Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервистік қызметтер маркетингінің түсінігі мен мәні және оның негізгі функциялары мен принциптері




Сервистік қызметтер маркетингі – тұтынушыларды қажет уақытында сәйкес бағамен және керекті жерде қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сервистік қызметтер нарығының әрі қарайғы дамуы мен бәсекеқабілетті туристік өнім өндіруі үшін әртүрлі бағыттарды қолдану қажет. Осындай бағыттардың бірі – туристік агенттіктер мен турфирмалар қызметінде маркетингті қолдану болып табылады.

Сервистік маркетинг – бұл фирманың маркетингтік қызметінің маңызды аспектісі туристік қызметке баға қалыптастыру болып табылады.

Сервистік қызметтер маркетингіне тұтынушының қажеттілігін анықтау және соны қанағаттандыратын қызметтерді жасау, жылжыту және өткізу жатады.

Қызмет саласындағы маркетинг пен дәстүрлі маркетингтің ортақ принціпі:

· өндіре алатынды емес, сата алатынды өндіру;

· жана қызмет жасай отырып қажеттіліктерді ынталандыру;

· тиімділік және пайдалылық

· маркетингтік үрдістің барлық сатыларында әлеуметтік факторды ескеру.

Сервистік қызметтер маркетингінің маңызды функциясы – моральды тозған қызметтерді айқындап және жаңа қызметтерді рынокқа енгізуді ескере отырып, қызметтерді өндіру және өткізу бойынша кешенді іс-әрекетті ұйымдастыру.

Сервистік қызметтер маркетингінің функциялары:

· қызмет нарығын зерттеу және зерттеу нәтижелерін талдау;

· тұтынушылардың потенциялды сұранысын анықтау;

· қызметтің өндірілуін және өткізілуін жоспарлау;

· баға саясатын жасау;

· қызметтер сферасындағы кәсіпорынның имиджін қалыптастыру.

Сервис саласында маркетингті қолдану туристік қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерінің келісілгендігіне мүмкіндік береді.

Маркетингтің мақсаты – фирма ұсынатын қызметтерге нақты және жасырын сұранысты анықтап, фирманың бар ынтасын осы қызметтерді өндіру, қайта бөлу, өткізу және жылжытуға бағыттау. Яғни, туристік маркетинг турфирманың туристік өнімдері мен қызметін өткізу нарығын кеңейту мақсатында турфирма әкімшілігімен жүзеге асырылатын функциялардың жиынтығы болып табылады.

Сервистегі маркетинг коммерциялық мақсаттағы тұтынушылардың туристік қызметтерге сұранысын, қажеттіліктерін анықтау бойынша стратегиясын қалыптастырады. Сонымен қоса, туристік маркетинг турфирмалар қызметін, туризм саласындағы аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі мемлекет саясатын ұйымдастырады.

Сервистік нарық субъектілерінің қызметінде маркетингті қолданудың мәні - тұтынушылар және сыртқы ортамен (демографиялық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік – мәдени, саяси, ғылыми - техникалық) тиімді байланыс орнату арқылы нарықта тұрақты қызмет ету жолдары мен әдістерін іздестіру болып табылады.

Сервистік қызмет – бұл тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын және тұтынушылар жағынан оның төлемін қажет ететін кез-келген қызмет. Қысқаша айтсақ, нақты туристік индустрия секторының қызметі, ашып айтсақ – бұл туристік қыдыруды құрастыратын тауарлар мен қызметтердің кешені. Тұтынушы өнімді оны қолданбайынша көре алмайды, ал оны тұтыну белгілі бір орында жүреді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 278; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты