Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервистік қызметтегі инновациялық менеджмент




Инновациялық қызмет – жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген, жетілдірілген өнім. Иновацияның дамуына қозғаушы тетік ретінде бірінші кезекте бәсекелестік болып табылады.

Иновациялық белсенді қызмет – кәсіпорынның немесе қызмет көрсету объектілерінің иновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни қандай да бір иновациялық қызмет түрлерімен қамтылған иновациялық белсенді кәсіпорындардың сандарының зерттелетін және олардың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.

Инновациялық менеджмент – инновациялық процестерді басқаруға бағытталған және жүйелі әрекеттерден құралған ғылым. Олар: иницияция, инновацияның маркетингі, өндіріс, нарыққа шығу, диффузия. Сонымен қатар олар жүйелік, жинақтылық және қозғалыстық принциптерді қолданады.

Инновациялық менеджмент жүйе түрінде формалды әрі формалды емес ережелерінен, принциптерінен, мөлшерлерінен, орнатулардан, құнды ақпараттардан тұратын және түрлі инновациялық қызметтерін реттейді.

Оның мағыналары:

1.Әлеуметтік - экономикалық институт- кәсіпкерлік қызметке және өмір салтқа, қоғам қызметінің инновациондық, инвестициялық, әлеуметтік – экономикалық, саяси сфераларының белсенді дамуына әсер етеді;

2.Менеджерлердің әлеуметтік тобына, қоғамдық және жеке кәсіпкерлік сферадағы басқару түрімен айналысатын бос емес кәсіпшіліктерді, сонымен қатар творчестволық, педагогикалық және ғылыми қызметтерге;

3.Ғылыми тәртібіне, өндірісті басқаруды техника- ұйымдық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін оқып және үйретеді.

Функционалдық инновация менеджменті өңдеу процесін, еңгізулерді, өндірістерді және жаңалықтарды сатуды нәтижелі басқаруға бағытталған.

Инновациялық менеджмент – ұйым мен өңдеу процестерін жоспарлау және әртүрлі деңгейдегі объектілерге жаңалықтар еңгізу мен осы объектілердің инновациялық мақсаттарының орындалуын қадағалайтын шама. Инновациялық менеджмент- функционалдық менеджметтің бір түрі. Оның негізгі объектісі- бүкіл ауылшаруашылық саласындағы болып жатқан инновациондық процестер.

Инновациялық менеджмент - ғылым және инновациялық қызметті басқару өнері; қызметтің бір түрі және инновацияда басқару шешімдердің қабылдау процесі; инновациялардың басқару аппараты.

Инновациялық менеджмент- инновациялық қызметтің басқару процесі. Жүйе құрылымында олар мына эллементерден тұрады: жүйенің кіруі мен шығуы, кері байланыс, фирманың сыртқы және микроортасы, жүйенің элементтері, яғни ғылыми қосталған ішкі жүйе, басқарылатын және басқарушы ішкі жүйе, қамтамалы және мақсаттық ішкі жүйе.

Инновациялық менеджменттің әдістері:

1.Әкімшілік әдістер - басқарушы ішкі жүйе мемлекеттің заң актілерінің жүйесіне, фирманың нормативті- нұсқаулық және әдістемелік құжаттарына, жоғары тұрған ұйымдардың жоспарларына, бағдарламаларына, нұсқауларына, жобаларына сүйене отырып, басқарылатын ішкі жүйеге осы әдістер арқылы әсер етуі.

2.Экономикалық әдістер - мемлекеттің мекемелерімен (салық жүйеcі, қаражаттық – несиесаясаты) және фирмамен (фирманың қызметіне қажет экономикалық нормативтер, заттық марапаттау жүйесі, фирма жұмысының сапасы мен нәтижелілігінің жауаптылығы) реттеледі.

3.Теңдік әдісі – шаруашылық қызметінің өзара байланысқан көрсеткіштерін салыстыру. Салыстырудың негізгі мақсаты- көрсеткіштердің бір - біріне жасаған ықпалын өлшеп, айқындау. Сонымен қатар өндіріс нәтижелерін жоғарлауын есептеу;

4.Әлеуметтік – психологиялық әдістің негізгі бағыты - ұжымда адамгершілік ауа-райын басқару. Оның басты шарты - қызметкерлердің денсаулығын, моральді– психологиялық жағдайын, заң мен еңбек тұралы заң кодексі және басқа нормативті актілердің талаптарының сақтауынан тұрады.

5.Желілі әдістер – жұмыс кешенінің сүрет үлгілерінің құруынан тұрады. Оның негізгі бағыты - уақыт мезетінде сақталып қалған және жолдың ұзақтығы мен оның құндылығын санап, бағалап қойған өзара жүйелі байланысқан әрекеттер мен жұмыстардың бірыңғай нұсқаулардың орындалуынан тұрады.

6.Талдау әдістері–тұтас құрылымның элементтерге ыдырату мен олардың өзара байланыстыруынан тұрады. Негізгі мақсаты- сапасын арттыру, болжаулар жасау, ықшамдау, негіздеу, жоспарлау және объектінің даму туралы шешімін шапшаң басқару арқылы іске асыру (жоспарды салыстыру әдісі, факторлық талдау - фактордың нәтижеге жасалған ықпалының дәрежесі, функционалды- құндылықтың талдауы).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 118; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты