Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сезім жөнінде түсінік




 

Қоршаған ортада кезіккеңдердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім турі сан-аулан. Төніректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз ж.т.е. Өмір жағдайлары мен турмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: екініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену -Мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және, құбылыс тарымен жасауынан туындаған арқылы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін кіректі де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір өшкен өмір. Ұлы ғұлама А.Науаи "Сезімсіз адам кесек, махаббатсыз адам — есек" - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қаңдай да себептермен болмай калса, адам "эмоциялық ашырқауға" келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, өсерлі фильмдер көріп не қымқиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХУШ-ХІХ ғасырларда бұл сүрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен нителлектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыс тардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезімелестер арасындағы байланыстарға сай қарамақайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекетқылыққа себепші болады.

Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, оның тужырымдары эклектикті, яғни әр-түрлі психолгиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.

Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан басталады У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүректолғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туыңдайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. "Біздің қайғыруымыз жылағанымыздан қоркуымыз қалтырауымыздан;

Қуанғанымыз күлгенімізден" (У.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыл эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі. беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады

Джемс-Ланге тужырымы бірқанша қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У.Кеннон: әр-түрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұ_қсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай кем, бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын издейді ал болғар - шайқайды; африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді, ал қазаққа бүйтіп көр. Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекетгері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай "молдамыз" шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай күліп жіберетініміз осыдан.

Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұңдай түсінік Ч Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әректтердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардын кейбірі өткен эволюциялық дамудын бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы (рудимент). Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіп қатер төнгенде ағаш бүтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияның Э.Клапаред жалғастырды. Ол "қандай да бір сезімнің туындауы - адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан (адаптация). Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді" - деп жазады. Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғаттын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л.Фестингердің сана үйлеісіздігі (когнитивный диссонанс) теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі пхологиялық қарсы екі пайым ортасында тандау өте алмай, күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы "білімдер"үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттіңнақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сөйкес келес, адамда жағымды сезім туады. Ақыл-ой үйлемсімсіздігінен құтылудың екі жолы бар: 1) өз ниетіңді шындыққа сэйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттіңжаңа жолдарын іздестіру. Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты