КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АҚШ-тың банк жүйесінің ерекшелігі
АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр. ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзғешеленеді. ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыган қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады. ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес. Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады: АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады. Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады. Федералдық резервтік банктер – «банктердің банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды. ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады. Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады. Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма. Директорат — жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады. Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған. Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек. Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек. Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.
|