығайтады және көңіл – күйін жоғарылатады , өмір сүру деңгейін ұзартады , қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді. Материалды , еңбек және қаржы ресурстарын үнемдейді , қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі өсуіне әсер етеді. Сонымен қатар, осы қызмет көрсетулер мен тауарлардың жасалуы мен орындалуы сапалы болуы тиіс, өйткені осы нәтижелер неғұрлым жақсы болса, соғұрлым сұраныс та, бәсекелестегі ролі де арта түседі.

Сервис еңбек және қоғамдық өзара қатынастың жетілдірілуіне тікелей және жанама әсер етеді, өмір салтының қалыптасыуна қатысады, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік – экономикалық және мәдени – тұрмыстық айырмашылықтардың жойылуына әсер етеді. Сөйтіп оның халықшаруашылық маңыздылығын халықтың өмірлік маңызды мүдделерімен тікелей байланыстылығымен түсіндіріледі . Сервистің маңызды әлеуметтік – экономикалық функциясы қызмет формасында өндірілетін халық үшін қосымша өмірлік игіліктерді құру болып табылады.

Қазіргі сатыдағы сервис аясының маңыздылығының өсуі салаларындағы қосымша еңбек көлемімен дәлелденеді. Қазіргі Қазақстандағы жағдайдың ерекшелігі өндіріс пен сервис аясындағы жиналған әлемдік тәжірибені ескере отырып, менеджменттің және маркетингтің бір уақытылы қызмет етуі мен дамуы болып табылады .

Сервис – бұл қоғамдық өмірдің барлық жақтарына әсер ететін,экономикалық қызметтің ерекше түрі. Сапалы өмірдің және индикаторлар деңгейінің ең маңызды қызметі, халықтың тұтыну деңгейін қанағаттандыру дәрежесі.

Қазіргі кезеңде сервис тұтынудың маңызды элементі және адамдардың өмір сүру қалпын жетілдіру шарты болып табылады Сервис сферасының салаларын дамыту қоғам мүшелерінің тіршілік іс-әрекетінің көптеген критерийлерін өзгертуге әсер етеді және бұл өзгерістер қоғамдық өндіріс құрылымындағы өзгерістерге, оның тиімділігін жоғарылатуға әсер етеді.

Қазіргі жағдайда сервис аясының салалары және оның жұмысшылары адам дамуының белгілі бір әлеуметтік экономикалық функцияларын орындайды:

- материалдық өндіріс аясында және сервис сферасында өндірілген материалдық және рухани игіліктерді тұтынушылардың жеке талғамдары мен сұраныстаррына сәйкес жеткізіледі және тұтынушылар арасындағы осы игіліктердің болуын айғақтайды ;

- заттардың тұтыну құнын қайта құра отырып ,халықтардың тұтынуына дайындайды ,яғни сервис аясының салалары тауар заттардың өндірісін толықтырады ;

- өмірлік игіліктерді тұтыну үрдісінің өзіне қызмет етеді (қоғамдық тамақтану , коммуналды , тұрмыстық қызметтер көрсету) ;

- жұмысшы күшінің ұдайы өсуіне және қызмет ету дәрежесіне белсенді әсер етеді ;

- саналы демалу үшін ,халықтың бос уақытын үнемдеу үшін жақсы жағдай жасайды ;

- үй шаруашылығындағы еңбектің қысқаруына және жеңілдеуіне әрекет етеді,сондай ақ халықтың тұрмысын жақсартады және қала мен ауыл тұрғындарының өмірлік деңгейлерінің жақындауына алып келеді.

Ортақ ауылшаруашылық кешені күрделі бөлігі бола отырып , сервис аясы өзінің даму және жетілдіру үрдісіне, оның әлеуметтік экономикалық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін сапалы жаңа қырларға ие болды:

Біріншіден , сервис жұмысшылардың еңбек нәтижесі бола отырып, өмірлік игіліктерді өндірудің құрамдас бөлігі болады, ол өз кезегінде оның қоғамдық пайдалылығын да анықтайды. Екіншіден, ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде, халықтың тұрмыс халін жоғарлатуда, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарды жоюда, үй мен қойма шаруашылығындағы еңбек ресурстарын рационалды қолдануда, қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуде, адамдардың бос уақытының масштабын кеңейтуге сервис аясының әлеуметтік функциясы өсіп отыр, үшіншіден, сервис аясының салаларының экономикалық тәуелсіздігі нақтыланды және дәл анықталды, яғни осыдан келіп жеке көрсеткіштер, нормативтер, стандарттар, техникалық қызметтер жүйесін ұдайы өндіру, қалыптастыру және негіздеу үрдісінде жаңа мақсатты функциялар айқындалды.

 

123.Сервис мәдениетінің кәсіби және психологиялық аспектілері

Ең алдымен еңбек мәдениетіне сервистің техникалық және технологиялық жағы байланысқан рационалды талаптары, дамудың сапасы мен динамикасы, қызмет көрсетудің психологиясы мен эстетикасы жатады.

Кез келген сервистік кәсіпкерлері мен менеджерлері қазіргі талапқа сай ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып сервис қызметін тиімді пайдаланады.

Азаматтардың психологиялық жай-күйін түзетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында көрсетіледі.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:

психологиялық диагностиканы;

жеке тұлғаны тексеруді;

психологиялық түзетуді қамтиды.

көп көңіл қызмет көрсетудің эстетикалық жағына бөлінеді. Витриналардың тартымды түрі, тауарлардың орналасуы, қабылдау бөлмелердің және сервис ұйымдарының байланыстырушы аймағының интерьерлері соған дәлел. Бірақ та қызмет көрсету мәдениетінің көптеген жақтары әзірше жеткілікті деңгейде емес. Сервис ұйымы қызметкерінің еңбек мәдениеті олардың еңбектерінің келесі кәсіби сипаттамалардың болуын қажет етеді:

- кәсіби даярлық;

- жоғары кәсіби деңгей (тәртіп, жауапкершілік, кәсіби дағды, шеберлік, кең ой өрісі, тиісті жалпы даму);

- еңбектің ұйымдық-технологиялық жетілдіру.

Сервис менеджменті алдындағы мақсат - қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру, олардың кәсіби деңгейін жоғарылату, мансапты өсіру. Барлық қызметкерлер кәсіби шеберлігінің жетілдіру мәнің жеке дамуы және фирманың тиімді жұмысы үшін маңызды екенін түсінгені жақсы. Жұмыс кәсіптілігі тұтынушы алдында фирманың оң беделін қалыптастырып, ал ол өз кезегінде өскелең табыс, жаксы атаққа әкеледі.

Сервмс қызметінде тұтынушыларға қызмет көрсету процесінің психологиялық ерекшеліктері өте маңызды. Бұл бағытта басшылар мен фирма қызметкерлері өз жұмысының келесі жайттарына көңіл аударуы қажет:

- тұтынушымен байланыс жасайтын қызметкерлердің конструктивтік жеке психологиялық қасиеттерін тарату ;

- қызмет көрсетуді жалпы алғанда оң психологиялық бағытқа бұру керек;

- тұтынушылар оң психологиялық қасиеттерін көрсету үшін жағдай тұғызу.

Тұтынушылармен байланысатын персоналды әбден мұқият іріктеу қажет. Қызметкердің психологиялық ерекшеліктері оның еңбегінің сипаты мен операцияларына сай келу керек. Кем дегенде, қызметкердің психологиясы және еңбек сипаты арасында қатты сәйкессіздікті болдыртпау, мысалы баяу қызметкерге жылдамдықты талап ететін жұмысты артпау, қажет.

Байланыстырушы аймағының қызметкері тұтынушымен қарым-қатынас жасауға қабілетті, оның сұранысын жабыспай анықтау және қажетті тауар немес қызметті ұсына білу талап етіледі. Қызметкердің өзі ақ қөңіл, сыпайы болуы міндетті. Егер де тұтынушы ештене сатып алмаса да, болашақта оны әлуеттілердің қатарына қосу керек.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 183; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты