КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АҚШ-тың қаржы-несиелік және салық жүйесіАқша несие реттеу мемлекеттің ақша-несие саясатының ретінде экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден 1 фактор болып табылады.Ақша несие реттеудің қазіргі таңдағы өркениет пен дамудың ажырамас мөлшнрі. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өсіруді, бөлуді және тұтынуды 1-1-мен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Ақшк және несие мемлекеттің экономикалық жүйесінің 1 бөлігі ретінде қоғамдық дамудың проблемаларымен заңдылықтарын айқындайды. Орталық банктің экономикалық белсенділікке ықпал ететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне ақша базасы, ресми ставкалар, ақша нарықтағы операциялар, атап айтқагда, бағалы қағаз шығару, резерв талаптардың нормативі, банктерден таратылатын депозиттер және банктерге берілетін несиелер көлемі, валюталық интервенция жататыны белгілі. Ақша несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макроэкономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады. Дәлелді жеткізуге көмектесетін ақша несие саясатының құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байлатысты ақша несие саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету нәтижесін болжау техникасын әзірлеу өзекті проблема ьолып табылады. Ақша несие саясатының әдістері – ақша-несие саясатының субъектісінің объектісіне әсер етіп, алға қойған мақсаттарына жету үшін қолданылатын тәсілдермен құралдардың жиынтығы болып табылады.Ақша-несие саясатында реттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады. Тікелей әдіс дегеніміз – орталық банктің өзінің іс-әрекеттерін әкімші- құқықтық өкілеттігімен орындауы, ал жанама әдіс дегеніміз – ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі болып табылады. Ақша – несиелік реттеудің тікелей және жанама әдістерінің арасындағы айырмашылықты екі жақты қарастыруға болады. Тікелей әдіс тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді құрастырады, ал жанама әдіс – нарық арқылы сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.Орталық банк тікелей және жанама әдіспен қатар ақша несие саясатын жүзеге асыруда жалпы және таңдамалы әдістерді де қолданады. Резервтер Жүйесі атқарушы өкіметтен елеулі дәрежеде тәуелсіз. Оның шешімдері президенттің немесе үкіметтік құрылымдардың тарапынан ратификацияланбайды. Дегенмен, ФРЖ өзі жүргізетін ақша-несие саясаты үшін АҚШ Конгресі алдында жауапкершілік атқарады. Кеңес мүшелері қатарынан төраға мен вице-төрағаны тағайындауды қосқанда, ФРЖ басқарушылар кеңесіне барлық тағайындауларды сенаттың келісімімен президент жүзеге асырады. Осыны ескере отырып, сондай-ақ ФРЖ және үкімет жүргізетін саясаттың үйлестірілуін ескере отырып, бұл жүйені – «Үкімет ішіндегі тәуелсіз жүйе», - деп сипаттауға болады. Қазіргі уақытта әлемнің әрбір елдерінде өз орталық банкі бар, алайда елдің саяси және қаржылық-экономикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты олар өзіндік ерекшеліктерге ие. АҚШ, Германия, Швейцария, Швеция, Нидерланд заңнамасында Орталық банктердің осы елдердің парламенттеріне тікелей бағынуы көзделген, мемлекеттердің көпшілігінде Орт. Банктер қазынашылыққа немесе Қаржы министрлігіне бағынады. Бірқатар елдердің заңнамасында Орталық банктердің Парламентке есеп беруі көзделген (мысалы АҚШ,Германия, Жапония). Ақша несие саясатын жүргізуде Германияның Орталық банкі – Бундесбанк ең үлкен тәуелсіздікке ие деп саналады, оның тәуелсіздігі «Бундесбанк туралы» заңда(1957ж.) көзделген. Бундесбанк үкіметтің экономикалық саясатын қолдауға міндетті, алайда, олардың нұсқауларына тәуелді емес. Бундесбанк ақша несие саясаттың ең маңызды мәселелері б/ша үкіметтің кеңесшісі ретінде және оған қажетті ақпарат ұсынуға міндетті.Ақша несие саясатының мәселелері б/ша шешім қабылдағанда Бундесбанк үкіметтің анр саясатының бағыттарына қайшы келгенше толық автономға ие. АҚШ Федералды Резервтер Жүйесі атқарушы өкіметтен елеулі дәрежеде тәуелсіз. Оның шешімдері президенттің немесе үкіметтік құрылымдардың тарапынан ратификацияланбайды. ФРЖ өзі жүргізетін ақша несие саясаты үшін АҚШ Конгрес алдында жауапкершілік атқарады. Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады. Бұл агрегаттардағыақша массасының мөлшерін бағалау ақша кредит айналымының әртүрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға , ақша айналысының даму тендентциясын және олардың экономикаға сәйкесуін бағалауға мүмкіндік береді. Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады. Қазақстандағы қаржы статистикасында шетелдік тәжірибе сияқты мынадай ақша агрегаттарының есептері жүргізіледі: M0 – айналыстағы қолма-қол ақша M1=M0 + заңды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық, арнайы, чектік шоттарындағы қаражаты, коммерциялық банктердегі салым ақшалар, халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері. M2=M1 + халықтың банктердегі мерзімді салым ақшалары. M3=M2 + мемлекеттік қарыз облигациялары, депозиттік сертификаттар. 4-сызба. АҚШ-тың ақша массасын құраушы агрегаттар(№15)
М3 агрегаты бойынша мәліметтер 2006 жылдың наурыз айында аяқталған. Бұны ФРЖ осы мәліметтерді жинауға кететін шығын көп, ал олардың пайдалылығы аз деп мәліметтерді жариялауды тоқтатты. Ал басға агрегаттар ары қарай жарияланатын болады. АҚШ-тың салық жүйесіне тоқтала кетсек. АҚШ-тың салық жүйесі 1986 жылы қабылданған салық реформасы туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл реформаның басты мақсаты – салық жүйесінің кейбір тұстарын жеңілдете отырып, салықты әділетті және қолайлы түрде жүргізу арқылы экономикалық өсімді ынталандырудың қайнар көзіне айналдыру б.т. АҚШ-тың Ішкі табыстар қызметі (ІТҚ) – орталық аппараттан, 7 аймақтық және 58 округтік салық басқармаларынан тұрады. Ішкі табыстар қызметінің (ІТҚ) аймақтық және аудандық бөлімшелері салықтардың, түсімдердің дер кезінде түсуіне, салықтар бойынша берешектерді өндіру мен салық төлену дұрыстығына бақылау жасауды сол жергілікті жерлерде жүзеге асырып отырады. АҚШ корпорациялары жыл сайын табыс болмаған жағдайда да декларация толтыруға міндетті. Егер корпорациялық келісілген мерзімде төленуге тиісті салық сомасының 90 % төленбесе, оларға айыппұл салынып, төлем пайызы өндіріледі. АҚШ-тағы салықтар 3 деңгейде алынады: федералды, штаттық және жергілікті деңгейде. Қазыналық тұрғыдан негізгі ауыртпалықты федералды салықтар көтереді. Федералды бюджеттің барлық табысының 41% азаматтар мен корпорацияларға салынатын табыс салығы құрайды. Азаматтардан алынатын табыс салығына прогрессивті шкала пайдаланылып 5 түрлі мөлшерлемелер қолданылады. 1986 ж-ға дейін 11%-50% аралығында табыс салығының 15 мөлшерлемесі болған. Жалпы жиынтық табысты анықтау үшін барлық табыстар – еңбек ақы, кәсіпкерлік істің табысы, зейнетақы мен жәрдем ақы, бағалы қағаздардан түсетін табыстар топтастырылады. Жалпы жиынтық табыстан іскерлік шығындар алынып тасталады. Оған жататындар: ғимараттар,құрал-жабдықтар, жер учаскелері сиякты капиталдық активтерді алудағы шығындар, ағымдағы өндіріс шығындары. Оларды шегергеннен кейін таза табыс қалады.Таза табыс көлемінен табыстың салық салынбайтын бөлігі (өзгермелі шкала – 1990 жылы 4000 доллар) сияқты жеңілдіктер алынады. Жеңілдіктерден соң қайырымдылық қорға жарна, медициналық қызмет көрсету шығындарына азайтылғаннан кейін салық салынатын табыс қалады. Салық төлеушілер категориялары декларацияны бірге толтыратын ерлі-зайыптылар, табыстары бөлек ерлі-зайыптылар, жалғыз басты отбасы, жеке басты адам болып бөлінеді. Корпорация табысына салынатын салықтар шағын және орта бизнесті ынталандыру мақсатында прогрессивті түрде бекітіледі. Жылдық табысы 50000 долларға дейінгі корпорацияға – 15%, ал 50 мен 70 мың доллар арасындағы табысы бар корпорацияларға - 34% салынады. Әлеуметтік салықтарды жұмыс берушілер, кәсіпкерлер жэне еңбекшілер төлейді. Бұл алымдардан қарттар мен жұмыссыздарды қамтамсыз ету үшін әлеуметтік сақтандыру қорлары қалыптасады. Сыртқы сауда саясатын жүзеге асырудың негізгі көзі ретінде қолданылатындықтан, федералды бюджеттің табыс бөлігінде кедендік баж салықтарының үлесі небәрі 1,6% құрайды. Сондай-ақ, құны 10000 доллардан жоғары сыйға тартылатын немесе мұрагерлікке берілетін мүлікке 18-50% (2,5 млн. мұра құнына – ең жоғарғы мөлшерлеме) мөлшерлемеде салық салынады. Штат деңгейіндегі салықтардың өзіндік жүйесі бар. Штат бюджетінің басты көзі саналатын, сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтерге салынатын, акциз салығынан түсетін түсім түсімдердің 40% құрайды. Мөлшерлемелер әр штатта әр қилы (3-8%), кейбіреулерінде мүлдем қолданылмайды. Штаттардың барлығы мүлік салығын төлейді, олардың жалпы штат бюджетінде түсімдердегі үлесі 2% (мөлшерлеме 0,5 - 5 %). Штат бюджетінің 30 % халықтан алынатын табыс салығы құрайды. Ол 50 штаттың 44-де ғана алынады (мөлшерлеме 1-4%; 3-11%).(№16)
|