КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары1. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру орта бiлiм беру деңгейiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және қоғамдық-пайдалы кәсiптiк қызметтiң негiзгi бағыттары бойынша бiлiктi қызметкерлер мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған. 2. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары олардың мазмұнына және бiлiм алушылардың даярлық бiлiктiлiгiнiң деңгейiне қарай мынадай бiлiм беретiн оқу бағдарламалары болып бөлiнедi: 1) техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бұқаралық кәсiптерi бойынша кадрлар даярлауды көздейтiн. 2) экономиканың барлық салаларында жоғары технологиялармен және кәсiптiк қызметпен байланысты жұмыстарды орындаудың күрделi (аралас) кәсiптерi мен практикалық дағдыларын меңгерудi көздейтiн. 3) орта буын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететiн. 3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары көрсетiлген мамандықтар бойынша бiлiм алушылардың ерте мамандануы қағидаты мен даярлау ерекшелiктерi ескерiле отырып әзiрленедi. Оқыту ұзақтығы оқу бағдарламаларының күрделiлiгi мен берiлетiн бiлiктiлiк деңгейiне байланысты және ол тиiстi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартымен айқындалады. 4. Жалпы орта бiлiмi бар азаматтар үшiн техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары жалпы кәсiптiк, экономикалық, арнайы пәндердi зерделеудi және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсiптiк қызметiн айқындайтын оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындауды көздейдi. 5. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары теориялық және өндiрiстiк оқыту бағдарламаларынан және кәсiптiк практикадан тұрады.
|