КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сервис түсінігі, мәні және сервистік қызметтер классификациясыСервис – бұл халыққа қызмет көрсету немесе ұсынылған қызмет. «Қызмет» және «сервис» екеуі бір ұғым ретінде түсінуге болады деген бірақта мынандай ұғым бар «сервистік қызмет көрсетулер», «қызмет көрсету» термині мен анықтамасы бұл орындаушы және тұтынушы арасындағы қарым қатынас нәтижесі, мұнда көбінесе орындаушы тұтынушының көңілінен шығуы тиіс.Орындаушы – бұл мекеме, ұйым немесе тұтынушыға қызмет көрсететін кәсіпкер. Өндірістік қызмет көрсету де коллектив, нақты кәсіпорын жұмысшылары, сервистегі технологиялар және жаңа идеялардың генераторы, менеджерлер және т.б. жатады. Тұтынушы – жеке мұқтаждығын қанағаттандыру себебімен тапсырысты беруші немесе алушы адам. Олар сатып алушылар, клиенттер, пайдаланушылар. Халыққа қызмет көрсетудің функционалдық белгіленімі бойынша матералдық және әлеуметтік – мәдени болып бөлінеді. Матералдық қызмет көрсету – тұрмыстық - матералдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін падаланушыларға қажет қызмет көрсетулер. Әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетулер – интеллектуалдық және өмірлік қызметтің нормаларын қанағаттандыру.Халыққа қызмет көрсету сферасы – біріккен кәсіпорындар, заңды тұлғалардың мекемесі жатады. Ал қызмет көрсетудің өзі орындаушының тұтынушыны қамтамасыз ету қызметі. Қызмет көрсету сферасы халық шаруашылығының комплексінің белгілі бір бөлігі, жалпы экономикалық заңдылықтарға қызметкөрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде қызмет сферасына мыналарды жатқызуға болады: тұрмыстық қызмет, байланыс және көлік қызметі және т.б. Қызмет сферасында шығыстар структурасы бір бірінен айырықшаланады, ол демек құрылыста және өндірісте болатын жағдай. Амортизацияны қосқандағы материалдық шығыстар театрда 13,3%, циркте 17% , концерттік мекемелерде 3,5% , парктерде 20,3% , өндірісте 82,8% , құрылыста 64,8% , туритсік компанияларда 15,2% , көлік қызметі 263,9 немесе 24,2% - ды құрайды.Сервис классификациясы өзі алты класстан құрылады, оларға:Өндірістік сервис ,Қоғамдық белгілеу кезіндегі сервис,Әлеуметтік – мәдени сервис,Интеллектуалдық сервис,Шаруашылық сервис .Оның ішінде негізгілері өндірістік, шаруашылық, қоғамдық белгілеу сервисі, интеллектуалдық сервис болып келеді.Өндірістік сервис - өндірістік сипаттағы сервис төрт басты мақсаттан тұрады:Өндірістік тауардың құрамына кіретін қызметтер, ол жартылай фабрикаттар және т.б.Жөндеу қызметтері.Техникалық дайындау өнімдері. Оның өзі екі нұсқадан тұрады: Бұл қызмет кәсіпорын жұмысшыларымен орындалады, демек базалық немесе аймақтық құрылымдар бойынша;Қызмет субъектісі ретінде басқа да кәсіпорындар шығады, өндірістік немесе өнімді бөлумен байланысты емес кәсіпорындар;Телекоммуникация қызметі және кәсіпорында қолданылатын жоғары технологиялық базалардың қолдану қызметі.Тұтынушы деңгейіне қарамастан сапалы сервис формасының структурасын былай анықтауға болады:Алдын ала сатылған қызмет .Кейін сатылған қызметАлдын ала сатылған қызмет – ішкі және сыртқы дефектінің болмауынан барлық көлемдегі сервис бұл негізінен транспортировка есебінен болған. Бұл қызмет тегін болуы тиіс.Кейін сатылған қызмет – барлық қызмет көрсетулерді қосады, тұтынушыға өнімнің түскен уақытынан бастап оның пайдаға асыруға дейінгі кезең.(аренда, лизинг)Интеллектуалдық сервис - интеллектуалдық сервис қоғамдық өмірде ең үлкен роль атқарды және мұндағы қызмет көрсетулер әр түрлі болып келеді. Интеллектуалдық сервис жүйе ретінде қарастырсақ, онда ешқандай қиындықсыз барлық жүйеледі анықтап табуымызға болады. Сервистік қызметтің негізгі топтамасын былай қарастыруға болады:Экономикалық сервис, демек қаржылық қызметтің керекті аймақтарын иелену, сақтандыру, мүлікпен байланысты келісім шарттар, бухгалтерлік есеп және аудит қызметіндегі түрлі келісім шарттар.Заңдылық сервисі, заңға сүйенетін түрлі жағдайларда клиентке қызмет көрсету. Оған консультация беру, ресми және бейресми қызмет көрсетулерді жүзеге асыру.білім беру сервисі адам өміріндегі барлық шығармашылық активтерді қарастырады. Интеллектуалдық сервиске ақпараттық сервис кең мағынада әсер етеді – бұл тұтынушыны оған керекті ақпараттармен қамтамасыз етуі. Шаруашылық сервис - шаруашылық сервис структурасына жататындар:Өмірлік қамтамасыз етудің техникалық сферасы (қала шаруашылығы) коммуналдық желілер (жолдар, мосттар) және т.б. сантехникалық шаруашылық, су және энергиямен қамтамсыз ету жүйесі және тағы басқа да бөлімдер, 136.Сервис кәсіпорындарындағы еңбектің рационалды әдістері мен тәсілдері Жұмыс уақытын тиімді пайдалану қоғам, еңбеккерлер ұжымы және жекелеген жұмысшылар арасындағы қатынастың ерекше формасын сипаттайтын маңызды экономикалық проблемалар қатарына жатады. Жұмыс уақыты қоғамдық категория ретінде келесідей қызметтерді орындайды: жұмыс уақыты еңбек шарасы болып табылады, яғни тәжірибеде уақыт мөлшерін, өндіру мөлшерін немесе қызмет көрсету мөлшерін, сондай-ақ басқарушылық мөлшерін бекіту жолымен анықталады. тауарлы өндіріс жағдайында жұмыс уақыты құндық шарасы болып табылады; үшіншіден, жұмыс уақыты міндетті түрде мемлекетпен бекітілетін еңбек мөлшерін анықтай отыра құқықтық функцияда көрінеді.Жұмыс уақытының қоры –бұл бір жұмысшының жыл, тоқсан , ай ішіндегі жоспарланған немесе нақты жұмыс уақытының жиынтығы (сағат немесе адам-сағат, күн немесе адам –күн өлшенеді).Еңбекті нормалаудың мақсаттары үшін әр түрлі еңбек процестері жіктеледі, яғни белгілі бір сипаттары бойынша бірыңғай топтарға бірігеді. Нормалау әдістеріне әсер ететін айтарлықтай маңызды сипаттары мыналар болып табылады: еңбек процессін жүзеге асыруда жұмысшының қатысу сипаты; кезеңділік және процестің ұзақтығы; өндірісті ұйымдастыру типі (дара, ұсақ сериялы, сериялы, ірі сериялы, жалпы).Еңбек процессіне жұмысшылардың қатысу сипатына қарай еңбек процессі олардың салалық ерекшелігіне қарамастан былай бөлінеді: қолмен жасалатын;машинамен және қолмен жасалатын;машинамен жасалатын;автоматтандырылған. Қолмен жасалатын процестер деп қызметкерлер еңбек нысанына қосымша энергия көздерін немесе қосымша энергия көздері (электр, пневматикалық және т.б.) арқылы жұмыс істейтін қол құралдарын пайдаланбай әсер ететін процестер аталады. Мысалы, түйіндер мен бұйымдарды жинақтау, егеу, гайкаларды бұрау, молярлық кистьпен сырлау, қырып тегістеу, электр бұрғымен тесіктерді бұрғылау. Машинамен және қолмен жасалатын процестерге еңбек нысанына технологиялық әсер ету машинаның орындаушы тетіктерінің (станоктың) көмегімен, ал еңбек нысанына қатысты құралды немесе еңбек құралына қатысты еңбек нысанын қозғауды жұмысшы өзі жүргізетін процестер жатады. Мысалы, бөлшектерді қолмен әперілетін металды кесу станогында өңдеу, тігін бұйымдарын тігін машинасында тігу және т.б. Машиналық процестер кезінде еңбек нысаны формасының, өлшемінің және басқа да сипаттарының өзгеруі жұмысшының қол күшін пайдаланбай машина жүзеге асырады, ал жұмысшының қызметі еңбек нысанын орнату және алу, машинаның жұмысын басқаруға келіп саяды. Мысалы, бөлшекті құралды механикалық әперіп тұратын станокта өңдеу. Автоматтандырылған процестер еңбек нысанына технологиялық әсерету, оны орнату және алу жұмысшының қатысуынсыз орындалуымен сипатталады. Автоматтандырылу дәрежесіне байланысты жұмысшының қызметі машинаның жұмысын бақылаудан, ақаулықтарды жоюдан, ретке келтіруден, құралды ауыстырудан, еңбек нысанын орнату және алудан, машина жұмысының бағдарламасын жасаудан тұрады.
|