Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Табыстылық кілті - жетекшінің кәсіби қарым–қатынасы.




Кәсіби қарым-қатынас жасау этикасының негізгі принциптері.
Кәсіби этика – белгілі қызмет аясындағы адамдардың өзара қарым – қатынастарының өзіндік шарты негізінде әрекет ететін моральдық нормалар мен принциптердің жүйесін зерттейтін этикалық ғылымның саласы.
Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;
адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;
ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы).
қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез – құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты. Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды. Кәсіби салаға этикалық стандарттармен нормаларды енгізу - еңбектің кәсіби аясында тапсырмаларды шешуге және тиімділікті көтеруге бағытталу керек. Кәсіби этика– этикалық нормалардың, стандарттардың, талаптардың мазмұны белгілі аядағы іс -әрекеттің мазмұнына сай келу қажет. Менеджмент, кадрлық саясат іс-әрекет саласында анықтаушы орынды менеджер мен оның жеке тұлға ретінде тұтастығы алады. Қазіргі жағдайда, экономикада миллион адам қызмет етуде, ал басқа адамдардың өмірі экономикаға тәуелді. Экономикалық жетістіктер кадрлардың сапасы мен басқару шеберлігіне байланысты. Соңғы жылдары менеджментті зерттейтіндердің қызығушылық құрылымы өзгерді: егерде классикалық және оған ұқсас мектептер техникалық жағынан – принциптерді, қызметтерді, құрылымдарды және т.б., адамгершілік қарым-қатынас мектебі мен басқалары адамгершілік факторды зерттесе, ал қазіргі менеджментте қоғамдық роль, қоғамдық орын деген мәселелер белсенді қарастырылуда. Осыған орай, жалпы менеджменттегі анықталатын кадр саясатындағы этикалық аспектілердің маңыздылығы аса зор.

 

 

156.Тұрмыстық қызметтер сапасын бағалаудың негізгі критерилері

Тұрмыстық қызмет көрсету сапасы - сервис өнімінің пайдалы қасиеттерінің кешені әлемдік стандарттарға сәйкес қойылған талаптар деңгейінде жеке және қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру. Ол - нормативтік құқықтық базис негізі мен экономикалық құрылым сапасы деңгейі тұтынушының келісімі бойынша бағасына байланысты әртүрлі деңгейде болады (жоғары, орташа, төмен). Сапа мәселесі экономикалық категория ретінде қоғамдық өндірісін дамуымен пайда болады. Өндіріс - қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек кұралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын - цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, Әлеуметтік Қызмет және Бизнес және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтардың 3 түрі болады:негізгі;көмекші;қосалқы және т.б.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 248; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты