КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Зендердің мұздан арылу моделі негізі бойынша қысқа мерзімді болжамдарыӨзеннің нақты бір телімі үшін мұз беріктілігінің өзен сулылығы сипаттамаларының аумалы күйлері қатынасы жылдан-жылға белгілі бір заңдылықпен өзгереді.Ашылу мезетінде беріктілігі жоғары мұзды бұзуға сүйретпе күші жоғары ағын керек.Әдетте бұл заңдылық бақылау деректері бойынша тұрғызылған тәуелділік графиктерімен сипатталады.Оның үстіне басым жағдайларда аргумент ретінде өзен сулылығының нақты телім үшін аса тән 1 көрсеткішін ескеру жеткілікті.Жалпы жағ/да өзеннің қатты ирелең телімдері үшін ΔH тән болса,түзу сызықты телімдер үшін H-тән.С.НБулатовтың зерттеулеріне сай өзендегі мұз жамылғысының жарылу басын анықтаушы теңсіздігін төмендегі түрде келтіруге болады 𝝋мhм⩽а+в(d/100+c)2 28.Жаңбыр ағындысының ысырапталуын анықтау Судың ысырап болуы жерге сіңуге (сүзілуге), беттік ұсталынуға жəне булануға жұмсалатын бөліктерден тұрады. Жаңбырдың жаууы жəне нөсер жаңбырдың ағуы кезіндегі судың ысырап болу мөлшері көп емес, сондықтан оларды əдетте ескермейді. Судың ысырап болуын есептеуде егер ағынды коэффициенті қабылданса, онда ол жауын-шашынның үлесі түрінде немесе тасқын кезеңіндегі ысырап Р түрінде өлшенеді. Теориялық жағынан екінші тəсілге жоғары мəн беріледі, ал практикалық есептеулерде біріншісі ыңғайлы. Бірінші тəсілде судың ысырап болуы ысырап болу коэффициенті түрінде анықталады, яғни (1-η), η - қандай да мезгілдік сипаттама ретінде қабылданады. Ысырап болудың мұндай анықтамасы жоғары жуықтыұпен қабылданады, себебі мұнда топырақтың күйі, температуралық жағдайы т.б. ескерілмейді. Ысырап болуды есептеу құрылымын толық қабылдау қиын, себебі ол кез келген жауын-шашын ағынды береді деп білдіреді. Бұл дұрыс түсінік емес. Мұндай жағдай ағындының қалыптасуы жекелеген грунт сулары жоғары жатқан жерлерден жүретін жəне ағындының қалыптасуына барлық η барлық жауын-шашын мөлшері жұмсалатын ылғалдануы артық зонада орын алады. Əртүрлі теориялық жолдар негізінде судың сүзілуінің бірқатар математикалық модельдері жасалған. Оның ішінде көп тарағандарын келтіреміз. 1. Г.А. Алексеев, А.Н. Бефани, Филипп жəне т.б. ұсынған уақыттың екімүшелік дəрежелік функция 29.Солтүстік және орталық қазақстан өзендерінің көктемгі ағындысыне болжам жасау әдістемелерінің ерекшеліктері Солт.Қаз/н территориясында ағындының қалыптасу жағдайлары ТМД-ның ЕБ-нің осы зонада орналасқан өзендер ағындысы жағдайларына қарағанда өзгеше болып келеді. Қарасытырп отырған облыс шұғыл континентальді климатпен ылғал тапшылығымен ерекшеленеді. Мұнда жылдық ағынды шамасы төмен және оның 80-90пайызы көктемгі су тасу кезінде өтеді. Жаңбырдан пайда болатын ағынды өте аз мөлшерде бірақ күздік топырақтың ылғалдануы әр жылда үлкен шектерде (5-10нан 70-80м-ге дейін ) өзгеріп отырады. Топырақтың қату тереңдігі мұнда жоғары болып келеді. Сондықтан қардың еруі кезінде топырақтың суды сіңіруі толықтай оны ылғалдану дәрежесімен анықталады. Топырағы гумусы аз және сарғыт болып келеді. Жеткілікті жоғары ылғалдылық жағдайында мұндай топырақ су өткізбейтін қабатқа айналады. Ылғалдану төмен болғанда мұндай топырақ еріген қар су жоғарғы тереңдіктерге өткізеді.
|