Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шаштараз қызметтерін көрсетудің технологиялық үрдісі




Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мен қызмет жасау сапасын дамытуда пайдалылығын арттыруда кәсіпорын жұмыс тәжірибесінде ғылыми-техниканың жаңа жетістіктерін кеңінен қолдану керек. Ғылыми ізденістер болмаса, құрал-жабдықтар, еңбек құралдары кәсіпорын техникасын жақсарту сондай-ақ қызмет көрсету жаңа түрлері, қызмет көрсету формасын, әлеуметтік мәселелерді шешу жлдарын табу мүмкін емес. Ғылыми техниканың дамып жатқанын өндіріс құралдардың , техологиялардың өзгеруімен және жылдан-жылға мінсіз дамынан көруге болады. Жаңа технологияның қолданыста болуы қызмет көрсетудің жаңаруымен кеңеюіне, олардың санасының көтерілуіне, тұрғындарға қызмет көрсету уақытының азаюына,жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ету жағдайына мүмкіндік туғызады. Техника және технология, кәсіпорын бір-бірімен тығыз байланысты. өндіріске жаңа техника енгізу технологиялық процеске өзгеріс әкеледі.

Тұрмыстық қызмет көрсетулерді қолдану, %-бен 1-сызба

Қазіргі жағдайда экономиканың өзінше қызмет ететін саласы бола лтырып халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ортақ мақсаттары бар бір типті сипаттағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір жиынтығы ретінде қызмет жасайды.

Бұл мақсаттар тұрмыстық қызмет түрлеріне қажеттілігі, халықтың алдын ала тапсырыс беруі негізінде анықталады. Қоғамдық ұйымдастырылған тәсілдері мен формаларында шығы отырып адамның материалды және материалды емес қажеттіліктерін қанағаттандыру, сала кәсіпорнының қызметі тұтыну құнын құру мен қайта құруға, сондай – ақ тұрмыста таза қызметті тікелей қанағаттандыруға бағытталған.

Жалпы алғанда салада қызметті жақсарту тенденциясын айта кету қажет: бірінші қажетті қызметті қызметтен жоғары қызметке дейін, сонымен қатар таза қызмет көлемінің кеңеюі. Егер бұрын ауыл тұрғыны киім, аяқ киім тігумен эжәне жөндеумен, фотоателье және шаштараз жұмысымен шектелсе, онда қазір ауыл тұрғындары жөнеу және тұрмыс машиналары мен құралдарын жөндеу, химтазалау, құрылыс және ғимаратты жөндеу, жиһазға тапсырыс беру және т.б. бойынша қызметтерді тұтынады. Саланың дамуы тұрмыстық қоғамдастырудың кең үрдісімен, заттық өндіріс пен тұтынудың өсуімен, ауылдағы кәсіпорындар торын дамытудың жедетілген қарқынымен туған. Тұрмыстық қызметтер құрылымындағы сапалық өзгерістертерге экономикалық заңдардың әрекеті ықпал етеді, соның ішінде қажеттіліктерді жоғарлату заңы, ол көбінесе тұрмыстық қызметтердің прогрессивті түрлерін кеңейтудің және құрылымын ары қарай жетілдірудің қажеттілігін түсіндіреді.

Бірақ, саланың даму қарқынына қарамастан бірқатар ұйымдастырушылық және салаішілік проблемалар шешілмей қалуда. Тұрмыстық қызмет көрсетудің ары қарай дамуы тек халықтың өмір деңгейінің өсуімен және қазіргі қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулармен ғана емес, сондай – ақ тауар және қызметтер арасындағы халықтың төлем қабылетті сұранысының тиісті пропорциясын қамтамасыз ету де байланысты.

Саланың функционалды ерекшеліктері өндірісте және халыққа тұрмыстық қызметтерді өткізуде, сондай – ақ ұйымдар мен мекемелерге материалды қызметтерді өткізуде көрінеді, яғни саланың өндірістік функциялары нақты көрінген. Тұрмыстық қызмет үй еңбегі түрлерінің айырбасы немесе тек эквиваленті деу, отбасылық – тұрмыстық қатынастарының туындайтын түрлі қызметтерді көрсететін кәсіпорындардың біртектілігін анықтау немесе халықтың жеке материалдық – рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру түрлерін, формаларын және әдістерін атау жеткіліксіз.

160.Шаштараз қызметін көрсетудің технологиялық үрдісі

1. Жалпы мәлімет. Шаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».

Неден бастау керек? Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастау керек. Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алу қажет. Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып», болашақ өзіңіздің шаштаразға келетін клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы табысқа қол жеткізе алады. Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым жоғарырақ, сондай-ақ алғашқы инвестициялық салымдар да, элиталы шаштараздармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды болуы керек емес, жалдауға немесе қаланың айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз.

2. Ғимаратты таңдауға ерекше мән берген дұрыс, орташа бағадағы шаштараз үшін ең жақсысы – автобус аялдамасына жақын орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға алу. Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін. Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік қабаттына ғана орналаса алады. Өжіреде (подвал) шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет. Толығырақ мәліметті Сіз «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығын оқу арқылы ала аласыз.

3. Қызметкерлер. Жалдамалы қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен, әсіресе, әйелдер қауымымен жұмыс істейтіндіктен коммуникативтілігіне де мән беріңіз. Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында, сондай-ақ коммуникативтіліктерін жақсарту үшін оларды оқытуға уақыт және ақша бөлуге кеңес береміз. Қызметкерлерді салалық оқу орындарынан іздеген жөн, баспа беттеріне, интернетке жарнама беру немесе кадрларды таңдау агенттілігіне хабарласуға да болады.

4. Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте ауқымды - бұл шаш қысқартудың, бұйралаудың, сәндеудің, емдеудің әртүрлілігі.

Шаштараздың бизнестің аралас түрлерін ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін естен шығармау керек, мысалы, онда шаш және тырнақ күтімі үшін қажетті тауарларды сатуға әбден болады. Сонымен қатар, қосымша табыс табу үшін шаштараз ішіне өз кезегін күтіп отырғандарға арналған кофе және басқа да сусындары бар сауда автоматтарын қоюға болады.

Сіздің шаштаразды бәсекелестерден ерекшелейтін, клиенттеріңізге жағымды, ұнайтын ұсақ-түйектерге де мән беріңіз. Клиенттеріңізге сапалы қызмет көрсету, жақсы, жылы шырайлы мамандардан басқа не ұсынуға болады? Клиенттер үшін екі параметр өте маңызды: қолайлылық және өзіндік қайталанбас атмосфера, яғни телефон арқылы жазылуға мүмкіндік, желдеткіш, күтіп отыруға ыңғайлы орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды әуен, қызықты безендіру, тірі гүлдер, плакаттар және т.б.

5. Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар. Жабдықтарды таңдауда баға мен сапаның оптималды сәйкестігіне сүйену керек. Дегенмен, клиенттер үшін қолайлы жағдай туғызуда үнемдеудің қажеті жоқ, ыңғайлы креслолар, шаштараз жуғыштарын, сенімді электр құралдарын таңдаңыз. Мысалы итальяндық айна сатып алу міндетті емес, қытайлық сапалы айнаны да қолдануға болады.

Сізге құрал-жабдықтардың ішінен мыналар қажет: құрғатқыш, шаш қысқартатын машинка, фен, айнасы бар шкаф-тумбочка, гидравликалық кресло, креслосы бар жуғыш, айна.

Сондай-ақ, Сіз мынадай жабдықтар мен заттарды алуыңыз керек: әртүрлі формадағы тарақтар, массажды тарақ, қайшылар, шаш бояулары, сабынсулар (шампунь), химиялық бұйралауға арналған заттар, бигудилер (ірісі, орташасы, ұсақтары), шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск, пенка), сүлгілер мен жамылғылар.

Жарнама. Маңдайша жазу өзінше жарнаманың бір түрі деуге болады. Ол қымбат болмай-ақ, бірақ міндетті түрде стильді, зейін аударарлықтай болуы керек. Жақын маңдағы үйлерге, адамдар легі көп жерлерде жарнамалық парақшалар таратуға болады. Шаштараз үшін ең жақсы жарнама – көрсететін қызметтің сапасы.

 

ХХХХХХ

161.Химиялық тазалауға тапсырыс қабылдаудың ережелері мен тазалау үрдісіне қойылатын талаптар

Химиялық тазалау-мамандандырылған кәсіпорындардакиім кешектердегі дақтарды кетіру мен жалпы кірден тазартыудың күшті әрекетті органикалық ерітінділер қолданылатын әдісі. Мұндай ерітінділер қатарында хлорланған көмірсутектер пайдаланылады. Уытты бояғандықтан, бұл ерітінділер химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін қауіпті.

Ерітінділердің зиянын азайту үшін жабдықтар тұмшаланған аппараттарды толтыру және жөндеу кезінде денсаулығына нұқсан келтірмей қоймайды. Пайдаланылатын ерітінділер концерогенді заотектер , химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін обыр ауруына душар болу қатері төнеді. Бояу-түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу пигменттелген лакты боялу материалды жалпы атауы. Бояулар престелген немесе пигментпен байланыстырғыш заттың ұнтақ қоспасы күйінде шығарылады.Қолдану мақсатына қарай : құрылыстық, автомобильдік, полиграфтық,суретшілер. Химиялық тазалау орындары төмендегідей қызметтер ұсынады:киімдерді тазалау,бас киімдерді тазалау, көрпелерді,кілемдерді,жұмсақ ойыншықтарды,жастықтарды және жиһаздарды тазалау.Сонымен қатарқосымша қызметтер ұсынады:бактерияға қарсы қызмет,хош иіс беретін қызмет,жастықтың сыртын ауыстыру,трикотажды қалпына келтіру.

«Химияляқ тазалау қызметтері» туралы Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес мынандай қауіпсіздік талаптары қойылады:

Химиялық тазалау машиналарын жөндеу және пайдалану,құрастыру кезде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы қауіпсіздік талаптары-ГОСТ 12.2.084 бойынша;

Жұмыс ауасы аумағына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар – ГОСТ 12.1.005 бойынша. Жұмыс ауасы аумағында хлорорганикалық еріткіш буларының ШРК деңгейі 10мг/м3 аспауы тиіс.

Химиялық тазалаудан өткен бұйымдара хлор органикалық еріткіштердің қалдық құрамы 6.2 ескерілген жұмыс ауаусы аумағында еріткіш буларының шекті рұқсат етілетін концентрациясынан аспауы тиіс.

Органикалық еріткіштер ортасында және арнайы химиялық препараттармен бала бақша балаларына арналған киімдерді және жұмсақ ойыншықтарды өңдеуге болмайды.

Химиялық тазалауды пайдаланылатын химиялық препараттар: күшейткіштер, дақ кетіргіштер, күйеге қарсы, антистатикалық және басқа құралдарда қолдану нұсхаттамақтары және міндетті сертификаттауға жататын сәйкестік препараты болуы тиіс.

162.Химиялықтазалау, бояу, жуып – тазалау қызметтерінің технологиясы

Химиялық тазалау — мамандандырылған кәсіпорындарда киім-кешектердегі дақтарды кетіру мен жалпы кірден тазартудың күшті әрекетті органикалык ерітінділер қолданылатын әдісі. Мұндай ерітінділер қатарында хлорланған көмірсутектер (көпшілік жағдайдатетрахлорэтилен) пайдаланылады. Өте-мөте уытты болғандыктан, бұл ерітінділер химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін қауіпті.

Ерітінділердің зиянын азайту үшін жабдықтар тұмшаланғанымен, аппараттарды толтыру және жөндеу кезінде жұмыскерлердің денсаулығына нұқсан келтірмей қоймайды. Пайдаланылатын ерітінділер канцерогенді заттектер болғандықтан, химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін обыр ауруына душар болу қатері төнеді.[1]

«Химияляқ тазалау қызметтері» туралы Қазаақстан Республикасының стандарттарына сәйкес мынандай қауіпсіздік талаптары қойылады:

Химиялық тазалау машиналарын жөндеу және пайдалану,құрастыру кезде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы қауіпсіздік талаптары-ГОСТ 12.2.084 бойынша;

Жұмыс ауасы аумағына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар – ГОСТ 12.1.005 бойынша. Жұмыс ауасы аумағында хлорорганикалық еріткіш буларының ШРК деңгейі 10мг/м3 аспауы тиіс.

Химиялық тазалаудан өткен бұйымдара хлор органикалық еріткіштердің қалдық құрамы 6.2 ескерілген жұмыс ауаусы аумағында еріткіш буларының шекті рұқсат етілетін концентрациясынан аспауы тиіс.

Органикалық еріткіштер ортасында және арнайы химиялық препараттармен бала бақша балаларына арналған киімдерді және жұмсақ ойыншықтарды өңдеуге болмайды.

Химиялық тазалауды пайдаланылатын химиялық препараттар: күшейткіштер, дақ кетіргіштер, күйеге қарсы, антистатикалық және басқа құралдарда қолдану нұсқаулықтары және міндетті сертификаттауға жататын сәйкестік препараты болуы тиіс.

Химиялық бояу

Бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеу және оларды қолмен немесе автоматты басқарылатын химиялық тазалау машиналарында, сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсету учаскелеріндегі химиялық тазалау аппараттарында арнаулы препараттармен сіңірмелдеу процесін жүргізу. Белсендірілген көмірді адсорберде регенерациялау. Бұйымның ластану деңгейіне, ассортименті мен түсіне, түріне, талшық құрамына және материалдың тығыздығына қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау. Техника қауіпсіздігі және машинаны пайдалану ережесі бойынша клиенттермен нұсқаулық өткізу. Клиенттердің бұйымдарды дұрыс жинақтауын, оларды салуы мен алуын бақылауды жүзеге асыру. Тапсырысты немесе түбіртекті касса ведомосына тіркеу, өңдеу үшін прейскурантқа сәйкес ақы алу, жетондарды беруі, қажетті құжаттаманы ресімдеу және түскен ақшаны белгіленген тәртіппен өткізу. Жабдықтың жұмыс есебі жөніндегі журналды, ертінді шығысының есебін жүргізу.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 338; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты