Бап. Бiлiм беру ұйымдары
1. Бiр немесе бiрнеше бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын және (немесе) бiлiм алушыларды, тәрбиеленушiлердi асырау мен тәрбиелеудi қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар бiлiм беру ұйымдары болып табылады. Бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады. Бiлiм беру ұйымдарының қызметi тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде әзiрленген жарғылармен реттеледi.
2. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы: 1) лицензиялауды талап ететiн бiлiм беру қызметiнiң кiшi түрлерi үшiн – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензиядан айыру немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген сәттен бастап; 2) лицензиялауды талап етпейтiн бiлiм беру қызметiнiң кiшi түрлерi үшiн – заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеген сәттен бастап туындайды.
2-1. Заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап алты ай iшiнде бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығына лицензия алмаған жағдайда бiлiм беру ұйымы сот тәртiбiмен таратылады. Осы мерзiмнiң өтуiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бiлiм беру ұйымының бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзiмiне тоқтата тұрады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары, тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерi ескерiле отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.
4. Iске асырылатын бiлiм беретiн оқу бағдарламаларына қарай бiлiм беру ұйымдарының мынадай үлгiлерi болуы мүмкiн: 1) мектепке дейiнгi ұйымдар; 2) жалпы бiлiм беру ұйымдары (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта); 3) техникалық және кәсiптiк бiлiм беру; 4) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру; 5) жоғары бiлiм беру; 6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру; 7) мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары; 8) арнайы бiлiм беру ұйымдары; 9) жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары; 10) балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары; 11) ересектерге арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары. Бiлiм беру ұйымдары түрлерiнiң номенклатурасын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
5. Медициналық бiлiм беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы бар болған кезде ғана жұмыс iстеуi мүмкiн. Клиникалық базалар туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
|