КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер.
2-сызба. ФРЖ-ның құрылымы(№11) Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ-ның саясатының басты бағыттары бойынша шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған. ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша-несие саясатын дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады. Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты, тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған федералдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады. ФРЖ-ның Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ-ға мүше басқа да резервтік округтарда, сол сияқты шет елдерде филиалын құру туралы шешім қабылдайды және жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді. Кеңестің төрағасы халықаралық валюта – қаржы мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясаты ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүшесі болып табылады. ФРЖ-ның Басқару Кеңесі ФРЖ-ның ақша-несие саясаты аясында кең өкілеттіліктерге ие болып келеді: -федералды резрвтік банктердің бюджетін бекітеді; -барлық 12 федералды резервтік банктердің есепке алу мөлшерін бекітеді және қайта қарайды; -ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы ФРЖ-ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағыц саясатын анықтайды; -бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты талаптарды реттейді.
Жалпы жетекшілік жасайды
Мәжілістік Құрайды қызмет атқарады
|