КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы және лицензиялау туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн сақтауға бағытталған және оны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 2. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау объектiлерi: 1) бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi; 2) бiлiм алушылардың тиiстi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады. 3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi: 1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау; 2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 3) Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасының және бiлiм беру қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылау болып табылады. 4. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi. 1) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн; 2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бiтiру жылынан кешiктiрiлмей; 3) мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi. 4-1. Мемлекеттiк аттестатталуға жататын бiлiм беру ұйымдары өзiн-өзi бағалауды жүргiзедi және өзiн-өзi бағалау материалдарын бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк органдарына табыс етедi. 5. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 6. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 7. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы және лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 9. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен. 10. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен. 11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерiледi. 12. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен. 13. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен. 14. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен. 15. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен. 16. Алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
|