КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады. 2. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiне жалақыны есептеу ережесiн еңбек саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 3. Бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың педагог қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 4. Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылдық жерде жұмыс iстегенi үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, дәптердi, жазу жұмыстарын тексергенi үшiн, оқу кабинеттерiне меңгерушiлiк еткенi, пәндердi тереңдетiп оқытқаны үшiн, эксперимент режимiнде жұмыс iстегенi үшiн, мүмкiндiгi шектеулi балалармен жұмыс iстегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргiзiледi. 5. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициенттi ескере отырып айқындалады. 6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне тиiстi дипломы бар болған кезде негiзгi жұмыс орны бойынша: 7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесiн тiкелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшiн аптасына нормативтiк оқу жүктемесi: 1) 18 сағат: 2) 24 сағат: 3) 30 сағат интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерiнiң, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешiлерi үшiн; 4) 25 сағат арнайы бiлiм беру ұйымдары және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының тәрбиелеушiлерi үшiн белгiленедi. 8. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын айқындау кезiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негiзге ала отырып есептеледi: 1) студенттер мен оқытушылар (бiр оқытушыға шаққандағы студенттердiң орташа саны) тиiсiнше: 2) магистранттар және оқытушылар - 4:1; 3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.
|