Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервис және сервистік қызметтің түрлері




Сервистік қызмет – жеке қызметтер көрсету арқылы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет түрі, яғни қоғамдық, топтық және жеке қызметтер көрсетуді жүзеге асыру бойынша ерекше өзара әрекетке түсетін адамдар белсенділігі. Бұл бір тараптың, әр түрлі қажеттіліктері болғанымен, нақты игіліктерді алуды қалайды, екінші тарап нақты қызмет көрсете отырып, осындай игіліктерді алуға өзара әрекеттер мүмкіндік береді. Сервистік қызметпен жеке кәсіпкерлер мен сервистік ұйымдар айналысады. Олардың еңбегінің нәтижесі қызмет болып табылады. Қызмет еңбектің өнімін білдіреді, оның мақсаты адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Сервисология – әлемдік сараптамада тәртіпаралық, теориялық және зерттеудің қолданбалы саласы ретінде қалыптасатын сервистік қызмет туралы ғылым. Ертеректе сервис саласындағы еңбек өнеркәсіптік және ауылшаруашылық саласындағы еңбекке қарағанда ерекшеленетіні анықталған

Қызмет саласы – экономика секторының бір түрі және оның жағдайы қалған секторлардың дамуына байланысты болады. Сервистік қызметтегі өзгерістер әрдайым әлемдік экономика дамуының құрамдас бөлігі болған.

Халыққа қызмет көрсетудің жалпы мемлекеттік жіктеуіне сәйкес қабылданған және енгізілген Қазақстан Республикасының қаулысына сәйкес мемлекеттік стандарттар 28.05.№ 23/49 келесі түрлерге бөлініп көрсетіледі{16}:

1. Халыққа ақылы қызмет көрсетулер:

v Тұрмыстық қызмет

v Тұрғын – үй қызметтері

v Коммуналдық қызметтер

v Туристік және экскурсиялық қызметтер

v Медициналық қызметтер

v Ветеринарлық қызметтер

v Құқықтық қызметтер

v Шипажай – сауықтыру қызметтері

v Банк қызметі

v Білім жүйесіндегі қызметтер

v Мәдениет жүйесіндегі қызметтер

Халыққа басқа да қызмет көрсету топтамасында ақылы қызметердің түрін атап кету керек.

Бұл қызметтің жіктелуі:

2.Осы қызметтерге тұтынушының көзқарасы бойынша:

v Жай қызмет, демек тұтынушы + маман формуласымен орындалады. Оған бір уақыт мерзімінде шаштаразға бару т.с.с.

v Күрделі қызмет түрі, оған арнайы қойма қажет және өз құрамына персоналдарды енгізеді.(сән салоны, химчистка)

v Кешендік қызмет түрі оның құрамына жай және күрделі қызмет көрсетулер енеді.(мысалы, денсаулық сақтау комплексінің қызметі)

3.Функционалдық қызметі бойынша:

v Ремонт, бояу және аяқ киімдерді тігу

v Жүн , былғары бұйымдарын, бас киімдерді тігу т.б.

v Тұрмыстық техникалық жөндеулер – радиоэлектрлік аппараттарды жөндеу, металл бұйымдарын жөндеу мен дайындау

v Техникалық қызмет көрсетулер – көлік құралдарын жөндеу, көлік жуу, стоянкаға көліктерді қою т.б.

v Жиһаздарды дайындау және жөндеу (тапсырыс берушінің үйінде жасау)

v Кір жуу қызметтері

v Құрылыс үйлерін жөндеу және басқа да жөндеулер(гараждар салу, есіктерді мықтап бекіту)

v Фото, фотоателье, кино лабороториясындағы қызметер

v Шаштараз қызметі(париктерді дайындау)

v Кәсіпорындар қандай да бір затты прокатқа беруі

v Экспедициялық қызметер (багаждарды сақтау орындары, тасымалдаушы)

v Салттық қызметтер (арнайы дүкендерде қазаға керек жарақтарды сату)

v Басқа да қызмет көрсетулер (әйнек , айна кесу қызметтері, электрондық сағаттарды жөндеу, газ тасымалдау, ауыл шаруашыдлық өнімдерін қалпына келтіру т.с.с)

4 . Қызмет көрсету шарты бойынша:

v Өндірістік жағдайлар (ателье, шеберхана және т.б.)

v Тасымалдау процесіндегі қызметтер(«жедел жәрдем», « санитарлық авиация», жүкші қызметтері)

5. Мерзімі бойынша қызметтер:

v қысқа мерзімді

v орта мерзімді

v ұзақ мерзімді

Сервисологияда таза және нақты қызмет түсініктері бар.

Таза қызмет – сервистік қызметтің абстрактілі, теориялық үлгісі. Оған халыққа қызмет көрсетудің ережелері, сапа стандарттары, қызмет көрсету технологиясы кіреді.

Нақты қызмет – тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нақты материалдық қызметтер. Бұл қызметтер орындаушылары, тұтынушылары, оларға қызмет көрсету шарттары бойынша жекеленген.

 

ТТТТТТ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 616; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты