Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ой қызметтері




Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін орындайды. Бұл нақты қасиеттер (операция) өзара байланысқан, бірі-біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілері: талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, дерексідендіру (абстракция), нақтылау және қорытындылау.

Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау әрқаңдай затты практикалық қажеттіке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы, балаларды қандайда өсімдікпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Талдау пракатикалық (ойлау - сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой операцияларына ұштаспаса онда ол қате, механистік сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі: бала ойыншығын тез бүзуға ғана шебер, оны құрастыру, бөлшектерін салыстырып, қандайда қорытынды шығару сәбидің ойына да келмейді.

Біріктіру - бұл әрқилы болшектер, қасиеттер мен әрекетқимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыс тар күрделі, бүтін құбылыс қа қатысы бар бөлшек, элементгер тобы ретінде қарастырылады. Әрдайым біріктіру бөліктердің қарадүрсін жиынтығын не қосындысын андатпайды. Мысалы, авто-көліктен жүздеген белшектерін құрастырғандағы мақсат металл үйіндісін шығару емес, пайдалы әрекетке келетін машина тұрғызу. Оттегі мен сутегін синтездей отырып жаңа сападағы зат - су алатынымыз баршаға мәлім. Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие. Бала жекелеп талдаумен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан - сөз, сезден - сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп -мазмұнын шығарады.

Талдау мен біріктіру ажыралмас бірлікте жүріп жатады. Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ие болған зат қана талдануы мүмкін. Біріктіру де талдауға негізделеді: қандай да беліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін, беліктердің езін және олардың белгілерін талдаудан танимыз. Ойлау барысында талдау мен біріктіру бірін-бірі ауыстырыып кезекпен алғы шепке шығып турады. Талдаудың не біріктірудің ойлау кезінде кебірек қажет болуы материал сипаты мен орындалатын жұмыстың шарттарына, сондай-ақ адамның ақыл-ой қабілетіне тәуелді .

Салыстыру - бұл әрқандай заттар мен құүбылыстардың не ойлардың беліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағытталған ой әрекеті. Күнделікті турмыстық салыстырулар бір затты екіншіні беттестіру арқылы жеңіл-ақ орындалады. Кеңістіктегі өлшеу мен салмақты таразылау да осы салыстырудың керінісі. Салыстыру түрлері келесідей: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша, толық болмаған); 2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт және терендей; 4) тікелей және жанама. Салыстыру белгілі бір байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс-тур, салмақ, ұзындық немесе уақыт). Іс-әрекетті терең әрі дәл тану үшін аса қажет ойлау қасиеті бұл ұқсас әр-түрлі заттардың айырмашылығық езара белек заттардың ортақ ұқсас, тараптарын сезіне білу.

Дерексіздендіру (абстракция) - бұл зерттеліп жатқан нысаннын қандайда бір белгісін беліп алып, қалғандарын елемеу. Мысалы, біз көзге жағымды әсер еткен жасыл түсті ғана назарға ала отырып, ол түстес заттардың өзіне мән береміз. Бұл процестегі нысаннан бөліп қаралған тур-түс белгілі заттың басқа қасиеттерінен оқшау қарастырылып, ойлаудың дербес элементіне айналады. Дерексіздену, яғни нәтижесінде жүзеге келеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 297; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты