КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Бiлiм беру ұйымдарының ақылы негiзде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы⇐ ПредыдущаяСтр 18 из 18 1. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге бiлiм беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебiнен көрсететiн бiлiм беру қызметтерi тегiн ұсынылады. 2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне: 3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызмет көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негiзде мынадай: 1) қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (балалар және жасөспiрiмдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейiмдiлiктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру) iске асыру; 2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлiнген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша жекелеген бiлiм алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру; 3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша бiлiм алушылармен ғылым негiздерiн тереңдетiп оқып үйренудi ұйымдастыру; 4) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлi: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдiстемелiк әдебиеттi әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу; 5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерiн ұсыну; 6) жазғы демалысты ұйымдастыру, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, бiлiм беру ұйымында өткiзiлетiн түрлi iс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету; 7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретiн жылу энергиясын жiберу; 8) кәсiптiк бiлiм берудi ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетушi еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру); 9) оқу-өндiрiстiк шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн өндiру мен өткiзудi ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) беруге құқылы. 4. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ақылы негiзде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлуге жатады. 5. Жеке меншiк бiлiм беру ұйымдары ақылы негiзде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетудi) өткiзуден, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының шеңберiнде оқытудан түскен кiрiстердi, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерiн дербес пайдаланады. 6. Ақылы негiзде қызметтер көрсететiн бiлiм беру ұйымдарының және бiлiм алушының (тәрбиеленушiнiң), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдердiң өзара қатынастары шартпен реттеледi.
|