КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Бiлiм беретiн оқу бағдарламалары1. Бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (мiндеттерiне) қатысты: 1) жалпы бiлiм беретiн (үлгiлiк, жұмыстық); 2) кәсiптiк (үлгiлiк, жұмыстық); 3) қосымша болып бөлiнедi. 2. Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетiн қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмiрге бейiмдеудiң мiндеттерiн шешуге, кәсiптi, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшiн негiз жасауға бағытталған. 1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту; 2) бастауыш бiлiм беру; 3) негiзгi орта бiлiм беру; 4) жалпы орта бiлiм беру болып бөлiнедi. 3. Кәсiптiк оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызметтердiң бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегi мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн жүйелi арттыруға бағытталған. 1) техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн; 2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн; 3) жоғары бiлiм беретiн; 4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларына бөлiнедi. 4. Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бiлiм алушылардың өзiн-өзi билеуiн, шығармашылығын дамыту, олардың қабiлеттерiн iске асыру, қоғам өмiрiне бейiмделуi, азаматтық сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасауды көздейдi. 5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткiзу, бiлiм берудiң жаңа мазмұнын енгiзу үшiн эксперимент режимiнде (эксперименттiк алаңдарда) жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын эксперименттiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары әзiрленедi. 6. Интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн. 7. Әскери мамандықтар бойынша үлгiлiк оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi. 8. Медициналық және фармацевтiк мамандықтар бойынша үлгiлiк оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.
|