![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес бiлiм беру ұйымдарын және бiлiм алу нысандарын таңдауға құқығы бар. 2. Бiлiм алатын адамдар бiлiм алушылар немесе тәрбиеленушiлер болып табылады. 3. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң: 1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес сапалы бiлiм алуға; 2) бiлiм беру ұйымы кеңесiнiң шешiмi бойынша жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқуға; 3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға; 4) өзiнiң бейiмдiлiгi мен қажеттерiне қарай қосымша бiлiм беру қызметтерiн, бiлiмдердi ақылы негiзде алуға; 5) бiлiм беру ұйымдарын басқаруға қатысуға; 6) қайта қабылдануға және бiр оқу орнынан басқасына, бiр мамандықтан басқасына, ақылы негiзден мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бiр нысанынан басқасына ауысуға; 7) бiлiм беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiлуге; 8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлiк сыныптарын және кiтапхананы тегiн пайдалануға; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға; 10) өзiнiң пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге; 11) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне; 12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар. 4. Меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң: 1) жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жол жүруге; 2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзiмiн кейiнге қалдыруға құқығы бар. 5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды бiлiм алушыға академиялық демалыс берiлуi мүмкiн. 6. Азаматтар бiтiрген бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандарын қарамастан, келесi деңгейдегi бiлiм беру ұйымына түсу кезiнде бiрдей құқықтарға ие болады. 6-1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган «Назарбаев Зияткерлiк мектептерiн» және халықаралық мектептердi бiтiргеннен кейiн бiлiм туралы құжат алған адамдарға бiлiм беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерi туралы сертификаттар бередi. Сертификаттардың балдары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн шәкiл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгiленедi. 6-2. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары (ерекше үлгiдегi аттестат және "Алтын белгi" белгiсiн алуға үмiткер түлектердi қоспағанда) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган қорытынды бағаларды сертификаттар баллына ауыстыру негiзiнде берген ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижелерi туралы сертификаттар алады. Бiлiм алушының жылдық бағаларын сертификаттар баллына ауыстыруға арналған шәкiлдi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 7. Бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысаны бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушы (кәсiптiк лицейлердiң оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына мемлекеттiк стипендия төленуi мүмкiн. Мемлекеттiк стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 8. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 9. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етедi. 10. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқу процесiнен алаңдатуға жол берiлмейдi. 11. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушы және (немесе) тәрбиеленушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады. 12. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңiлдiктер берiледi. 13. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiлiм алушылардың қысқы және жазғы каникул кезiнде қалааралық темiржол және автомобиль (таксиден басқа) көлiгiнде жеңiлдiкпен жол жүруге құқығы бар. 14. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiмдi, шеберлiктi, практикалық дағдылар мен бiлiктiлiктi меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға, бiлiм беру ұйымының жарғысында және бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi. 15. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер өздерiнiң денсаулығы үшiн қам жеуге, рухани және тән саулығын өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға мiндеттi. 15-1. Бiлiм алушылар бiлiм беру ұйымдарында белгiленген киiм үлгiсiн сақтауға мiндеттi. 16. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер педагог қызметкердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн, өздерi бiлiм алатын оқу орнының дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi. 17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтiк, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бiтiргенннен кейiн тиiсiнше мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттiк медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттiк ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi. 17-1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына және мемлекеттiк медицина ұйымдарына жұмысқа бiрiншi кезекте бөлiну құқығына мыналар ие: 18. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн бұзғаны үшiн оларға бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiбiнiң ережелерiмен және жарғысымен көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары не бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкiн.
|