Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Коммерциялық банктер




 

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атқа ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызмет көрсетуі саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелрдің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиентіеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клитенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Барық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүиесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы рөлін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанын өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.

Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5 % ке ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жапғдайы келсе, соларға бьанктер ақшалай қаражаттарын бере алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайда болған жоқ.

Коммерциялык банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозитерді ұсынады. Бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамысыз етсе, екінші жағңынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады, көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банктік несие – ең қолайлы ж»не көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамыт отырғандығын айта кету керек. Яғни, операция формасы бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекшс бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп тек колма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірнбелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмсегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және иесие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады

1985 жылы АҚІІІ-га 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мынға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер алған банктер, 10 мыңнаи астамы штаттардың банктері (штаттардың үекіметінен чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды. ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруі тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің мүше банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктерін 10 % ке жуығы ФРЖ-ге мүше банктер болып саналады.ФРЖ-ге мүше банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40% -ын құрайды.

Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктьерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше банктер мен мүше емес банктер арасындағы басты айрмащылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз банктер. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг компаниялардың бір бөлігі болып табылады.

Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы тек қана банк бөлімшелердің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңап қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ та Холдинг компаниялар 6000-ға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелірін бақылайды.

Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банектік холждинг компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді.

Соңғы кездері бұл аумақтыға бәсекенің артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ та Халықаралық банктік операциялары\дың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді (мысалға, жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін және ақша нарығының өзара қорлары.(№4)

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 97; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты