КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ерік теорияларыЕріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбыныс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылыс ын бүгінгі біздің түсінігіміздей, танып білмеген \/ (Г.Л.Тульчинский). Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мүратын ұғымын қолданған. Адамнын қылық-әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидалары. бағынады деп түсінген. Осыдан, Аристотельдің. пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан туындайды. Ал өзінің "Никомахов этикасы" еңбегінде: "дәмдінің бәрін жеу керек" және "бұл алма дәмді" деген пікірлер санада "Бұл алманы жеу керек" деген қорытынды пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді" - деп жазған. Ерік табиғатына болған Мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш.Н.Чхарташвили мақсат пен саналы тану (осознание) интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзііідік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір "ерік" терминін еңдірудің қажеті жоқ екенін дөлелдеуге тырысады. Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис жыншайтан қуу үрдісінен аңдауға болады, Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бас-тама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын үяң ретінде бағаланған.Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер туріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Осы күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге дейін) танудан адамның "шын" қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады-мыс. Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол заманда қалыптаскан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыруға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы-қанішер ж.т.б. Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возвраждение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқұларын мойындаудан болар. Осыдан адам шыгармашылыққа қабілетті, "тіпті кателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық кісілік кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы. Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) нәтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М.Хайдегтер, К. Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю ж.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі-қоғамдық байланыстар мен қатынастардан әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағанасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі — "пайдасыз құмарлық". Мұңдай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол, адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдык мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтьш, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті. Ерік бостандыгын асыра мадақтаудан экзистенциалистср адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездойсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-ақ түсірді. Қылық иесі адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті турде қаңдай да басқа,ұнаған кұндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әрекеті екінші бір қырсырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін араққорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктің шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қо-ғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да үйымдасу негізіис ие өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тутатын қырлары мен ғұрыптары баршылық. Осыған байланысты түсініктеме берген И.П.Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді женуде көрінетін әрекетшеңдік -"еркіндік инстинкті (рефлексі) деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мэңділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И.П.Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ қедергіден өте алмай, өлімге душар болар едГ Ал адам үшін Мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік Г.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталаңдырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады. З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат (энергия)" деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формата келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тужырымдамен, Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» "мәдениеттестірілтен" алғашқы көрінісі (әрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін түсіндіріп бақты. З.Фрейд болжамдары оның шәкірттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лорец ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш (агрессив) болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер турінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырықка келмейтін қарақшылық әрекеттермен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.Г.Юнг үшін бұл әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілікк пен әлеуметтік билікке талпыныс; ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі. Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің З.Фрейд және шәкірттері қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін адам әрекеттерінің көзі қажеттіктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзінің биологиялық болмысы, ягни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық ж.т.6., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді. Ерік бостандығы - табиғат пен .қоғамның жалпыдан заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып,өз әрекетін соларға сай реттеле білуі.
|