![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру1. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесi жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудың негiзi болып табылады. 3. Бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары бiлiм беру процесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталған. 4. Оқу-тәрбие процесi бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, педагог қызметкерлердiң адамгершiлiк қадiр-қасиетiн өзара құрметтеу негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Азаматтарды күндiзгi бөлiмдерiнде оқыту уақыты мерзiмдi әскери қызметтi өткеруге теңестiрiлетiн бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм беру қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн олардың мемлекеттiк басқару органдары айқындайды. 6. Әскерге шақырылуға дейiнгi және шақырылу жасындағы бiлiм алушылардың негiзгi орта бiлiм беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы орта бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында (арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан басқа), ал жоғары бiлiм беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әскери кафедраларда жүзеге асырылады. 7. Бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеруiн бақылау мақсатында бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылауды және бiлiм алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады. 8. Негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру бiлiм алушыларды мiндеттi қорытынды аттестаттаумен аяқталады. 9. Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай тестiлеу нысанында немесе мемлекеттiк бiтiру емтиханы нысанында жүзеге асырылады. 10. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларын қорытынды аттестаттау: 1) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды; 2) кәсiптiк даярлығының деңгейiн бағалауды және бiлiктiлiктi берудi қамтиды. 11. Бiлiм беру ұйымдары кәмелетке толмаған бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң ата-аналарына және өзге де заңды өкiлдерiне оқу-тәрбие процесiнiң барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ бiлiм алушылардың үлгерiмiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
|