Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Даму тарихы




Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................2

1. АҚШ-тың банк жүйесі......................................................................................3

1.1. Даму тарихы....................................................................................................3

1.2. АҚШ-тың банк жүйесінің ерекшелігі...........................................................6

1.3. Коммерциялық банктер.................................................................................8

2. ФРЖ-ның ұйымдастырылуы..........................................................................12

2.1. ФРЖ пайда болуының құпиясы..................................................................12

2.2. ФРЖ-ның ұйымдастырылу құрылымындағы ерекшеліктер....................15

3. АҚШ-тың қаржы-несиелік және салық жүйесі...........................................20

3.1. Даму болашағы.............................................................................................24

Қорытынды..........................................................................................................29

Қосымша..............................................................................................................31

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................37

Кіріспе

Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.

«Ал банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.» «Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды».

Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.

Шет ел экономисттерінің пікірінше: «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді».

Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс әрі тиімді болса, оның халқының да хал – ахуалы жоғарғы деңгейде болады.

«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім».

«Мемлекет банк жүйесін қалыптастырған кезде, басқа дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенері сөзсіз. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесі көптеген даму сатыларынан өтіп, өз экономикасына тиімді жолын таңдайды.» Банк жүйесінің күрделілігін түсіну үшін, АҚШ сияқты алып мемлекеттердің банк жүйелерін қарастырайық.

 

АҚШ-тың банк жүйесі

 

Даму тарихы

«АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған

күннен бастап пайда болды. Банк құрудың бірінші әрекеттері 1781 жылы жасалынды. Ол - Солтүстік Америка Банкі. Бірақ оның өмір сүруі ұзақ болмады. 1971 жылы Англия банкіндей ұйымдастырылған Бірінші банк құрылды, оның өкілеттігі 20 жылға созылды. 1816 жылы Екінші банк құрылды, ол да 20 жыл әрекет етті. Бұдан соң банк анархизмі (басқарусыздық) кезеңі басталып, Азаматтық соғыстың (1861-1865) аяғына дейін созылды. Банктік анархияның аяғын 1863 жылғы Ұлттық банктің акті жалғастырды. Бұл акт ұлттық банктерге, яғни федералдық заңнамаға бағынатын банктерге, банктік эмиссия құқығын берді.»(№4)

«Орталық банктің құрылуы туралы» 1913 жылы қабылданған занға сәйкес, осы уақытқа дейін жұмыс жасап отыған үш деңгейліБасқарушылар кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік жүйенің (ФРЖ)негізі қаланды.»(№1)

«ФРЖ – АҚШ крдиттік жүйесінің өзегі. Коммерциялық банктердің ақша резервтерінің ФРЖ-ға шоғырлануы ақша үнемдеуінің факторы болып табылды»(№2)

Банк ісінің АҚШ-та пайда болуы өте күрделі процесс. «Дүние жүзінің бір мемлекетінде АҚШ-тағыдай күрделі банк жүйесі жоқ. Әдетте басқа мемлекеттерде Орталық банк және 10 – 12 коммерциялық банктері болады.

ФРЖ 12 федералдық резрвтік банктерден және ФРЖ-ға мүше жеке коммерциялық банктерден тұрады. «Федералды резервтік банктер алтын резерві және өз депозиттерінің 35 % заңи төлем қаражаты болуы қажет еді. Федералдық резервтік банктердің пассивтері: а)банк мүшелерінің үлестік жарналарынан құрылған өз капиталынан; ә)банкноттық эмиссиядан; б)банк депозиттерінен тұрады.»(№2)

ФРЖ-ның құқықтық мәртебесі өзгеше, федералды резервтік банктер үкіметі және қаржы министрімен тығыз байланыста болғанымен, ол заңды түрде мемлекеттік институт болып табылмайды. «ФРЖ-ның жарғысына сәйкес, оның капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан құралады. ФРЖ-ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі тұрғысындағы тәуелсіздік қағидалары қарастырылыды. Бұл қағидалар ФРЖ-ның ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір заңдылықтарда көрініс табады.

ФРЖ-ның Басқару кеңесі – бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен 14 жылға тағайындалатын (Сенаттың келісімімен) 7 негізгі мүше кіреді. Олар Президенттің келісімінсіз қызметтен босай алмайды.

Басқару Кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган – Конгрестің алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік ұйымдардың, резервтік банктердің және ірі өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, сауда және банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады.

ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ Конгресіне ФРЖ-ның операциялары туралы жылдық баяндамаларын және жылына екі рет экономика жағдайы мен ФРЖ-ның ақша массасы мен несиелерге қатысты мақсатты бағыттары туралы арнайы баяндамаларын табыс етіп отырады.

ФРЖ-ның қызметі өзінің меншікті қаражат көздерінен қаржыландырылады. Мысалыға, қызметінен алынған табыстарының 80%-ы қазынаға тапсырылыды.

Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ- ның саясатының басты бағыттары бойынша шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған.

ФРЖ- ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша- несие саясатын дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.

Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған (жеке несиелеу туралы, тең неселік мүмкіндік туралы және тұрғын үй ипотекалары бойынша ашық ақпараттар туралы ) федералдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады. ФРЖ- ның Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ- ға мүше басқа да резервтік округтерде, сол сияқы шет елдерде филиалын құруы туралы шешім қабылдайды және жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді.

Кеңестің төрағасы халықаралық валюта – қаржы мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүщесі болып табылады.

ФРЖ- ның Басқару кеңесі ФРЖ- ның ақша- несие саясаты аясында кең өкілеттіліктерге ие болып келеді:

· Федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді;

· Барлық 12 федералды резервтік банктердің есепкп алу мөлшерін бекітеді және қайта қарайды;

· ФРЖ- ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитетті арқылы ФРЖ- ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағы саясатын анықтайды;

· Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты талаптарды реттейді.

1978жылы ФРЖ ның Басқару кеңесі АҚШ- та қызмет ететін шетелдік банктердің филиалдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің оларға несие беру және де басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттілігін алады.

Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ- ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жаслатын операцияларды әр резервтік банк орналасқан жерде жекше түрде жүргізіледі.

Федералды резервтік банетер мынадай қызметтерді атқарады:

· Чектер бойынша қлма- қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асырады;

· Айналысқа жаңа банкнотарды шығарады және айналыстан тозған ақша белгілерін алып отырады;

· Несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды;

· Резервтік округтер төңірегіндегі банктерге есептік несиелер береді;

· ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады;

· Штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шарушылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды;

· Ақша- несие саясаты туралы мекемелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық журналдар шығарады.

Федералды резервтік банктер ақша- несие саясатын дайындауға қатынасады.

Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000- ға жуық жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады. Ұлттық банктер федералдық аудандардың шегінде қызмет етеді. Штатардың банктері штаттағы заңдардың негізңнде қызмет етеді. Жіне олардың қызметтерін қадағалауды штаттағы билік ұйымдары жүзеге асырады.

ФРЖ- ға мүше болудың басты бір артықшылығы – ол банктің федералды резервтік банктің клиенті болумен қатар оның қызметтетрін пайдалану мүмкіндігі болады. Егер де жеке банктерден алатын несиелердің мөлшері сол банктің ресурсының көлеміміңен шектелетін болса, ал ФРЖ- ға мүше банктер федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеге кез болмайды.

Себебі федералды резервтік банктің ФРЖ- ның барлық қаржылық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ- ның мүшесі болып табылмайды. Бірақ та олар ФРЖ- ға мүше банктермен іскерлік қарым қатынаста болған жағдайларда ФРЖ- ның несие, чек айналысы, клиринг және тағы да басқа қызметтерін жанама түрде пайдаланады.

«Аутсайдерлер» банктері мен ФРЖ- нің арасындағы мұндай байланыстардың болуы,ФРЖ- ғв клирингтік операцияларды жүргізуге құқылы арнайы «клирингтік банктерді» құруға мүмкіндік береді. Сонымен, ФРЖ- ңың ұйымдастырылу және функционалдық жағынан, ФРЖ орталықтандыру элементтерін ескере отырып жергілікті жерлерде өзіндік дербестікті сақтайды.(№2)

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 93; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты