Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Даму болашағы




АҚШ экономикасы ЖІӨ 15 трлн. долларды құрайтын әлемдегі ең ірі экономика. Салыстырмалы түрде қазіргі қарқынмен дамып келе жатқан Қытайды алсақ, ол сатып алу қабілеті бойынша ЖІӨ 10 трлн. долларды құрайтын экономикасы бар келесі бір мемлекет. АҚШ – тың 300 млн. халқы тәулігіне 20 млн. баррель мұнай тұтынады. Салыстыру үшін 1,5 трлн. халқы бар Қытай тәулігіне тек 9 млн. баррель немесе 2 есе аз тұтынатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Американдық доллар әлемдік қор валютасы ретінде танымал, себебі АҚШ кез-келген басқа мемлекетке қарағанда қызметтер мен тауарларды көбірек өндіреді және де негізгі шикізат (мұнай) тек қана долларда сатылады.

Бүгінгі күні АҚШ экономикасы капиталистік артық өндіру дағдарысы жағдайында тұр. Бұл дағдарыс мемлекетте өндірілген барлық тауарларды сатып алу үшін тұрғындар табысының жетіспеушілігінен пайда болады. Өнімдері өздерінің сатып алушыларын таппаған компаниялар құлдырайды да, оларда жұмыс істеген адамдар жұмыстарынан шығып, өмір сүруге қажетті қаражаттарынан айырылады.

Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады: бүкіл ұлттың жалпы табысы (жалақы мен капиталистердің шығындары) қандай да бір уақытта барлық шығарылған тауарларды тұтыну үшін жеткіліксіз болып табылады. Мұндай жағдайда жаңа жұмыс орындарын құру немесе елде өндірілген барлық өнімдерді сатып алуға тұрғындар қаржысы жеткілікті болу үшін түрлі әлеуметтік жәрдемақылар мен несиелер арқылы ақшаны қайта бөлу – бұл АҚШ үкіметінің басты міндеті болып табылады.

Бүгінгі күні америка экономикасында тұрғындар төлемқабілеттілігі және де жаңа өндіріс орындарын ашу үшін капиталистер шығындары бір уақытта төмендеп кетті. Дәл осыған байланысты америка компаниялары өндірілген тауарларын сата алмай және сол себептен өздерінің қызметкерлерін қысқартуға немесе банкроттыққа ұшырауға мәжбүр болып отыр.

Америка экономикасының өндіріс салаларындағы жұмысшылардың қысқаруы себебінен тұрғындардың да нақты табыстары қысқарды. Бұл төлемқабілеттік сұраныстың төмендеу себебі болып табылады. Жұмыс күшінің қымбаттығына байланысты АҚШ-тың ірі кәсіпорындары өздерінің өндіріс ошақтарын Шығыс және Оңтүстік Азияға көшірді, себебі ол жақта арзан жұмыс күші еңбек етеді. Арзан жұмыс күші дегеніміз – бұл американдық жұмысшылармен салыстырғанда өз жұмыстарына көлемі бойынша шағын үй, көлемі бойынша шағын көлік алуға келісе отырып жұмыс істейтін қытайлық жұмысшылардың жұмыс күші болып табылмақ. Американдық жұмысшылар талап ететін жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік қамтамасыз етуді өз кезегінде қытайлық жұмысшылар талап етпейді. Мұндай үрдіс біртіндеп АҚШ-тың өнеркәсіптік базаларының құлдырауына әкеліп жатыр.

Америка үкіметі түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және мемлекеттік секторларда жұмыс орындарын құру үшін ішкі және сыртқы нарықтардан бірнеше триллион доллар көлемінде қарыз алды. Бұл мемлекет есебінен жалпы төлем қабілеттілік сұранысты сол қалпында ұстап тұру үшін жасалынды.

Егерде сандарға жүгінетін болсақ, онда біз американдық үкіметтің жалпы шығындары 2006 жылы $4,15 трлн.-ды құрағандығын көреміз, ал 2010 жылы бұл сома $5,3 трлн.-ға өскен. Алайда мұндай астрономиялық соманың өзі де экономиканы бір қалыпты ұстап тұра алмады. Егерде 2006 жылы барлық салық түрлерінен $3 995 млрд. сома жинақталса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш тек $4 028 млрд. сомаға дейін өсті. Яғни, американдық үкіметтің шығындары $1,1 трлн.-ға дейін өссе, ал бюджет кірістері тек $33 млрд.-ға өскен. Осындай тиімділікке сіз қалай қарайсыз? Демек, мемлекеттік шығындардың өсімі дағдарыстан шығуға көмектесе алмасы айдан анық.

АҚШ-тың сыртқы қарыздары 2013 жылдың 25 қараша айындағы мәлімет бойынша $17,2 трлн.-ды құраған. Осы соманың ішіндегі тек

$5,7 трлн. ғана АҚШ үкіметінің қарызы, ал қалған $11,5 трлн. АҚШ компаниялары мен банктерінің еншісіндегі қарыз болып табылады. Ал АҚШ-тың ЖІӨ $15 трлн.-ды құрайды.

Американдық компаниялардың бүгінгі күнгі пайда алу деңгейі бұл қарызды 75 жылдың ішінде қайтаруға мүмкіндік береді. Алайда бұл үдеріс компания барлық түскен табысын шетелдіктердің қарыздарын жабуға үнемі жұмсап отыратын жағдайда ғана жұмыс істейді. Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін американдықтар өздерінің тұтынуларын бірден төмендетуге және артық өнім өндіре бастауға мәжбүр және де осы кездегі алынған айырманы олар сыртқы әлемдегі қарыздарды қайтаруға жұмсай алады.

Әрине қарыздарымен есеп айырысу үшін АҚШ бұрындары КСРО республикаларының кеңестік элиталары жасағандай өздерінің инфрақұрылымы мен жерлерін сата алады. Алайда, біздің ойымызша, АҚШ мұндай қадамға бармайды. Осы жерде тарихқа көз жүгіртіп өтейік. Бүгінгі күні барлық қақтығыстардан жеңімпаз болып шыққан жалғыз ұлт, бұл – англосаксылар. Англосаксылар өз кезеңінде мықты болып саналған Испан Империясын, Француз Империясын, Қытайды, Ресей Империясын жеңген, Солтүстік Американың жергілікті тұрғындарын түп-тамырымен жойған, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысты, содан соң Суық соғысты жеңген. Бұл ұлт өздерінің ұлттық мүдделерін өте қатал түрде қорғай алатындығын бір емес бірнеше рет дәлелдеген.

Жоғарыда аталғандардың барлығы американдықтар басқа елдерге қарыздарын қайтарудан жәй ғана бас тарта қояды дегенді білдірмейді. Шетелдіктерге қарыздарын қайтарып, ол сомаға АҚШ-тан бес есе аз тауарларды сатып алуға әкелу үшін АҚШ долларды инфляция арқылы құнсыздандырады.

Бұны АҚШ мемлекеті қаржы нарығын құрал ретінде пайдалану арқылы іске асырады. Бүгінгі күнгі қаржы нарығы экономикада аса маңызды рөлге ие. Сол себептен де, осы жерде қаржы нарығы туралы бірнеше сөз қозғайық. Біріншіден,ол артық ақша массасын байланыстыратын құрал болып табылады. Егерде қор нарығындағы ақша массасы экономиканың нақты секторына барып құйылатын болса, онда бөлке нанының бүгінгі күнгі бағасы $1 000 болатын еді. Сол себептен де, қаржы нарығы тұтынушылық тауарлардың бағасы өте қатты қымбаттап кетпес үшін, экономикадағы артық ақшаны тартып шығаратын «сорғыш» қызметін атқарады. Есесіне акция, облигация және басқа да активтердің бағасы артады, ал бұл байларға арналған инфляция болып табылады.

Екіншіден,қаржы нарығы «виртуальды» байлық қызметін атқарады, оны ешқалай да ұстап немесе сипап көру мүмкін емес. Осы виртуальды активтер арқылы банктер корпорацияларды, қаржы ұйымдарын және тұрғындарды несиелендіреді. Тұрғындардың зейнетақы жинақтары да осы қаржы нарығына салынады. Ал егерде қаржы нарығының бірден төмендеуі орын алған жағдайда, АҚШ-та «банкроттық сарқырама» пайда болады.

Американдық банктер балансындағы кепілге қойылған акциялар мен облигациялар құнсызданады. Осы кезде банктер активтерін жаңарта, шығындарын белгілей, теріс капиталдарын көрсете және ақырында банктроттыққа ұшырай бастайды. Сәйкесінше, банктерде, зейнетақы қорларында және басқа да қаржы ұйымдарында ақшаларын сақтаған тұрғындар мен компаниялар өздерінің жинақтарын бір мезетте жоғалтып, өмір сүруге қажетті еш қаражатсыз қалады. Бұл жағдай 1992 жылғы болған бұрынғы социалистік мемлекеттердің кейпін еске түсіреді.

Америка үкіметі өз экономикаларын қаржыландырудың құралы ретінде қаржы нарығын өте белсенді түрде пайдаланады. Өздерінің жинақтары бар және сол жинақтарын американдық бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсау үшін қолданатын, кез келген адам, кез келген компания және кез келген мемлекет іс жүзінде АҚШ экономикасын қаржыландырады. Осы жерде мынандай маңызды нәрсені анық түсініп алған жөн: банктік депозиттердегі ақшаны американдық компаниялардың облигациялары мен акцияларында сақтайтындардың барлығы да өз капиталдарын әлдеқашан жоғалтып алған. Себебі АҚШ банктері бұл ақшаны алып, оны орта американдықтың микротолқынды пеш сатып алуы үшін несиеге береді, ал өз кезегінде ол пеш әлдеқашан бұзылып, қоқыста жатыр. Ал бұл американдық болса әлдеқашан жұмысынан айырылып қалған, себебі оның жұмыс орны арзан жұмыс күші бар Қытайға көшіп кеткен еді, сол себептен де ол алған несиесін банкке қайтадан қайтара алмайды.

Бұл салымшылар банктердегі өз ақшаларын мүлдем қайтара алмайды деген сөз емес. Олар ақшаларын қайтара алады, бірақ бұл жағдай барлық тауарлар бағасының 10 жылдың шамасында 3-5 есеге дейін көтерілуіне әкеп соқтырады. Не болмаса осы салымдар сақталынған барлық ұйымдар, яғни барлық банктер, зейнетақы қорлары тектен-текке банкроттыққа ұшырайды дегенді білдіреді.

Адамдарға олардың салымдары мен зейнетақылары жойылды деп мәлімдейді, бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Яғни, нақты түрде халықтың, банктің, компанияның салымдары жоқ. Сол себептен Үкімет немесе инфляция, құнсыздану арқылы осы жинақтық салымдарды жою қажет, не болмаса осы жинақтық салымдар сақталатын банктерді, компанияларды, зейнетақы қорларын банкроттыққа ұшырату керек.

АҚШ Конгресі ерте ме, кеш пе шешім қабылдауы тиіс. Не ол мемлекеттік қарыздың шегін көтереді, не техникалық дефолт жариялайды. Қазіргі уақытта олар төбені әрі қарай көтеруде.Бұл урдіс 2014 жылдың 7 ақпанына дейін созылмақ. Сол кезде Конгресске қайта шешім қабылдау керек болады. Ол шешім әлем экономикасына үлкен әсер етері күмәнсіз.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 92; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты