КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк қаржыландыру1. Мемлекет бiлiм берудiң басымдығын ескере отырып оған бюджеттiк қаражаттардың бөлiнуiн қамтамасыз етедi. 2. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру деңгейлерi бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарымен белгiленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негiзiнде бюджеттiк қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн бюджеттiк қаражаттар есебiнен қаржыландыру мекемелердiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етедi. 4. Мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Бiлiктi жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы: 1) мамандарды даярлау бағыттарын; 2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемiн (орындар, гранттар санын); 3) бiр маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс. РҚАО-ның ескертпесi! 6. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс. 7. Бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 8. Жоғары бiлiм берудi қаржыландыруға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бiлiм беру гранттары түрiнде мамандыққа, оқу орнының түрi мен мәртебесiне қарай саралана отырып орналастырылады.
|