Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тұрмыстық қызмет көрсету сферасындағы кәсіпкерлік




Кәсіпкерлік – бұл осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелермен табысқа қол жеткізу мақсатында меншікті қарыз және басқа да қаржаттар есебінен тәуекелге барып жүзеге асырылатын ынталы шаруашылық қызметі болыт табылады.

Қазіргі таңда тек қана өз өнімінің жоғарғы сапасы мен тұрақты жаңаруын қамтамасыз ететін кәсіпкерлік жеңіске жете алады. Кәсіпкер жаңа өнімді шығаруды ұйымдастырады, тиімді коммерциялық байланыс жүргізіп, айналымға өзінің және капиталдың ақшасын жіберіп, өзіне пайда алады.

Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шетмемлекеттердіңазаматтары, сондай-ақ, азаматтардыңбірлестіктері кәсіпкерліксубъектілері болыптабылады. Кәсіпкерлік жалдамалыеңбекті қолданбайнемесежалдамалыеңбекті қолданып, заңды тұлғақұрмайнемесе заңды тұлғақұрыпжүзегеасырылады. Жалдамалыеңбектіқолданбайжүзегеасырылатынкәсіпкерлікжекееңбекқызметіретіндетіркеледі, жалдамалыеңбектіқолданужолыменжүзегеасырылатын кәсіпорын ретіндетіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлымжекешежағдайы. Қызметтіңбұлтүрі, көбінесе, адамныңжекебасымен – кәсіпкерменбайланысты. Олжаңаістіқолғаалады, жаңа еңгізілімдііскеасырады, тәуекелдікке бас тігеді.

Кәсіпкердіңмәртебесімемлекеттіктіркеугеалуарқылықуатталады, онсызкәсіпкерлікқызметкетыйымсалынады. Кәсіпкердіңеңбегінеақытөлеунысаны, тәртібі мен талаптарышартпенайқындалады, жекетабысқа салық салынуғатиіс. Шаруашылыққызметтіңбарлықтүрлері, оларғазаңнамалықактілердетыйымсалынбағанболса, мысалы, коммерциялықделдалдық, сату-сатыпалу, инновациялық, кеңес беру, тағыбасқақызметтер, сондай-ақ, бағалықағаздарменжасалатыноперацияларкәсіпкерліккежатады. Нарықтықжүйеде толымдыкәсіпкерлікқызметкежолашыладыжәнеолмемлекетменшіктіқоса, меншіктіңбарлықнысандарынатән. Меншіктімемлекетиелігіненалу, кәсіпорындардыжекешелендірукәсіпкерлікүшінқолайлыжағдайтуғызатын экономикалықүдерістер болыптабылады. Қазақстандакәсіпкерлікмәртебесі, мұндайқызметтіжүргізугекепілдікзаңжүзіндебаяндыетілген.

Кәсіпкерлік процессі мынадай 4 сатыдантұрады:
1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігі мен протенциалды зерттеу;жана идея кәсіпкердін көзқарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. кәсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.
2. бизнес жоспарды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.
3.қажетті ресурстарды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру.
4.қалыптастырылған кәсіпорынды басқару–бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау.

Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық
1. өндірістік кәсіпкерлік – сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі.
2.коммерциялық–тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялармен байланысты кәсіпкерлік түрі. кәсіпкер саудагер рөлінде болады.
3.қаржылық— бұл кәсіпкерліктің ерекше формасы. сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.
4.серіктестік кәсіпкерлік– тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкертек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.
5.сақтандырушылық– кәсіпкер қандайда бір төлемақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлемақыны ( компенсация) кепілетеді.

143.Тауар саясатын таңдаудағы стандартизациялау мен дифференциациалаудың рөлі

Тауар саясатын жасауда стандартизациялау мен дифференциациалаудың қызмет-тауардың төрт деңгейін қарастыруды қажет етеді:

· қызмет – негізгі өнім, яғни тұтынушының проблемаларын шешетін түрлі қызметтер жиынтығы;

· қызмет – жалғастырушы тауар, яғни тұтынушыға негізгі өнімді қолдануға қажетті қызметтер;

· қызмет – толықтырушы тауар, ол негізгі тауарды қолдайды, оған қосымша пайда әкеледі, бәсекелес тауардан айыруға көмек береді;

· кең мағынады тауар ретіндегі қызметке негізгі, жалғастырушы және толықтырушы тауарлар мен қызметтердің қол жетерлігі, қызмет көрсету барысында тұтынушылардың қатысуы және олардың бір-бірімен әрекет етуі жатады.

Жаңа қызметтерді жасау үрдісіне келесі сатылар жатады:

1. Идеяларды жинау;

2. Идеяларды іріктеу;

3. Жаңа қызметтер концепциясын жасау және тексеру;

4. Маркетинг стратегиясын жасау;

5. бизнес-талдау;

6. Қызметтерді жасау;

7. Сындарлы маркетинг;

8. Коммерцияландыру.

Қызметтерді жобалау кезінде қызметті өндірушілер бірқатар факторларды ескеру қажет:

· қызмет көрсету кәсіпорынның орналасу жері негізінен, оның тұтынушылары орналасқын эерімен анықталады;

· клиенттердың қажеттіліктер мен қалаулары әдетте тиімділіктен бұрын жүреді;

· жұмыстардың күнтізбелік жоспарлануы негізінен тұтынушыларға тәуелді;

· қызметтердің сапасын анықтау және өлшеу қиындатылған;

· жұмысшылардың тұтынушылармен қарым-қатынас жасаудың жақсы дағдылары болуы керек;

· өндірістік қуаттар әдетте көрсетіліп отырған қызметтерге сұраныстың орташа деңгейімен емес, тұтынушылар тұрғысынан жоғары сұраныс деңгейімен есептеледі;

· жоғары сұраныс кезінде пайдалану үшін төмен сұраныс кезінде қорларды құру мүмкін емес;

· қызметкерлердің жұмысының тиімділігін өлшеу қиын, себебі төмен өнімділік қызметкердің нашар жұмысымен емес, тұтынушылар жағынан сұраныстың болмауымен негізделуі мүмкін;

· қызмет көрсету саласындағы ірі кәсіпорындар типті емес(әуе компанияларынан басқа);

· қызмет сферасындағы маркетинг пен өндірісті кей кезде айыру қиын.

Аталған факторлардың арасындағы ең маңыздысы қызмет көрсету орнын тұтынушыларға максималды жақындастыруғ қызметтерді жобалау кезінде осы факторлардың ескерілуі кәсіпорынға қызмет көрсету үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді.

 

144.Технологиялық үрдіс: дамыудың жолдары мен заңдылықтар

Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мен қызмет жасау сапасын дамытуда пайдалылығын арттыруда кәсіпорын жұмыс тәжірибесінде ғылыми-техниканың жаңа жетістіктерін кеңінен қолдану керек. Ғылыми ізденістер болмаса, құрал-жабдықтар, еңбек құралдары кәсіпорын техникасын жақсарту сондай-ақ қызмет көрсету жаңа түрлері, қызмет көрсету формасын, әлеуметтік мәселелерді шешу жлдарын табу мүмкін емес. Ғылыми техниканың дамып жатқанын өндіріс құралдардың , техологиялардың өзгеруімен және жылдан-жылға мінсіз дамынан көруге болады. Жаңа технологияның қолданыста болуы қызмет көрсетудің жаңаруымен кеңеюіне, олардың санасының көтерілуіне, тұрғындарға қызмет көрсету уақытының азаюына,жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ету жағдайына мүмкіндік туғызады. Техника және технология, кәсіпорын бір-бірімен тығыз байланысты. өндіріске жаңа техника енгізу технологиялық процеске өзгеріс әкееді.

Қазіргі жағдайда экономиканың өзінше қызмет ететін саласы бола лтырып халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ортақ мақсаттары бар бір типті сипаттағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір жиынтығы ретінде қызмет жасайды.

Бұл мақсаттар тұрмыстық қызмет түрлеріне қажеттілігі, халықтың алдын ала тапсырыс беруі негізінде анықталады. Қоғамдық ұйымдастырылған тәсілдері мен формаларында шығы отырып адамның материалды және материалды емес қажеттіліктерін қанағаттандыру, сала кәсіпорнының қызметі тұтыну құнын құру мен қайта құруға, сондай – ақ тұрмыста таза қызметті тікелей қанағаттандыруға бағытталған.

Жалпы алғанда салада қызметті жақсарту тенденциясын айта кету қажет: бірінші қажетті қызметті қызметтен жоғары қызметке дейін, сонымен қатар таза қызмет көлемінің кеңеюі. Егер бұрын ауыл тұрғыны киім, аяқ киім тігумен эжәне жөндеумен, фотоателье және шаштараз жұмысымен шектелсе, онда қазір ауыл тұрғындары жөнеу және тұрмыс машиналары мен құралдарын жөндеу, химтазалау, құрылыс және ғимаратты жөндеу, жиһазға тапсырыс беру және т.б. бойынша қызметтерді тұтынады. Саланың дамуы тұрмыстық қоғамдастырудың кең үрдісімен, заттық өндіріс пен тұтынудың өсуімен, ауылдағы кәсіпорындар торын дамытудың жедетілген қарқынымен туған. Тұрмыстық қызметтер құрылымындағы сапалық өзгерістертерге экономикалық заңдардың әрекеті ықпал етеді, соның ішінде қажеттіліктерді жоғарлату заңы, ол көбінесе тұрмыстық қызметтердің прогрессивті түрлерін кеңейтудің және құрылымын ары қарай жетілдірудің қажеттілігін түсіндіреді.

 

Технологиялық операция түсінігі

Сервисті әлеуметтік экономикалық категория ретінде зерттей отырып , біз бұл түсініктің екі жақты мазмұнын зерттей отырып , біз бұл түсініктің екі жақты мазмұнын ескертуіміз тиіс: ерекше тұтыну құны ретіндегі сервис және белгілі экономикалық қатынастарды білдіретін экономикалық категория ретінде қызмет. Бұл жағдайда біз сервисті, оның өндірілуі , көрсетілуі және тұтынылуы кезінде көрінетін ерекше құн ретінде қабылдаймыз.

Сонымен, сервис қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісіндегі экономикалық қатынастарды белгілі формасы ретінде қабылдайды. Бұл қатынастарды талдау қызметтерді өндіруші мен тұтынушы арасындағы қарым қатынастарды тікелей немесе жанама байланыстырады. Бұл жағдайда сервис сферасында экономикалық мазмұны бойынша түрлі сипатталады , түрлі салаға жататын іс әрекет түрлері жиналады. Әлеуметтік экономикалық категория ретінде қызметтің мәні туралы айтсақ , ең алдымен , біз оның негізгі екі түрін өліп қарасырамыз: материалды қызмет (зат,өнім және т.б) және таза қызмет (іс әрекет) . Бұл түрлердің екеуі де жалпы анықтаманы жоққа шығырмайды , яғни жалпы қызметтер.

Технологиялық үрдістің жіктелуі

Нарықтық қызметтер– мұнда баға бойынша қызмет көрсетіледі, демек шығындарды жабу және табысты қызметер бойынша қамтамасыз етіледі. Нарықтық емес қызметтер – бұл қызмет түрі ақшасыз түрде болады. Бұған әлеуметтік – бағдарлама қызметтері демек оларды бюджет не болмаса қоғамдық мекемелер қаржыландырады. Егер де ол бағаланса, тек ғана экономикада белгіленбеген бағасы бойынша ғана болады. Мұндай баға есептелінеді, егер де қызмет көрсетудің шығындары кеміне 50% ды жабатын болса. Мұндай қызмет түрі жалпы қоғамдық не үй шаруашылығында қолданыс табады.

145.Тұтынушының сервисті қабылдау деңгейіне ықпал етуші факторлар. Сапалы сервистің құрамдас бөліктері.

Тұтынушылардың мінез–құлқы дегеніміз қызметтерді, идеяларды және тауарларды сатып алуға, тұтынуға және олардан құтылуға, сондай–ақ шешім

процестеріне тікелей бағытталған іс-әрекет.

Тұтынушылар мінез–құлқының мазмұндық негізін тұтынушылардың шешім қабылдау поцесі және оны анықтайтын факторлар құрайды.

Сатып алушыға қатысты тұтынушылық мінез–құлық факторларын немесе сатып алу туралы шешімдерді шартты түрде сыртқы және ішкі деп бөледі.

Сыртқы факторларға: мәдениет, демография, әлеуметтік статус, референтті топтар, отбасы.

Ішкі факторлар: қабылдау, білімі, эмоция, жеке

даралық.

Өндірушілер өздерінің және бәсекелестерінің тауар сипаттамаларына, бағасына, жарнамасына тұтынушылар қалай жауап беретінін білуі және түсінуі

аса қажет. Тұтынушы қылықтарын зерттеу қорытындысында сатылатын тауар сапасы мен ассортименті оңтайландырады. Сондықтан іскерлік әлемде тауарды таңдау кезінде сатып алушыларға тураәсер ететін факторларды анықтау үшін көптеген құралдар, қаражат бөлінеді. Мәдени факторлар мәдениет және қоғам топтарының қасиетттерімен сипатталады. Мәдениет саласындағы үдерістер адамды сатып алуға апаратын себептеріне терең және күрделі әсер етеді. Өйткені адамдар қоғамда өмір сүріп, тіршілік жасаған соң, оның әсеріне түседі.

Әлеуметтік факторы тұтынушының іс-әрекеттерін референттік топтар, отбасы, әлеуметтік роль және адам мәртебесімен байланыстырады.

Референттік топтар дегеніміз адамдардың өзара қатынасына және жүріс–тұрысына тікелей және жанама әсер ететін топтар. Тікелей әсер ететін референттік топты бастапқы ұжым деп атайды. Олар шағын және бірыңғай болып келеді (мысалы, достар, көршілер, отбасы мүшелері). Ал жанама әсер ететін референттік топтар көбінесе ірі, ресми ұйымдар сипатын алады ( мысалы, кәсіподақ, діни ұйымдары, саяси партиялар).Формальды топтар бұл жазбаша түрде белгіленген ұйым және құрылым. Мысалы, партиялар, кәсіби–ассоциациялар. Формальды емес топтар бұл достық сезімде қалыптасқан топтар.

Шешім қабылдауға әсер ететін ситуациялық факторлар. Сатып алу туралы шешім қабылдау процесіне әртүрлі жағдайлар әрдайым әсер етеді. Тұтынушының шешім уақыты орын алған оқиғаларды және өзге де факторларды өзгерте алады. Сол себепті маркетингтік шешімдер осы жағдайларды басқаруы тиіс. Ол үшін жағдайлардың әсерін модельдеу және сараптай білу қажет.

Ситуациялардың 3 маңызды типі бар:

 Коммуникациялық ситуациялар;

 Сатып алу ситуациялары;

 Сатып алынған затты пайдалану ситуациялары

Коммуникациялық ситуациялар бұл тұтынушыларға жеке немесе жеке емес коммуникациялардың әсер ету жағдайлары.Жеке коммуникацияларға – тұтынушы мен сатушы арасында немесе тұтынушы мен басқа тұтынушы арасындағы ақпарат айырбасын жатқызуға болады. Ал жеке емес коммуникациялар ретінде жарнаманы, басылымдардағы ақпартты айтуға болады.

Сервис – бұл қоғамдық өмірдің барлық жақтарына әсер ететін,экономикалық қызметтің ерекше түрі. Сапалы өмірдің және индикаторлар деңгейінің ең маңызды қызметі, халықтың тұтыну деңгейін қанағаттандыру дәрежесі. Сервис аясы экономикалық барлық салалары жұмысшыларының сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш жігерін мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі функцияларын орындап қана қоймай, сондай - ақ материалдық өндіріске де өз әсерін тигізеді. Ол өндірістік құралдарды мен тұтыну заттарының өндірісін дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушылардың бірі болып табылады, ал материалдық өндірісте өз базасын таба отырып өзінің салаларын дамытуды жеделдетуге ынталы болып келеді. Екі саланың дамуының өзара байланысты үрдісінің жұмыс жасауы халықтың материалды және рухани игіліктерді үзіліссіз тұтынуымен негізделеді.

 

146.Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарының технологиясы

Қазіргі құрылыс нарығы – қаржылық жағынан мүмкіндігі зор жақсы дамыған индустрия. Бұл салада жөндеу бойынша жеке қызметті ұсынудан бастап арнайы бригадаларды ұйымдастыруға дейінгі қызмет түрлерімен айналысып, мол табысқа кенелуге әбден болады.

Жөндеу-өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылыс бригадасын құру қиын емес. Тек жөндеудің мынадай болатынын ескеру керек: косметикалық, күрделі және еурожөндеу.

Косметикалық жөндеу – орын-жайды өңдеудің ең қарапайым түрі. Күрделі жөндеу – мынадай жұмыстардың жиынтығынан тұрады: бұрынғы өңдеуді алып тастау, негізгі құрылғыларды (қабырға, еден, төбе) толық тегістеу, инженерлік коммуникацияларды ауыстыру.

Еурожөндеу – қазіргі жоғарғы технологиялық құрылыс және өңдеу материалдарын қолданып, еуропалық (аты содан шыққан) стандарттарға сай жаңа жөндеу түрі.

Ғимарат. Алғашқы кезеңде арнайы кеңсені жалға алмай-ақ, тапсырыстарды үйдегі телефон арқылықабылдауға болады.Сонымен қатар,өзіңіздің құрылыс материалдарын сақтайтын жеке қоймаңыздың болуы да міндетті емес. Белгіленген тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын керек кезде алып отыруға болады.

Технология. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мен оның технологиясы жалпы теориялық және практикалық негіздерге сүйенеді.

Жөндеу жұмыстарын білікті мамандар орындау керек. Барлық жұмыстар тапсырыс берушінің келісімімен атқарылуы тиіс. Қызметтің алуан түрін көрсету мен кеңес беру тұрақты клиенттерді табуға мүмкіндік береді. Әдетте, құрылыс бригадалары құрылыс материалдарын тиімді бағамен қайдан алу керектігін біледі. Осындай жерлерді біліп алып, жұмыстарға қажетті материалдарды сол орындардан сатып алатын боласыз.

Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізудің жалпы ережелері. Жөндеуді бастар алдында келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін төменгі қабатта орналасқан көршінің пәтерін қарап шығу керек. Электрик электр сымдарын қабырға мен төбе бойымен өткізеді. Сантехник жылу жүйесімен айналысады. Содан кейін сылақшылар жұмыс жасай бастайды. Түзу бұрыштар өлшеніп, сылақ қабаты жағылады. Сылау жұмыстары біткеннен кейін еден жөнделеді. Еденді құю кезең-кезеңімен жүзеге асуы мүмкін. Осы кезде терезе блоктары мен терезе алды орнатылады. Жылу радиаторлары орналастырылып, су құбыры мен асүйдегі сантораптағы кәріз монтажы жасалады.

Сылақ пен еден құю жұмыстары біткеннен кейін аспалы төбе монтажы мен бояу жұмыстары жүргізіледі. Сантехникалық жұмыстар аяқталғаннан соң плиткашылар жұмысқа кіріседі. Қабырға мен төбені бір сылап (нақыштау, грунтау) алғаннан соң, плиткалар төселіп болғаннан кейін, паркет төсеуші жұмысқа кіріседі. Салынған паркет тегістеліп, лактың алғашқы екі қабаты жағылады. Одан кейін қорытынды сылау жұмыстары – қабырғаны мен төбені бояу, тұсқағаз жапсыру, сантехникалық құрал-жабдықтарды іске қосу, есіктер орнату жұмыстары жүргізіледі. Тоқ сұққыштар (розеткалар) мен электрқұралдарының монтажы жасалады.

Соңғы жұмыс ғимаратты тазалау, құрылыс материалдарының қоқысын шығару болып табылады.

Kөп пәтерлі тұрғын үйлердің негізгі проблемалары:тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектісін басқаруда белсенділігінің төмен болуы;кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне пәтер иелерінің қанағаттанбауы;басқару органдарының қызметінде кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау функцияларын шоғырландыру;үйге ортақ мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинақтау практикасы әлсіз;кондоминиум объектілерін басқару органдарына ортақ мүлікті күрделі жөндеуге қол жетімді кредит беру тетіктерінің болмауы;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау жөніндегі қызметтерге төлемдерді жинау деңгейінің төмен болуы;

тұрғын үй көмегін көрсету тетігін пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;

энергия ресурстарын тұтыну деңгейінің жоғары болуы.

 

147.Театрлардың инфрақұрылымы

Театр ойын-сауық орны. Мұнда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.

Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы,т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.

Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып,ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек » трагедиясы тұңғыш рет қойылды.

Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-де М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.

Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр.

Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.

Соңғы 10 жыл ішінде еліміздегі театрлар саны 26 пайызға өсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, соңғы жылдары өңірлердегі театрлар саны 17 театрға артса, оның 12-сі жаңадан ашылған

Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.

Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.

Қазіргі күнде қандай бір театр ұжымы болмасын ең басты мәселе репертуар болып отыр. Репертуар театрдың ең негізгі көрсеткіші десек, тәуелсіздік тұсында бұл жөнінде көркемдік толысудан гөрі тоқырап қалған тұстар көп деп айта аламыз. Драмалық ұжымдардан гөрі музыкалық театрлар репертуары өзінің статусына сай шығармашылық биіктікті көрсете алмай жатқандығы жасырын емес. Елімізде Семей, Павлодар, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Көкшетау, Жезқазған өңірлеріндегі шығармашылық ұжымдар музыкалық театр статусын алған. Соның ішінде солтүстік театрлардың (Астана, Павлодар) труппа құрамы талапқа сай симфониялық оркестрмен және музыкалық білім қызметкерлермен толыққан. Алайда репертуарда көбінде драмалық, трагедиялық, комедиялық шығармалардың басымдығы байқалып жүр. Бұған – ұлттық музыкалық шығармалардың аздығы себеп болып отыр.

 

148.Тұрмыстық қызмет көрсету сферасының техникалық персоналы

Тұрмыстық қызмет - өндірістік, қоғамдық-саяси іс-әрекеттен тыс, адамдардың тіршілік қажеттілігін қамтамасыз ететін материалдық және мәдени болыап келеді. Адамның тіршілік қажеттілігінің ең бастылары тамақ, киім-кешек, тұрғын үй, демалыс көңіл көтеру, денсаулық сақтау болса, осылардың қамтамасыз етілуі үшін тұрмыстық қызмет саласы дамуы керек. Тұрмыстық әлеуметтік жағдай - өмірдің барлық салаларына, әсіресе, адамдардың еңбек етуіне, көңіл-күйіне, мінез-құлқына, рухани ізденісіне айтарлықтай ықпал етеді. Әлеуметтік жағдай өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылыққа, адамдардың жан-жақты рухани дамуына әсер етеді. Қоғамның тарихи даму барысында және ғылыми-техникалық дамудың әсерімен тұрмыстық қызметтің құрылымдық және салаларының да айтарлықтай өзгерісін көреміз. Жаһандану дәуірінде бұл қызмет ұлттар мен ұлыстардың әдет-ғұрпын, дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін сақтап, дамытуға кеңістік беретін-бір сала болып табылады. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән өзіндік ерекшеліктерді тікелей қамтамасыз ететін өндіріс салаларының ұлттық мәдениет пен өнермен байланысты.

 

Тұрмыстық қызмет көрсетудің ары қарай дамуы тек халықтың өмір деңгейінің өсуімен және қазіргі қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулармен ғана емес, сондай – ақ тауар және қызметтер арасындағы халықтың төлем қабылетті сұранысының тиісті пропорциясын қамтамасыз ету де байланысты.

Саланың функционалды ерекшеліктері өндірісте және халыққа тұрмыстық қызметтерді өткізуде, сондай – ақ ұйымдар мен мекемелерге материалды қызметтерді өткізуде көрінеді, яғни саланың өндірістік функциялары нақты көрінген. Тұрмыстық қызмет үй еңбегі түрлерінің айырбасы немесе тек эквиваленті деу, отбасылық – тұрмыстық қатынастарының туындайтын түрлі қызметтерді көрсететін кәсіпорындардың біртектілігін анықтау немесе халықтың жеке материалдық – рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру түрлерін, формаларын және әдістерін атау жеткіліксіз.

Тұрмыстық қызмет саласының дамуы тұрмыстық қоғамдастырудың кең үрдісімен, заттық өндіріс пен тұтынудың өсуімен, ауылдағы кәсіпорындарын дамытудың жеделдетілген қарқынмен туған. Тұрмыстық қызметтер құрылымындығы сапалық өзгерістерге экономикалық заңдарының әрекеті ықпал етеді, соның ішінде қажеттіліктерді жоғарылату заңы, ол көбіне тұрмыстық қызметтердің прогрессивті түрлерін көбейтудің және құрылымын ары қарай жетілдірудің қажеттілігін түсіндіреді. Тұрмыстық қызметтер үй еңбегі түрлерінің айырбасы немесе тек эквиваленті деу, отбасылық, тұрмыстық қатынастардан туындайтын түрлі қызметтерлді көрсететін кәсіпоырындардың біртектілігін анықтау немесе халықтың жеке материалдық рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру формаларын және әдістерін атау жеткіліксіз.

Тұрмыстық қызмет көрсетуде өндірістегі техниканың және ұйымдастыру деңгейін талдаудың негізгі міндеттері:

· кәсіпорындардың жаңа технологияны қолдана отырып, дамуының деңгейін анықтау және бағалау;

· оның кәсіпорын жұмысының нәтижелеріне тигізетін әсерін анықтау;

· қызмет көрсетудің эффективтілігін көтеру мақсатындағы оның ары қарай даму мүмкіншіліктерін анықтау;

· кәсіпорынның сапалы жоспарланған техникалық дамуын қамтамасыз ету және оның техникалық дамуы мен әлеуметке тигізетін әсеріне болжам жасау.

Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқару объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік үрдістің бір бөлігі болып табылады. Сондақтан өндірісте адам ресурстарын жоспалау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық – заттай элементтерін басқаруға ұқсас болып келеді

Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқару объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік үрдістің бір бөлігі болып табылады. Сондақтан өндірісте адам ресурстарын жоспалау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық – заттай элементтерін басқаруға ұқсас болып келеді.

 

149.Туристік индустрия және оның құрылымы

Туристік индустрия- туризмге арналған тауарларды және қызметтерді өндіру кешені.

Туристік индустрия құрамында 2 құрылым бар:

1. уақытша тұру және орналасу объетілері бар, транспорттық қызметі мен тамақтану қызметі ұйымдастрылған мекемелер

2. туристік шаруашылықты жүзеге асыратын, экскурсиялық қызмет, шетел азамттарына қызмет көрсететін мекемелер

Тұтынушылардың қажеттілігін толығымен қанағаттандыру мақсатымен экономикада туристік қызмет нарығы- туроператор және турагенттер деп бөлінді.

Туроператор қызметі- туристік өнімді құру, сол өнімді нарықта көтерме бағамен жылжыту қызметі.

Турагенттік шаруашылық- бұл туроператор жұмысының жалғасы, бірақ бөлшектік сауда нарығында. Олар туроператордың дайын өнімін сатады.

 

Туроператорлық қызметтің негізгі бағыты:

1) Шетел туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету. Мұндай қызметпен айналысатын турфирмалар , қабылдау туроператорлар деп аталады. Өзінің міндеттерін атқару үшін олар:

- мемлекетте бар туристік ресурстарды білу және оларды тиімді пайдалану, сонымен қатар мемлекет ішінде туристік саяхат ерекшелігі туралы білу керек.

- өз мемлекетінде туризмнің материалды-техникалық базасы туралы білу керек және туристік қызмет көрсету мекемелермен іскерлік байланыста болу керек , яғни шетел азаматтарына қызмет көрсету мүмкіндігі үшін ;

- визалық өолдау көрсету керек

- шетелде өзінің тур өнімдерін өткізу каналдары болу керек

 

Әдетте турфирмалар сатқан өнімнен 10% комиссия алады, кейде билеттерді сату және қонақүйді брондау кезінде 8-9% комиссиясы алады, ал жол чектерін немесе шетел валютасын сатқанда 2%-тен көп емес комиссия алады. Сақтандыру турфирмаларға 30% комиссиямен қамтамасыз етеді, көлікті прокатқа алу 10%.

Туроператор мен турагенттерден басқа, туризм индустриясына мыналар кіреді:

- туристік өнімді өндіретін фирмалар- санаторий, емдеу орталықтары, демалыс базалары және т.б.

- орналастыру қызметтеріне негізделген фирмалар- пансионаттар, демалу үйлері, мотельдер, қонақ үйлер

- тамақтандыру орындару- мейрамхана, бар, кафе, асханалар

- туристерге арналған тауарларды сату орындары

- бос уақытты өткізу орындары- концерт залдары, кинотеатр, ойын авторматтар залы және т.б.

- жарнама- ақпарттандыратын туристік фирмалар- жарнама агенттері, жарнама бюросы т.б.

- немесе мемлекеттік мекемелер- туризммен комерциялық немесе әлеуметтік мақсатта айналысатын ұлттық, регионалды, муниципалды мекемелер

 

150.Тұрмыстық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиясы

Өндірістік алаңдар мен жабдықтарды барынша тиімді пайдалану үшін, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру үшін жөндеу кәсіпорындарында технологиялық желілер мен мамандандырылған пост арды - бұзу-жуу жұмыстарындағы, машинаны және қозғалтқыштарды бұзу, жөндеу және жинау учаскелеріндегі жұмыс орындарын ұйымдастыра отырып машиналарды агрегатты-тораптық жөндеу әдістері қолданылады.

Технологиялық жөндеу процесі мен машиналарға техникалық қызмет көрсету сыртын жуудан, пайдаланылған майын ағызудан, картерлерін бумен немесе ауа қысымымен үрлеуден және диагностикадан басталады.

Әмбебап жөндеу стендінде жуғаннан кейін машинаны бұзуға, жууға және диагностикаға жібереді. Машинаны бұзу, жуу және диагностика жасау учаскесінде оны толығынан немесе ішінара тораптарға бөледі, содан соң тірек-крандар арқылы жуу машинасына апарады. Содан соң оларды жөндеу және санау учаскелеріне жібереді. Толығынан немесе ішінара бұзылған машиналар арнайы құрылғылар, тірек-крандар және арбалар көмегімен шеберханаға қатарлап қойылады.

Жөнделген тораптар мен машиналарды арнайы стендтерде сынайды.

Тракторлар мен автомобильдерді соңғы сынауды ғимараттан тыс жүргізеді. Жөнделген ақаулары сыналғаннан кейін техникалық қызмет көрсету учаскесінде жөнделеді. Комбайндар мен ауылшаруашылық машиналары стенд-арбада сынайды. Сынаудан өткен машиналар сырлау учаскесіне келіп түседі және сырланады (қажет болса), жөнделген техникалар алаңына әкеліп қойылады.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті техникалық кызмет көрсету, қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы күнделікті жөндеумен қатар, шектеулі жұмыстар жүргізуге арналған әскери бәлім паркінің негізгі элементтерінің бірі. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті тұрақты парктерде бекітілген үлгілік жобалар бойынша салынып, аккумуляторлық және су, май қыздырғыш бөлімдермен біріктірілуі мүмкін. Олардың ішкі құрылысы қабылданған қызмет көрсету ауқымына және машиналар мен қару-жарақты жөндеу технологиясына байланысты болады. Әдетте, техникалық қызмет көрсету және жөндеу пунктінде шынжыр табанды және дөңгелекті машиналарға техникалық кызмет көрсету мен күнделікті жөндеу орындары, агрегаттарды күнделікті жөндеу, слесарьлық-механикалық, электргаз-дәнекерлік, ұста-қаңылтырлық, қарудыжөндеу мен қызмет көрсету, электрлік арнайы жабдықтар, оптикалық аспаптар, радио және жанармай аппараттары, шина монтаждық және желімдеу, шанақтарды, орындықтарды жөндеу және т.б. жұмыстары аткарылатын орындар жабдықталады. Машиналарға Техникалық қызмет көрсету және жөндеу пунктінде жылжымалық қабырғалар мен диагностикалық— бақылау аспаптары бар, қажетті құралдармен жабдықталған машиналардың техникалық жағдайын тексеру қызметі орналасады. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті табельді жабдықпен және, әдетте, арнайы жұмыс орындарында, машиналар мен жеке агрегаттарды жөндеу мен қызмет көрсету учаскелерінде орналастырылған қызмет көрсету мен жәндеудімеханикаландыру құралдарымен жабдықталады. Әскери бөлімде бар машиналардыц санына, түрі мен маркаларына және орындалатын жұмыс кәлеміне байланысты техникалық қызмет көрсету және жөндеу пунктін жабдықтау үшін бір немесе бірнеше технологиялық жабдықтар толымы қолданылады

Тұрмыстық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету:

Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет етеді.Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80 %-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75 %-дан астам жолаушы тасымалданады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады.Бұл мәселені шешу бір автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильдің техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады.Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді жақсартуды талап етеді.Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да қасиеттері төмендейді.Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар пайда болады.Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және жөндеу кезінде шегертеді.Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ – рде, жөндеуі техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады.Бұл жағдайда автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді.

 

151.Тұрмыстық қызмет сферасының дамуының алғы шарты

Нақты функционалдық анықтылыққа қарамастан, оның кәсіпорындары экономиканың көптеген басқа салалары бойынша шашырыраған. Тұрмыстық қызмет көрсетуге тар топ қызметтері, негізінен жеке мәселелері бойынша немесе тұрмыстық ыңғайлықты құру бойынша немесе адамның жеке гигиенасымен байланысты өндірістік емес қызметтер тікелей жатады.

Сонымен қатар индустриалды негізде жаңа дамушы саланың ерекшелігі, біздің ойымызша, келесі маңызды белгілермен көрінеді:

Біріншіден, егер тұтыну заттарының жаппай өнеркәсіп өндірісінде әр жеке тұтынушы өнім құрылымын қалаптастыруға қатыспаса, онда тұрмыстық қызмет көрсетуде тұтынушы – орталық тұлға, оның тұрмыстық қызметті жүзеге асыру үрдісіне қатысуы міндетті, ол түрлі қызмет түрлерінің тапсырыс берушісі және сапасын бағалаушысы.

Екіншіден, тұрмыстық қөызмет көрскету кәсіпорынның әрекеті жэергілікті аймақтық ерекшеліктерге, тұрмыстық қызмет түрлеріне сұраныс жағдацйлапрына байланысты (халық санының өзгерісін, әлеуметтік – экономикалық, мәдени – тұрмыстық, жастық – жыныстық, географиялық және басқа да факторлардың ескеруімен).

Үшіншіден тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары мен ұйымдар жұмысының ырғақтылығы сала қызметін жоспарлауда ескеруді қажет ететін объективті фактор болып табылатын сұраныстың маусымдық ауытқуларына тікелей байланысты болады.

Төртіншіден, тұрмыстық қызметтер индустриясының айырықша ерекшелігі тұрмыс қызметі жұмысшыларының көптеген клиенттермен күнде араласуы және тапсырыстардың белгілі мерзімінде орындалуы болып табылады. Халыққа максималды ыңғайлылық құру үшін минималды шығындармен тапсырыстардың тез орындалуы тиіс. Ал бұл өз кезегінде қызмет көрсетудің прогресивті формаларын таратудың импульсі болып табылады.

Бесіншіден, өндірістің жекеше сипатындағы жұмыстар мен қызметтердің маңызды номенклатурасы – салның айырықша ерекшелігі.

Алтыншыдан, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудегі еңбек өзінің технологиялық сипаты бойынша экономиканың басқа салаларындағы тура сол немесе басқа нақты түріне ұқсас.

Сонымен, жетіншіден, делдалсыз тұтынушымен тікелей байланысу саладағы өндіру және өткізу функцияларының бірігуі туралы айтуға мүмкіндік береді.Іс жүзінде халыққа көрсетілген барлық қызметтер қызмет көрскету, сондай – ақ өндіәріс спецификасы бойынша топтастырылады. Қызмет көрсету өзгешелігі қызметтерді үш бағытта топтастыруды болжайды: бұйымдарды қайта құру және жөндеу бойынша; тұтынушының жеке тапсырыстарымен сәйкес жаңа бұйымдарды дайындау; тұрмыста ыңғайлылық құру бойынша. Тұрмыстық қызметтерді топтастыруды жетілдіру мақсатында сала бойынша қызметті бөлшектеп топтастыру және нақтылау жолы бойынша жүру қажет немесе статистикада барлық қызмет көрсету салалары қорытындылап беріледі. Тұрмыстық қызметті дамытудың қазіргі кездегі заңы – олардың құрылымындағы, сондай–ақ жалпы алғанда тұтыну құрылымындағы сапалы өзгерістер, бұл тамақ өнімдерін сатуды относительді қысқарту есебінен азық – түліктік емес тауарлардың үлес салмағын жоғарлатуда көрінеді. Мұндай сұраныс құрылымының заңдық өзгерісі азық –түлік тауарларына қажеттілік ең бірінші қанағатандырылатын жеке белгілі бір физиологиялық ережелермен шектелгендігімен түсіндіріледі. Ал халықтың азық – түліктік емес тауарларға қажеттілігі жан – жақты және олардың шекаралары кеңірек. Бұл толық шамада тұрмыстық қызметке де жатады.
Қызмет көрсету саласын дамыту қажеттілігі халықтық тұтыну құрылымында біршама қайта құруды, қызмет үлесінің едәуір өсуі мен материалдық тұтынудың меншікті салмағының талап етеді. Қызмет көрсету саласы экономиканың ең перспективтік, жедел қарқынмен дамушы салаларының бірі болып табылады. Ол қызметтің кең ауқымын қамтиды: сауда және көліктен қаржыландыруға, сақтандыруға және әртүрлі тектегі делдалдыққа дейін. Экономикалық жүйенің түпкілікті өзгеру процесі, командалық-әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға өту қызмет көрсету саласына, әлеуметтік салаға аса қатты әсерін тигізді.

152.Технологиялық жүйелер және олардың қалыптасу заңдылықтары

Тұрмыстық қызмет - өндірістік, қоғамдық-саяси іс-әрекеттен тыс, адамдардың тіршілік қажеттілігін қамтамасыз ететін материалдық және мәдени жағдай. Адамның тіршілік қажеттілігінің ең бастылары тамақ, киім-кешек, тұрғын үй, демалыс көңіл көтеру, денсаулық сақтау болса, осылардың қамтамасыз етілуі үшін тұрмыстық қызмет саласы дамуы керек. Тұрмыстық әлеуметтік өмірдің барлық өмірдің барлық салаларына, әсіресе, адамдардың еңбек етуіне, көңіл-күйіне, мінез-құлқына, рухани ізденісіне айтарлықтай ықпал етеді. Әлеуметтік жағдай өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылыққа, адамдардың жан-жақты рухани дамуына әсер етеді. Қоғамның тарихи даму барысында және ғылыми-техникалық дамудың әсерімен тұрмыстық қызметтің құрылымдық және салаларының да айтарлықтай өзгірісін көреміз. Жаһандану дәуірінде бұл қызмет ұлттар мен ұлыстардың әдет-ғұрпын, дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін сақтап, дамытуға кеңістік беретін-бір сала болып табылады. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән өзіндік ерекшеліктерді тікелей қамтамасыз ететін өндіріс салаларының ұлттық мәдениет пен өнерден тамыр тартқаны абзал.

Қоғамдық ұдайы өндірісте тұрмыстық қызмет көрсетудің ролі мен мәнін терең және нақты түсіну салада өндірістік күштер дамуының шынайы үрдісін, өндірістік қатынастың жетілуін анық көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі жағдайда экономиканың өзінше қызмет ететін саласы бола лтырып халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ортақ мақсаттары бар бір типті сипаттағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір жиынтығы ретінде қызмет жасайды.

Технологиялық жүйелердің қалыптасуы

Нақты функционалдық анықтылыққа қарамастан, оның кәсіпорындары экономиканың көптеген басқа салалары бойынша шашырыраған. Тұрмыстық қызмет көрсетуге тар топ қызметтері, негізінен жеке мәселелері бойынша немесе тұрмыстық ыңғайлықты құру бойынша немесе адамның жеке гигиенасымен байланысты өндірістік емес қызметтер тікелей жатады.

Сонымен қатар индустриалды негізде жаңа дамушы саланың ерекшелігі, біздің ойымызша, келесі маңызды белгілермен көрінеді:

Біріншіден, егер тұтыну заттарының жаппай өнеркәсіп өндірісінде әр жеке тұтынушы өнім құрылымын қалаптастыруға қатыспаса, онда тұрмыстық қызмет көрсетуде тұтынушы – орталық тұлға, оның тұрмыстық қызметті жүзеге асыру үрдісіне қатысуы міндетті, ол түрлі қызмет түрлерінің тапсырыс берушісі және сапасын бағалаушысы.

Екіншіден, тұрмыстық қөызмет көрскету кәсіпорынның әрекеті жэергілікті аймақтық ерекшеліктерге, тұрмыстық қызмет түрлеріне сұраныс жағдацйлапрына байланысты (халық санының өзгерісін, әлеуметтік – экономикалық, мәдени – тұрмыстық, жастық – жыныстық, географиялық және басқа да факторлардың ескеруімен).

Үшіншіден тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары мен ұйымдар жұмысының ырғақтылығы сала қызметін жоспарлауда ескеруді қажет ететін объективті фактор болып табылатын сұраныстың маусымдық ауытқуларына тікелей байланысты болады.

Төртіншіден, тұрмыстық қызметтер индустриясының айырықша ерекшелігі тұрмыс қызметі жұмысшыларының көптеген клиенттермен күнде араласуы және тапсырыстардың белгілі мерзімінде орындалуы болып табылады. Халыққа максималды ыңғайлылық құру үшін минималды шығындармен тапсырыстардың тез орындалуы тиіс. Ал бұл өз кезегінде қызмет көрсетудің прогресивті формаларын таратудың импульсі болып табылады.

Бесіншіден, өндірістің жекеше сипатындағы жұмыстар мен қызметтердің маңызды номенклатурасы – салның айырықша ерекшелігі.

Алтыншыдан, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудегі еңбек өзінің технологиялық сипаты бойынша экономиканың басқа салаларындағы тура сол немесе басқа нақты түріне ұқсас.

Сонымен, жетіншіден, делдалсыз тұтынушымен тікелей байланысу саладағы өндіру және өткізу функцияларының бірігуі туралы айтуға мүмкіндік береді.Іс жүзінде халыққа көрсетілген барлық қызметтер қызмет көрскету, сондай – ақ өндіәріс спецификасы бойынша топтастырылады. Қызмет көрсету өзгешелігі қызметтерді үш бағытта топтастыруды болжайды: бұйымдарды қайта құру және жөндеу бойынша; тұтынушының жеке тапсырыстарымен сәйкес жаңа бұйымдарды дайындау; тұрмыста ыңғайлылық құру бойынша.

Тұрмыстық қызметтерді топтастыруды жетілдіру мақсатында сала бойынша қызметті бөлшектеп топтастыру және нақтылау жолы бойынша жүру қажет немесе статистикада барлық қызмет көрсету салалары қорытындылап беріледі.

Тұрмыстық қызметті дамытудың қазіргі кездегі заңы – олардың құрылымындағы, сондай–ақ жалпы алғанда тұтыну құрылымындағы сапалы өзгерістер, бұл тамақ өнімдерін сатуды относительді қысқарту есебінен азық – түліктік емес тауарлардың үлес салмағын жоғарлатуда көрінеді. Мұндай сұраныс құрылымының заңдық өзгерісі азық –түлік тауарларына қажеттілік ең бірінші қанағатандырылатын жеке белгілі бір физиологиялық ережелермен шектелгендігімен түсіндіріледі. Ал халықтың азық – түліктік емес тауарларға қажеттілігі жан – жақты және олардың шекаралары кеңірек. Бұл толық шамада тұрмыстық қызметке де жатады.

 

Қызмет көрсету бағытындағы коммерциялық бөлшек сауда кәсіпорындары өзінің кәсіби мамандықтарына қарай жалпы қызмет көрсетудің көптеген түрлерімен шұғылданады. Мұндай қызмет көрсететін мекемелерге: қонақүйлер, банкілер, әуе жолы серіктестіктері, колледждер, ауруханалар, киноиеатрлар, теннис клубтары, ресторандар, өңдеу кәсіпорындары мен басқа да әртүрлі дербес қызмет көрсететін мекемелер: шашатараздар, косметикалық салондар, химиялық тазалау, киім тігу ательелері т.б жатады. Қызмет көрсету мекемелері халықтың хәл-ахуалыеың жақсаруына байлнысты бөлшек саудамен салыстырғанда, әлдеқайда қарқынды дамыды. Бұл жағдайда банкілер өз қызметтерін кеңінен тарату жолдарын іздестіре отырып, банкілік операцияларды автоматтандыру, төлемдерді телефон арқылы жүргізуді қолға алады. Ал, денсаулық сақтау мекемелері дәрігерлік қызмет көрсету жағын түбірінен қайта құрып, тапсырыс алу және оның төлем тәсілдерін жетілдіруге күш салады. Соңғы жылдары қызмет көрсетудің дәстүрлі түрлерімен бірге, жаңа түрлері де көбейе түсіп, көпшілік арасына кеңінен тарап келеді және оның келешек даму жолы өндіріске негізделген кешендерге және салаларға бөлінген күрделі іс-әрекеттерден тұратын болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 360; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты