Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ерік жөнінде түсінік




Адам өзінің не істеп, не білетіне, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға, баска адамдар мен олардың іс-әрекеттеріне деген қарым-катынасын, өзінің ісіне, жұмысына деген көзқарасын ойлап уайымдауы эмоциялар деп аталады. Жүргізушінің іс-әрекетіне эмоциялык күй үлкен эсер етеді және кен жағдайда оның іс-қимылдарының дұрыстығы мен анықтығын анықтайды.

Жүргізушініц үнемі үздікеп өзгеріп отыратын жол жағдайын бағалау қажеттілігі және уақыт тапшылығында шешім қабылдауы эмоциялық козуды тудыратын негізгі факторлар болып табылады. Жургізушінің іс-әрекет үрдісінде эмоциялық қозудын деңгейі жол жағдайының сипатынан және қозғалыс шарттарынан үнемі өзгеріп отырады.

Профессор П.К. Анохиннің теориясы бойынша эмоциялар адам қажеттіліктерін қанағаттандыру рефлекторлык аппараты болып табылады. Егер емір шарттарының немесе іс-әрекеттердің өзгеруінен қажеттіліктер канағаттандырылса, жагымды эмоциялар пайда болады, ал қажеттшіктердін канағат тандырылмауы-кері эмоциялар туғызады.

Эмоциялар жоғары және төменгі болып бөлінеді. Төменгі эмоцияларды жануарлардан байқауға болады. Олардың негізінде туа біткен өмірлік инстинктілер жатыр, атап айтқанда, өзін-өзі қорғау, сақтау, жыныстық, көректену инстинктілері. Олардыц капаландырылуы жағымды эмоциялар туғызса, қанағаттандырылмауы жағымсыз эмоциялар туғызады. Олар ағзаның өмір сүру ортасымен карым-қатынасын зерттейді, ал олардың физиологиялық механизм шартсыз рефлекстер болып табылады.

Жоғары эмоциялар адамдардын бір-біріпе деген қарым-катынасын, аламның өз іс-әрекетіне және коршаған әулеметтік ортаға карым-катынасын көре етеді. Оларға патриоттық және эстетикалық сезімдер, өз жұмысына деген канағаттану немесе қанағаттанбау, міндеттілік, қауымшылдық сезімдер жатады. Тап осы жоғары эмоциялар көп ретте жүргізушініц іс әрекетінде үнемі пайда болатын адамның қысылтаяң және апаттық жағдайларындағы қимылын анықтайды.

Эмоциялар күшіне және ұзақтығына қарай көңіл-күй және аффект деп бөлінеді. Көңіл-күй үзақ уақыт болатың эмоциялар. Олар жағымды немесе жакымсьн болып, осыған сай адамның жұмыс істеу кабілетіне және мінез-күлқына әсер етеді.

Аффектілер қысқа қүйып тәріздес үйыткып өтетін эмоциялар. Бұл кезде адам өзін-өзі бакылай алмай, тіпті қылмыс жасауға баруы мүмкін. Күшті эмоциялардыц әсерінен адамдар кейде «стресс» деп аталатын жакдайға үшырауы мүмкін. Ол күрделі жол жагдайында жүрпзушілерде пайда болуы мүмкіп.

Стресс (титықтау) факторларының адамка әсер ету дәрежесі олардың үзақтығы мен оның үздіксіздігіне байланысты.

Жүйкеге артык күш түсу әсерінен егер эмоциялар тез өтіп үзаққа созылмайтын болса, кейде ағзаға әсері онша білшбей бузылыс болмайды. Ал әсер тіпті аздаған эмоциялык күш ұзақ мерзімге созылып кетсе жүйке мен психика бұзылуы мүмкін. Бүл үрдіс депрессия деп аталады. Депрессия жүмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, адамның мінез-құлқының дезорганизациясында байкалатын ағзаның психофизиологиялық мүмкіншіліктерінің тозуына әкеледі.

Жүргізшілерде осындай ұзақ әсер ететін үзіліссіз эмоциялық күштер кеп әсер ететіндіктен басқа кәсіптермен салыстырғанда оларда жүйке және жүрек-қан тамыр аурулары жиі кездеседі.

Осындай жүйке-психикалық зақымданулардың (жарақаттардың) алдын-алу үшін бүкіл жол қозғалысын үйымдастыру жүйесі, жүргізушілерде жағымсыз эмоциялар мүмкіндігінше аз болатындай етіп үйымдастырылуы керек. Бул жол белгілерінің анық айқындығы, олардың жақсы көрінуі, кажетті шектен (максимумнан) аспайтын саны жатады. Жол бөлігін таңбалау жүргізушінің жүмысын қиындатпай жеңілдетуі керек. Жол бойында жүргізушінің көңілін аулайтындай плакаттар және жолдаулар болмауы тиісті. Жүргізушілердің өзара, жаяу жүргіншілермен, полиция қызметкерлерімен карым-катынастары биязылык сипатта болулары керек.

Эмоциялык түрақтылықты қалыптастыруға болады, бірақ ол үшін ерік күші қажет. Ерік - бүл адамның мақсаты жұмыс орыңдау барысында кезіккен сырткы және ішкі кедергілерді женумеп байланысты, өз қылық әрекеттерін қолдап реттей білу қасиеті.

Oн қатерлі жағдайларда өзін-өзі ұстауы, мақсатқа жету жолындағы пайда болган қиындықтарды жеңе алуы, өзінің көңілің мақсатына, міндет-талабына бағындыра алуы, сенімсіздік сезімін, күмандану және қорқыныш сезімдерін баса білуінен байқалады. Үнемі катерлі апаттық жағдайлар туып отыратын жүргізушінің іс-әрекетінде оның ерік-жігер, күшіне жоғары талаптар қойылады. Ерік-жігер күші белгілі бір түрткілерден (мотив) шығатын іс-әрекеттерден байқалады және ол саналы түрде койылған мақсаттарға жетуге бағытталған.

Сеп-түрткі (мотив) -адам алдына койған белгілі бір максатқа неге жеткісі келеді деген сұраққа жауап. Алға қойылған мақсатқа әр түрлі жолмен жетуге болады.' (Сондықтан сеп-түрткілер арасында талас туады) Әрқилы қажеттіліктер маңызының өзгеріске келуінен адамда сеп-түрткілер күресі басталады. Сеп түрткілер таласы жағдайында адам үлкен толғаныска келіп, өз санасы мен сезімінің қара басы мен коғам мүдделері арасындағы карама-карсылыктарды жеңе алмай, өз «қалауы» мен сырттан койылған міндет талауына түседі. Сеп-түрткілердің қорытынды сатысы шешім қабылдау. Шешім қабылдай отырып, адам бүдан былайғы әрекеттердің бәрі оның өзіне тәуелді екенін сезеді.

Ерік - адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарынына тоқтам беру қасиеті.

Адам еркі көптеген қасиёттермен ерекшеленеді. Олардың ішінде аса маңыздылары: тәртіптілік, өзін-өзі ұстауы, шешім қабылдағыштық және-табандылық.

Тәртіптілік дегеніміз - өз іс-әрекеттерін когамдық міндет талаптарына бағындыру, өзінің қызмет міндеттерін дұрыс орындау. Жүргізушілердің тәртіптілігі, ең алдымен, оның жол ережелерін қатаң сақтаумнан, техникалық нормалар мен автомобильді пайдалану ережелерін сақтауынан, және де жол қозғалысының басқа қатысушыларына сыйластығынан, мінез-қүлық мәдени етінен, киім кигісінен байқалады.

Тәртіпсіздік деп жүргізуші білетін ережелер мен шектеулерді саналы түрде бұзуын айтады. Мысалы, автомобильді дені сау емес жағдайда немесе алкоголь ішімдігін пайдаланған кейін басқару, сапарға техникалық жағдайы дұрыс емес автомобильмен шығу, бағдаршамнын. қызыл түсіне жүріп өту, ұсынылған жылдамдықты асыру ж.т.б.

Қандай да іс-әрекеттің қажеттігін білумен, адам соған орай керекті шешім қабылдайды, бірақ оны орындау кейде ешбір қимыл жасай алмайды. Мұны орынды турткілердің (мотивы) кемдігімен ғана түсіндіріп болмайды. Кейде адам тіпті өз өмірі үшін қажетті болған жұмыстарды да аяқсыз қалдырады.

Теңдей білік пен білімге, ортақ көзқарас пен сенімге бола тура, адамдар өз алдарыңда турған міндеттерді бірі сылбыр, бірі шапшаң, әртүрлі қарқынмен орындайды немесе кей адам іске байланысты қандай да қиыншылық кездесе қалса, жұмысын қоя салады, ал екіншісі Мұндай кезде қуатына қуат қосып, өршелене әрекетке кіріседі. Адамдағы бұл құбылыс тардың бәрін психология ерік көрінісімен байланыстырады.

Ерік - бұл адамның мақсаттыжұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңумен байланысты ез қылық әреккеттерін қолдаяп, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсеңділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің (саморегуляция) көзі болумен тугелдей сана басқарымында болады. Адамның әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізіңде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.

Ерік, яғни ырықты әрекеттер - ырықсыз қимыл қозғалыстар негізінде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көз қарашығының тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, тушкіру ж.т.б. құсаған рефлексті әрекеттер. Ыстықтан қолды тартып алу, шу шыққан тарапқа бас бүру ж.т.б. сияқты қозгалыстар да осы топтан. Біздің сезімдік, кеңіл-күй таныту әрекеттеріміз де ырықсыз сипатқа ие, мысалы, таңдана, қасымызды кереміз не аузымыз ашылып қалады; қуана, күле шырай білдіріп, ашуда қабағымызды түкситіп, тісімізді қайраймыз т.с.с.

Сонымен бірге, әрекетіміздің жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген импульстік қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар тобына кіреді, мысалы, сырттағы шуға мойын бүру, да затқа бір көргеннен әуестену ж.т.б. Еріктік қылықтың ерекшелігі оның "мен қалаймын емес, «мен міндетімнің толганысының жетегінде болуы. Дегенмен, кейде адам өзінің еріктік бағдары мен тума (импульс) қылықтарын біріктіре алады, мысалы, "Мен өз борышымды орындауды қалаймын" — "борыш" - еріктік, "қалаймын" импульстік. Осыдан, біздің барша өміріміз ұдайы еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасына турады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп, ниеттелген мақсатқа жетуге бағдарланады. Еріктік қылықтың басты көрсеткіші де осы нақ мақсатқа бағытталған саналы әрекет. Бірақ әрқандай ниет өзінің құрылымдық күрделілігінен көздеген мезетте іске аса бермейді, осыдан еріктік әрекетөз ішіне жеке бірліктер ретінде көп қайталанудан бастапқы саналық сипатын жойып, автоматтасқан қимыл-қозғалыстарды

Кейбір еріктік әрекеттер күрделі сипатта болуынан, оның орындалуы ұзақ мерзімге созылуы мүмкін, мысалы, тау шыңын ерттеп мінем деген альпинист, көрмеге дайындалған оқушы ж.т.с. өз ойларын ақтауы үшін талай жұмыстарға мандай терін төге, ерік күшін сарп етуі керек.

Психиологиялық қорғаныс механизмдерін пайдаланып, кейбір ұнамсыз қылықтар төркінін басқаларға шірмеу мақсатымен адам өзінің ішкі кедергілерін сырт, объектив етіп көрсетуге тырысады. Мысалы, сабаққа кешіккенін оқушы үйқысырап қалғаны (субъектив кедергі) мен жауапкерсіздіктен емес, мыңсан жалған объектив кедергілермен байланыстыра салуы мүмкін: эжем ауырып қалды, дәрігер шақырдым; автобус уақытында келмей қалды, асығудан жығылып, үстімді бұлдіріп, үйге барып, қайта киіндім т.с.с. Әрқандай ниетгелген мақсаттың орынідалуында түрлі объектив сипатқа ие сыртқы кедергілер кездеседі. Бірақ кедергіні жеңуге бағытталған көрінген еріктік бола бермейді. Мысалы, иттен қорқа қашкан кейін өзі таң қалғандай, былайғы күнде қолынан келмесм әрекеттерді жасайды: биік дуалдан секіріп өткен, жалаң аяқ жантақты жерден жүгірген, сулы кең арықтан секіріп өткен т.с.с.

Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жену сол мақсаттың мән-мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыптауына тәуелді. Мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды. Кей жағдайларда мақсаттың өмірден қадірлі болуынан, адам ол үшін жан пидадыққа барады. Аяулы ару батырларымыз Мәншүк пен Әлияны ескеі түсіріңіз.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 315; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты