КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Бiлiм беру ұйымдарын басқару1. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымы қызметiнiң үлгiлiк ережелерi мен бiлiм беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерiмен жүзеге асырылады. 2. Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады. 3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. 4. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 5. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшысы үш жылда бiр рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өтедi. 6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының (медициналық және фармацевтiк бiлiм беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша бас бухгалтердi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. 7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының басшыларына өздерiнiң лауазымдарын бiлiм беру ұйымдары iшiндегi немесе одан тыс жерлердегi басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады. 8. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары басшыларының лауазымдық мiндеттерiн қоса атқаруға болмайды. 9. Бiлiм беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. 10. Осы бап қадағалау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бiлiм беру ұйымдарына «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ережелерге қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
|