Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiм беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар




1. Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережесiмен белгiленедi.

1-1. Ерекше мәртебесi бар бiлiм беру ұйымдарына қабылдау тәртiбiн олардың өздерi дербес айқындайды.

2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi үлгiлiк қабылдау ережелерiнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен қабылдау ережесiмен белгiленедi.

2-1. "Өркен" гранты берiлген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары жүзеге асырады.

3. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары бiлiм алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк беруге және неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.

3-1. Дербес бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеу рәсiмiн қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес оқытудың күндiзгi нысаны бойынша жетекшi шетелдiк жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi алу үшiн Қазақстан Республикасы азаматының конкурстық негiзде "Болашақ" халықаралық стипендиясын алу құқығы бар. P080573, V095684
"Болашақ" халықаралық стипендиясы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады.

5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде:

1) "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған адамдардың

2) дербес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы құжаттары бар адамдардың

3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттiк, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.
Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдардың, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың және үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

5-1. Бiлiм беру грантын иеленушi оны жоғары оқу орнына қабылдағанға дейiн одан бас тартқан жағдайда, бiлiм беру грантын беру туралы куәлiктiң күшi жойылады, ал бiлiм беру гранты белгiленген тәртiппен берiледi.

6. Техникалық және кәсiптiк бiлiм алу үшiн жоғары техникалық мектептерге оқуға қабылдау бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.

7. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алу үшiн жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.

8. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде:

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшiн;

2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар үшiн;

3) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшiн;

5) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшiн квота көзделедi.

9. Арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететiн мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тiзбесi және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткiзу тәртiбi үлгiлiк қабылдау ережелерiмен белгiленедi.

10. Рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта бiлiмi бар адамдар арасынан құрылтайшы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеу талап етiлетiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауiпсiздiк органдарының рұқсаты бар бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

12. Бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбiн осы Заңмен және қабылдаудың тиiстi үлгiлiк ережелерiмен реттелмеген бөлiгiнде бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттiк басқару органы) белгiлейдi.

13. Оқуға түскен адамдармен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары үлгi нысанын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн шарт жасасады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 61; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты