Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервистік өнім жасау моделі




Қазір дамыған елдерде бәсекелестік негізі тауар бағасы емес оның сапасы, сервистік қызмет көрсетуі б.т. Соңғы кездері тауардың сенімділік, экологиялық тазалық, энергиялық жұмсалуы, өнімділікті арттыруы және әсемдік сияқты көрсеткіштері маңызды рөлге ие. Сонымен қатар, салалардың ғаламдануы және фирмалардың көп ұлттық болуы мемлекет маңызын төмендетеді. Бірақ, белгілі бір мемлекетте жетекші салалар ондаған жылдар өмір сүретін заңдылық бар. Ұлттық шаруашылықтың құрылымындағы және құндылықтар бағасындағы айырмашылықтар, ұлттық мәдениет, мемлекеттік мекемелер және тарих бәсекеге қатты әсер етеді. Жаһандану нәтижесіндегі ел экономикасының бәсекеге жарамдылығы әлемдік табысты бөлуге қатысу мүмкіндігінің міндетті шарты болып табылады, ал, бәсекеге жарамдылықтың негізі сапа және төмен баға болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы кезінде елдердің ашық экномикалық (айталық, Қытай, Америка Құрама Штатымен экономикалық байланысы) трансұлттануы жүзеге асырылады. Әлемдік шаруашылықта табыс көлемі Қазақстанда онық экономикалық бәсекеге жарамдылығына және де өнім сапасымен төмен бағаға әсер етеді. Әлемдік табыс елдердің ашық экономикасына, трансұлттануына өзінің үлкен үлесін қосады. Рыноктық экономикада өндірілген өнімнің сапасына халықаралық стандарттар деңгейінде талап қойылып отыр. Қазақстан ДСҰ мүше болып енген соң, бұл мәселенің өткірлігі аса түседі. Сондықтан, ауылшаруашылығы өнімдерін өсіру мен өңдеудің келешегі рыноктаға тауарлар бәсекелестігіндегі қауқарына тікелей байланысты. Тауардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігі екі көрсеткішпен сипатталады: баға деңгейіне және өнім сапасына. Сапа –еңбек өнімділігі мен ресурстарды үнемдеуге тікелей қатысты. Өнімнің сапасы – бұл белгілі бір мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Халықаралық стандарт бойынша (ISO 8402) сапа – тауардың анықталған немесе болжамды кезеңде қажеттілікті қанағаттандыру қабілетіне ие және тұтынушыға пайдалылығының жиынтық сипаттамасы. Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтіңмүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, экономикалық қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік–техникалық базасы ретінде қызмет етеді. Мемлекеттік стандарттар, сонымен бірге барлық қызмет түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін–бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді. Стандарттаудың басты міндеті – халық шаруашылығының, ұлттық қауіпсіздіктің, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге талаптарды айқындайтын жүйе болып табылады. Сапамен байланысты маңызды категорияларға еңбек өнімділігі, өткізілу көлемі, нарық сегменттері, еңбек ақының өсу деңгейі болып белгіленеді. Тәжірибе көрсеткендей, сапаны өсіру еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі, ал соңғысы өнім бірлігіне шығынды азайтады. Мұндай экономикалық қызметі алдымен өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттырып, кейін кәсіпорынның нарықтағы бәсекелік қабілетін арттырады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 121; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты