Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




Бiлiм туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256

 

Ескерту. Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 68-баптан қараңыз.

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша:
"соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектерiне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Оқу және тәрбие процесiн", "оқу және тәрбие процесi", "оқу және тәрбие процесiн", "Оқу және тәрбие процесi", "оқу және тәрбие процесiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Оқу-тәрбие процесiн", "оқу-тәрбие процесi", "оқу-тәрбие процесiн", "Оқу-тәрбие процесi", "оқу-тәрбие процесiнiң" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагогтiк кадрлар даярлау нысаны;

2) академия – мамандықтардың бiр-екi тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орны;

2-1) академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргiзу үшiн белгiлi бiр академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзiнiң жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшiн басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрiнде меңгерген бiлiм беретiн оқу бағдарламаларынан мiндеттi түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел iшiнде немесе шетелге) бiлiм алушыларды немесе оқытушы-зерттеушiлердi ауыстыру;
2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттердi) әзiрлейтiн және өздерi әзiрлеген стандарттар (регламенттер) негiзiнде бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеуден өткiзетiн заңды тұлғалар;
2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттерi) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсiмiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн құжаттары;

3) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi бiлiм алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

3-1) әдiстемелiк кабинет – бiлiм берудi басқару органдарының бiлiм беру процесiнiң ұйымдастырушылық-әдiстемелiк қамсыздандырылуын, нәтижелiлiгiн талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуiне және олардың кәсiптiк тұрғыдан өзiн-өзi жетiлдiруiне жәрдемдесетiн инновациялық педагогикалық тәжiрибенi жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;

4) бакалавр - жоғары бiлiм берудiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;

5) бейiн алды даярлық - бiлiм алушының жеке бiлiм беру траекториясының негiзгi орта бiлiм берудi таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

5-1) бейiндiк мектеп – жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламасын iске асыратын оқу орны;

6) бейiндi оқыту - бiлiм алушылардың мүдделерiн, бейiмдiлiгi мен қабiлеттерiн ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесi, бiлiм беру процесiн ұйымдастыру;

7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасының азаматтарын жетекшi шетелдiк жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны бойынша оқыту немесе ғылыми, педагог, инженерлiк-техникалық және медицина қызметкерлерiнiң шетелдiк ұйымдарда тағылымдамадан өтуi үшiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын стипендия;

7-1) бiлiктiлiктi арттырудың ваучерлiк-модульдiк жүйесi – бiлiм беру қызметкерiне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзiмдерiн таңдауға мүмкiндiк беретiн, мемлекет белгiлеген және белгiлi бiр ақша сомасымен қамтамасыз етiлген, атаулы құжат (ваучер) түрiнде ресiмделген жан басына шаққандағы норматив негiзiнде қаржыландырылатын бiлiктiлiктi арттыру нысаны;
7-2) бiлiктiлiктi арттыру институты – үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде кадрлардың кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын, бiлiм берудегi әдiстемелiк жұмыстың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн инновациялық процестердi қолдауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымы;
7-3) бiлiктiлiктi беру – нақты мамандық бойынша тиiстi кәсiптiк қызмет түрiнiң шеңберiнде жұмысты орындау үшiн қажеттi жеке қабiлеттiлiк, кәсiптiк бiлiм, шеберлiк пен дағдылар жиынтығын растау рәсiмi;
7-4) бiлiм алу үшiн арнайы жағдайлар – мүмкiндiгi шектеулi адамдардың онсыз жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеруi мүмкiн болмайтын, арнайы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және арнайы оқыту әдiстерiн, техникалық және өзге де құралдарды, өмiр сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және өзге де қызметтер көрсетудi қоса алғанда, бiлiм алу үшiн жағдайлар;

8) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiлiм алушылардың бiр оқу пәнiн оны зерделеп бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

9) бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау - тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартында көзделген оқу пәндерiнiң көлемiн олардың меңгеру дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

10) бiлiм беру гранты - жоғары бiлiм алуға төлеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген шарттармен бiлiм алушыға берiлетiн ақшаның нысаналы сомасы;

10-1) бiлiм беру кредитi – қаржылық ұйымдар мерзiмдiлiк, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшiн қарыз алушыға беретiн ақша;

11) бiлiм беру қызметi - бiлiм беру субъектiлерiнiң мақсатты, педагогтiк негiзделген, дәйектi өзара iс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мiндеттерi шешiлетiн процесс;

12) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың жай-күйiн және нәтижелерi мен шарттары өзгеруiнiң серпiнiн, бiлiм алушылар контингентiн, бiлiм беру ұйымдары желiсiн, сондай-ақ олардың қызметi жетiстiктерiнiң рейтингiлiк көрсеткiштерiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

13) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган - бiлiм беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

14) бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi - бiлiм беру сапасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн белгiлеудiң институционалдық құрылымдары, рәсiмдерi, нысандары мен әдiстерiнiң жиынтығы;

15) бiлiм беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

16) бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу – бiлiм беру қызметтерiнiң сапасы туралы объективтi ақпарат беру және оны арттырудың тиiмдi тетiктерiнiң бар екенiн растау мақсатында аккредиттеу органының белгiленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестiгiн тану рәсiмi;

17) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау - бiлiм беру ұйымдары көрсететiн бiлiм беру қызметтерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;

17-1) бiлiм беру ұйымының ерекше мәртебесi – оқуға қабылдаудың тәртiбiн дербес анықтауға, өз бетiнше әзiрленген бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыруға, оқу, ғылыми және әдiстемелiк қызмет саласында өзiнiң нормалары мен нормативтерiн пайдалануға, бiлiм туралы өз үлгiсiндегi құжаттарды беруге мүмкiндiк жасайтын жұмыс iстеудiң ерекше режимi;

18) гимназия – бiлiм алушылардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кең ауқымда және тереңдете бiлiм берудi қамтамасыз ететiн бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн және қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

18-1) ғылыми-әдiстемелiк жұмыс – ғылым жетiстiктерi мен озық педагогикалық тәжiрибеге негiзделген және үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оны дамытуды жетiлдiруге бағытталған қызмет түрi;
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – iзденушiлердiң диссертациялар қорғауы негiзiнде берiлген ғылыми дәрежелер;
18-3) докторант – докторантурада бiлiм алатын адам;
18-4) докторантура – философия докторы (PhD), бейiнi бойынша доктор ғылыми дәрежесi берiле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламасы;

19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

21) жалпы бiлiм беретiн мектеп - бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

21-1) жоғары техникалық мектеп – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
21-2) зерттеу университетi – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң өз бетiнше әзiрленген бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын, жаңа бiлiмдi жинақтау мен трансферттеу үшiн iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерiн пайдаланатын жоғары оқу орны;
21-3) инклюзивтi бiлiм беру – оқытудың тиiстi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларына бiлiм алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетiмдiлiктi, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтiк қолдауды көздейтiн, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды бiрлесiп оқыту және тәрбиелеу;

22) инновациялық - бiлiм беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндiрiс саласында жұмыс iстейтiн басқа да заңды тұлғалар iргелi, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негiзiнде жоғары бiлiктi мамандар даярлау үшiн зияткерлiк, қаржылық және өзге де ресурстарды бiрiктiретiн, бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiндегi ерiктi тең құқықты бiрлестiк;

23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

25) институт – жоғары бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орны;

26) институционалдық аккредиттеу - бiлiм беру ұйымының бiлiм беру бағдарламаларын мәлiмделген мәртебесiне сәйкес сапалы ұсынуы жөнiндегi қызметiн бағалау;

26-1) интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары – бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының тиiстi мазмұнды аспектiлерiн бiрiктiру негiзiнде әзiрленген бiлiм беретiн оқу бағдарламалары;

27) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының бiлiм алушыларын базалық медициналық бiлiм беру шеңберiнде бiр немесе екi жылдық даярлау нысаны;

28) интернаттық ұйымдар - жатын орны берiле отырып, белгiлi бiр санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;

28-1) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтағанға дейiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, оларды уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, сондай-ақ арнайы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлген балаларды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;

29) кәсiптiк бағдар - бiлiм алушының кәсiптiк қызығушылықтарына, жеке қабiлеттерi мен психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне сәйкес бiлiм беру және кәсiптiк мүмкiндiктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркiн және саналы таңдау құқықтарын iске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

29-1) кәсiптiк даярлау – техникалық және қызмет көрсету еңбегi мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзiммен оқытудың кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыруды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң бiр бөлiгi;

30) кәсiптiк даярлықты бағалау – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары түлегiнiң бiлiктiлiк (қабiлетi) деңгейiнiң тиiстi кәсiптiк қызмет түрi шеңберiнде жұмысты орындауға сәйкестiгi дәрежесiн айқындау;

31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

33) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологиялар қолданылып, бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;

34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс iстейтiн, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейi болатын, ұйымдық-әдiстемелiк, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазiргi заманғы әдiстерi негiзiнде дәрiгерлердi, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектiң барлық түрлерiн көрсететiн клиникасы;

35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсiптiк бiлiм берудiң немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

35-1) кооперативтiк оқыту – мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң және оқу орындарының корпоративтiк жауапкершiлiгiне негiзделген, кадрларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру нысандарының бiрi;

36) кредиттiк оқыту технологиясы - бiлiм алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемiн өлшеудiң сәйкестендiрiлген бiрлiгi ретiнде кредиттi пайдалана отырып, бiлiм алушылардың пәндердi оқып зерделеу дәйектiлiгiн таңдауы және дербес жоспарлауы негiзiндегi оқыту;

37) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;

37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының "Өркен" бiлiм беру гранты (бұдан әрi – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшiн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi тағайындайтын грант;
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн ғылыми атақтар;

38) қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

38-1) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;

39) қосымша бiлiм беру – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жан-жақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесi;

40) лицей – оқушылардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық бiлiм берудi қамтамасыз ететiн негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн және қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

41) магистр - жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;

41-1) магистрант – магистратурада бiлiм алатын адам;

41-2) магистратура – тиiстi мамандығы бойынша "магистр" академиялық дәрежесi берiле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламасы;

42) мамандандырылған аккредиттеу - бiлiм беру ұйымы iске асыратын жекелеген бiлiм беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

44) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия;

45) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жөнiнде, экономиканың қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, бiлiктi жұмыс күшi мен қоғамның зияткерлiк әлеуетiн молықтыру үшiн бiлiктi қызметкерлер мен мамандарды даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiнде, сондай-ақ бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiнде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемi;

45-1) мемлекеттiк бiтiру емтиханы бiлiм алушылардың жалпы орта бiлiм беру курсын бiтiргенiн куәландыратын мемлекеттiк үлгiдегi құжатты алуы үшiн қажеттi талап болып табылатын, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында оларды қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi;

46) оқу бағдарламасы – әрбiр оқу пәнi (сабақ) бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiктiң, дағдылар мен бiлiктiлiктiң мазмұны мен көлемiн айқындайтын бағдарлама;

47) оқу жоспары - бiлiм берудiң тиiстi деңгейiндегi оқу пәндерiнiң (предметтерiнiң) тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу тәртiбi мен бақылау нысандарын регламенттейтiн құжат;

48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазiргi заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және бiлiм алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерiнiң практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруiне және
оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлiмшесi;

49) орта бiлiм - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген, бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеруi нәтижесiнде алатын бiлiмi;

49-1) "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк орта бiлiм беру ұйымдарына рейтингiлiк көрсеткiштерi негiзiнде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетiн ақша;

50) педагог қызметкерлердi аттестаттау - педагог қызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны;

51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi тереңдетiлген медициналық бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеретiн маман;

52) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiн қызметшiлерiн даярлаудың кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары;

53) стипендия - бiлiм алушыларға олардың тамағына, күнелтуiне және оқу әдебиетiн сатыға алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара жабу үшiн берiлетiн ақша сомасы;

53-1) студент – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымында оқитын адам;
53-2) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарды және аралық әрi қорытынды аттестаттауды өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта бiлiм беру ұйымы;

54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары бiлiм берудiң, магистратураның және докторантураның бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын, iргелi және қолданбалы зерттеулердi жүзеге асыратын, ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын жоғары оқу орны;

55) училище – мәдениет пен өнер саласында негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

56) ұлттық бiрыңғай тестiлеу - орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына түсу емтихандарымен бiрiктiрiлетiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi;

56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдiң жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орны;
56-2) ұлттық зерттеу университетi – ерекше мәртебесi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң өз бетiнше әзiрленген бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын, жаңа бiлiмдi жинақтау мен трансферттеу үшiн iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерiн пайдаланатын жоғары оқу орны;

57) философия докторы (РhD), бейiнi бойынша доктор – тиiстi мамандықтар бойынша докторантураның кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берiлетiн ғылыми дәреже;
57-1) халықаралық мектеп – өз бетiнше әзiрлеген интеграцияланған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен бiлiм беру ұйымы;

58) шағын жинақты мектеп - бiлiм алушылар контингентi шағын, сынып-жинақтары бiрiктiрiлген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар жалпы бiлiм беретiн мектеп;

59) экстернат - бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ тиiстi бiлiм беру бағдарламасының оқу пәндерiн өз бетiмен оқитын оқыту нысандарының бiрi;

60) эксперименттiк алаң - жаңа педагогтiк технологиялар мен бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткiзуге арналған эксперимент режимiнде бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;

61) элиталық бiлiм - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын арнайы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша алынатын бiлiм.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 68; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты